150
Бәзікен оған суықтан аларып кеткен көзімен
бажырая
қарады
(С. Мұратбеков).
Барақ
жалтақтап
Жанайға қараған
(С. Мұртабеков).
Бұл сөйлемдердегі көсемше формалы эмотивтер:
қынжыла
-
қынжыла
сапарға аттанушының қалай аттанғандығын, яғни ішкі
дүниесіндегі күйінішін, өкініштен, сол істі қаламайтындығынан ақпа
-
рат берсе,
бажырая
эмотиві Бәзікеннің қалай қарағанын бейнелеп
қана тұрған жоқ, оның эмоциясының жағымсыз екендігін де білдіріп
тұр, ал
жалтақтап
эмотиві Барақтың Жанайға қалай қарағанын бей
-
нелеумен бірге оның сенімсіздігінен, ішкі күмәні мен қорқынышынан
да хабар беріп тұр. Яғни сөйлемдердегі көсемше тұлғалы эмотивтер
пысықтауыштық қызметте жұмсалуы арқылы айтушының әр түрлі
реңктерді білдіру қажеттілігін өтеп тұр. Көсемше формасының бұл
ерекшелігіне, сөйлемдегі қызметіне қатысты Б. Қапалбеков мынадай
пікір білдіреді: «...көсемшелердің алғашқы пысықтауыштық қызметі
айтушының әрекеттің сынын білдіру ниетінен барып қалыптасқан.
Жалаң бастауыш пен баяндауыштардан ғана тұрған сөйлемдер
кеңейіп, олардың құрамында тұрлаусыз мүшелер пайда бола бастаған.
...Қазіргі қазақ тілінде етістік басқа сөз таптарына қарағанда формаға
өте бай. Етістіксіз сөйлем құрап айту өте сирек. Етістікті сөйлеудің
(речьтің) жаны
деуге болады. Оның функциялы тұлғалары сөйлеу
тізбегінде жеке
-
жеке қолданыла алады. Олардың бірі (есімшелер)
лексика
-
грамматикалық жағынан сын есімдерге жақын болса, бірі
(көсемшелер) үстеулерге жақын болып келеді. Олардың анықтауыш
-
тық немесе пысықтауыштық қызметтерде жұмсалуы сөйлемдегі ойды
кеңейту қажеттілігінен болған құбылыстар деуге болады» [
90, 56-57].
Көсемшелердің шақтық мағынасының шешуші мағына емес екен
-
дігін
И. Маманов, А. Ысқақов, М. Оразов өз еңбектерінде атап
көрсетеді. Н. Сауранбаев көсемшелерді шаққа бөлмей үнемді, үнемсіз
және мақсатты көсемшелер деп бөледі. М. Оразов көсемшелердің шақ
-
тық мағынасына қатысты: «Жалпы көсемшелердегі шақ мағынасы
туралы айтылып жүрген пікір таласын толық шешу үшін күрделі,
арнайы зерттеуді талап етеді. Себебі
«күле сөйлеп, күңірене кетеді»
дегендегі
күле, күңіреніп
сөздерінде шақтық мағына бар дегенге еш
қазақ сенбейді»,
–
деп жазады [4, 196].
Достарыңызбен бөлісу: