Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет108/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 
екі езуі екі құлағында. 
Әңгімені соғып отыр (І. Жансүгіров).
 
Шыдай алмай, жүгіріп сырғанаққа бардым –
 
міне қызық, шана 
теуіп жүрген –
 
Аян екен. Ай жарығында анық көрінді: жүзі жайнаң 
қағып,
 
екі иінінен алқына дем алады 
(С. Мұратбеков). Ол көзі 
жасаурап, ақсақ аяғын сүйреткен күйде 
екі иіні салбырап
 
кете барды 
(С. Мұртабеков).
 

 
Шеге! –
 
деп, мәз
-
мейрам
 
екі беті балбырап
 
жанып 
үйге
 
Хансұлу 
кірді. Көңілді. Әрине оқыған жігіт қолтығынан ұстағасын көңілден
-
бей қайтсін (С. Елубаев).
Адам эмоциясын білдіруде басқа сан есімдермен салыстырғанда 
бір 
және 
екі 
сандары ұйытқы болған фразеологизмдердің сан жағынан 
көптігін байқауға болады. Олардың көпшілігі адамның жағымсыз 
эмоциясын бейнелейді. Мысалы, 
Екі көзі атыздай болды –
 
таң қалу, қорқу, үрейлену, шошу.
 
Екі көзі шарасынан шықты –
 
таң қалу, қорқу, үрейлену, шошу.
Екі иіні салбырау

көңіл күйдің түскен кезін бейнелеу. 
Екі иығын жұлып жеу

долдану, қатты ашулану, ызалану.
Екі аяғын бір етікке тығу

жанын қинап жіберу, қатты ұрысу.
Екі қолын мұрнына тығып қалу

алданып, шарасыз күйде қалу.


136 
Бір
және 
екі 
сан есімдерінен басқа сан есімдер ұйытқы болған адам 
эмоциясын бейнелейтін фразеологизмдер:
Үш ұйықтаса түсіне кірмеу

таң қалу. 
Жерден жеті қоян тапқандай –
 
қатты
 
қуанышты бейнелеу
Қырық пышақ болды

араздасу, ұрсысу.
Алпыс екі тамыры босау/ию

қатты толқу, елжіреу.
Қорыта келгенде, сан есімдер де басқа сөз таптары сияқты адам
-
ның түрлі эмоциясын білдіруде өзіндік қызмет атқара алады. Сан 
есімдердің айтылатын ойға түрлі эмоционалды мағына экспрессивті 
реңк беруіне түрлі тілдік тәсілдер мен формалар ықпал етеді. Олар 
эмоцияның жағымды да, жағымсыз да түрін білдіру, бейнелеу қасиет
-
теріне ие. Сан есімдердің қатысуымен адамның ішкі сезімі ғана 
білдіріліп қоймайды, сондай
-
ақ түрлі эмоциялық күйінің бейнесі де 
беріледі.
Сан есімнің түрлі семантикалық прагматикалық мақсатта 
жұмсалуы үшін басқа сөз таптарының қосымшалары да пайдаланы
-
лады. Бұл құбылыс тіл заңдылығында негізгі орын алмағанымен жиі 
кездесетін жағдай. Тілдік элементтер өзінің негізгі қызметінен басқа да 
түрлі қызметтер атқарып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет