Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет105/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

мыңыншы рет ақталып, 
Хансұлу жауап қатпайды... (С. Елубаев). Ол турасында жүз рет 
айттым емес пе?
 
Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімге жақын 
біраз сөздер тобы бар. Бұл сөздер сандық мағынада қолданылғанымен, 
лексика
-
грамматикалық ерекшеліктері жағынан басқа сөз таптарына 
жатады. Ол сөздердің ішіндегі бір санының мағынасын білдіретін 
жеке, дара, жалғыз,
жалқы
сөздері көбінесе айтылған ойдың эмо
-
ционалды, экспрессивті әсерін күшейту үшін қолданылады. Мысалы,
 
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен 
жалғыз 
алыстым, кінә қойма! (
Абай
). 
М. Әуезов бұл өлең жолдары туралы: «Өсер ұрпақ, келер дәурен, 
туар тарих қауымына ақын арнап кеткен мұңды, сырлы бір сәлем, наз 
сәлемі осы еді. Шөл ғасырлардың қу медиен, құла түзінен болар 
заманға, жарқын заманға қарай жалғыз аяқ жол тартқан ақын болатын. 
Сахараны басқан қара түн
-
түнекті қақ жарып, жалғыз қолда жалынды 
жалғыз шырақ ұстап, халқына бет нұсқап: «таңың белден атады, күнің 


133 
сонау жақтан шығады» деп кеткен ақын еді», –
деп жазады [75, 206
-
209]. Қазір мыңдаған, миллиондаған адамдар қадір тұтатын Абайдың 
басындағы жалғыздық өзінің күңірене отырып жазған:
Моласындай бақсының,
Жалғыз
қалдым тап шыным, –
деген өлең жолдарынан да көрінеді. 
Жалғыз 
сөзі көркем әдебиетте кейіпкердің
басындағы ауыр көңіл 
күйді суреттеу үшін де қолданылады. Яғни қолданылған сөздің 
оқушыға әсері басты назарда болады. Автор аталған тілдік бірлікті 
белгілі бір мақсат үшін қолданады да, оқушыға өзіндік ықпал етіп, 
белгілі бір реакция тудыруды көздейді. Мысалы,
Ертеңіне Аянның әжесі жерленді. Жұрт ат қойып зираттан 
қайтқанда, Аян әжесінің қабірінің басында елдің ең соңынан шошайып 
жалғыз 
қалды
(С. Мұратбеков).
С. Мұратбековтың «Жусан исі» атты повестіндегі Аян әке
-
шешесі 
жоқ, ағасы соғысқа кеткен, әжесінің қолында тәрбиеленіп жүрген бала. 
Автор әжесі қайтыс болғаннан кейінгі Аянның мола басында жалғыз 
отырған сәтін суреттегенде 
жалғыз 
сөзін қолдану арқылы оның сол 
сәттегі ауыр көңіл күйін ғана емес, жалпы өмірдегі жалғыздығын, 
жетімдігін, енді әжесі өлгеннен кейін тіпті жалғыз қалған жағдайын 
оқушыға өн бойында стилистикалық амал
-
тәсілдер бірге жүретін 
тілдік таңба арқылы беріп отыр. 
Заттың саналу ретін, орын тәртібін білдіріп, 
нешінші?
деген сұрақ
-
қа жауап беретін, стильдік бояуы әлсіз, стилистикалық тұрғыдан 
қарағанда белсенді топқа жатпайтын сан есімдердің бірі –
реттік сан 
есімдер. Бірақ реттік сан есімдердің өзі қолданысына қарай сөйлемге 
түрлі эмоциялық реңк бере алатындығын байқауға болады. Мысалы, 
Аян екеуміз бір партаға отырғанбыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет