134
қысқа, көрікті мен көріксіз, шебер мен олақ, ғалым мен надан қатар
келгенде араларындағы айырмасын анық көреміз. Жайдағы қайғыдан
қуаныш үстінде көрген қайғы жанға көбірек батады. Жарлылық
қиындығы жасынан жарлы болғаннан гөрі байдан жарлы болғанға
көбірек сезіледі. Көріксіз бетіндегі дақтан көріктінің бетіндегі дақ
көзге көбірек түседі. Тәттінің артынан ащылық, дәмдінің артынан
дәмсіздік артығырақ білінеді. Сөздің әсерін күшейту үшін табиғаттың
бұл заңын сөз шығарушылар көп қолданады. Байдың аса байлығын
анық көрсету үшін елін кедей қылып көрсетеді. Батырдың халық үшін
жанын қандай бәйгеге тігетінін көрсету үшін өлдім
-
талдым дегенде
көрген шал мен кемпірдің аяулы баласы қылып, оның үстіне байлығын
да қоса көрсетеді. Алпамыс, Қобыланды, Сайын –
бәрі де байдың
жалғыз балалары», –
деп жазады [2, 167]. Айтылатын сөзді әсерлі етіп
көрсетудің бір тәсілі –
қарама
-
қарсы алшақ екі ұғымды, екі затты,
көріністі, бетпе
-
бет қойып суреттеу тәсілі.
Биыл 19 майда өмірімде
Достарыңызбен бөлісу: