154
Бұл сөйлемде әдетте жағымсыз, әрі күшті
эмоция әсерінен
жасалатын
тырнау
қимылын
төбелескен кезде Қосымның жиі жасай
-
тындығы да, сондықтан одан балалардың көпшілігінің қорқуының
дағдыға айналған құбылыс екендігі де есімшенің
-
йтын,
-
атын
қосымшалары арқылы берілген.
Мұнан әрі соғысқа баруды, фашистерді қыруды, сөйтіп әке
-
ағаларымызды тауып алуды әрқайсымыз өзімізше сөз етіп, тәтті
арманға шом
атынбыз
(С. Мұратбеков).
Бұл сөйлемнен де
тәтті арманға шому
эмоциясының балалардың
жан
-
дүниесінде жиі болатын құбылыс екендігін жеткізу есімшенің
-
атын
формасының үлесіне тиіп тұр. Қазіргі қазақ тілінің материал
-
дары негізінде жазылған оқулықтар мен ғылыми еңбектерде
-
атын,
-
етін,
-
йтын,
-
йтін
қосымшаларының
мағынасы мен грамматикалық
ерекшелігін анықтауда бірізділік жоқ. Мәселен, Т. Қордабаев бұл
қосымшаларды
-
ды,
-
ді,
-
ты,
-
ті
және
-
ған,
-
ген,
-
қан,
-
кен
қосым
-
шаларымен бір қатарға қойып, айғақты өткен шақ ретінде таниды [
91,
98]. 1954 жылы жарық көрген академиялық грамматикада бұл
қосымша есімшенің ауыспалы осы шағының қосымшасы ретінде
қарастырылса, 200
2
жылы жарық көрген «Қазақ грамматикасында»
дағдылы өткен шақ есімшенің жұрнағы ретінде қарастырылады.
Н. Оралбаеваның пікірі бұлардың бәрінен өзгешелеу. Ғалым:
«Есімшенің бұл түрі ұзаққа созылған, әдетке
айналған бүгін де, ертең
де болып тұратын қимыл
-
әрекетті заттың белгісі етіп көрсетеді. ...Бұл
қосымшалармен омоним болып келетін тілде шақтық көрсеткіштер
бар. Олардың есімшелерден шақтық көрсеткішке
айналғаны тарихи
тұрғыда рас, бірақ қазір олар есімше емес»,
–
деп жазып, аталған
қосымшалардың амал
-
әрекеттің, заттың белгісі ретіндегі қызметін
бөлек, шақтық мағына беретін қызметін бөлек қарастырып, ара
-
жігін
ашып, бөлек
-
бөлек қосымшалар ретінде қарастыруды жөн санайды
[89, 231].
И. Маманов бұл қосымшаны
дағдылы өткен шақ ретінде
қарастырады [8
7, 132-
133]. М. Оразов та осы пікірді қуаттайды. Ол
етістікке қатысты жазған еңбегінде: «
-
атын,
-
етін
қосымшасы үш
шақта бірдей қолданылады, бірақ олардың негізгі және көп қолданы
-
латын мағынасы өткен шақты білдіруі. Бұның басқа өткен шақ қосым
-
шаларынан айырмашылығы сол –
болған қимылдың қайталанғанды
-
ғын, тұрақтылығын білдіретін мағыналық реңктің болуында. Сондық
-
тан бұл қосымшаны есімшенің дағдылы өткен шақ формасы деп атау
дұрыс болады»,
–
деп жазады [4, 142].
Есімшенің
-
ар,
-
ер,
-
р,
-
с
жұрнақтары
жалғанған эмотивтер
болашақта болу
-
болмауы беймәлім эмоциядан немесе эмоция әсерінен
жасалатын қимыл
-
қарекеттен хабар береді. Мысалы,