142
Айтылғандарды қорыта келгенде, есімдік –
эмоционалдық мағына
беруде
өзіндік қызмет атқаратын сөз таптарының бірі. Қатты ашу
кезінде сұрау есімдігінің сөйленіс кезінде бірнеше рет қайталануы эмо
-
цияның күштілігін көрсететін тілдік тәсілдердің бірі болып табылады.
Сұрау есімдіктерінің ішіндегі
қандай? қалай? қайда?
деген түрлері
сөйлеу жағдаятына қарай кейде эмоцияның күштілігін, таңданысты,
тамсануды, таң қалуды, арман, тілекті білдіру үшін де қолданылады.
Есімдіктер даралау, жинақтау, аралық жақындық пен алыстықты біл
-
діру т.б. қызметтерімен қатар адамның белгілі бір құбылысқа, затқа
деген жағымды я болмаса жағымсыз эмоциясын білдіру қызметін де
атқарады. Адам эмоциясын білдіруге есімдіктердің мағыналық топта
-
рына қатысты тілдік бірліктердің барлығы қатысады. Сөйлеу тілінде
өте жиі қолданылатын сөз табы болғандықтан, есімдіктердің түрлі
жағдаятқа байланысты адамның көңіл күйін білдірушілік қызметі зор.
Достарыңызбен бөлісу: