Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет126/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

нөлдік форма
+ емес,
нөлдік форма + жоқ.
Бұл форманттар 
етістіктің шақ категориясымен ғана қолданылады. Мысалы, 
Ол сені 
ешқашан 
жамандап
 
көрген
 
жоқ 
(М. Мағауин).
Бұл жолы жарықтан
қорыққан жоқ
(М. Мағауин). Ұзақ кешірім сұрап, жалынумен болды, 
бірақ Тана 
көзі боталаған күйінен
 
ауған жоқ
 
(С. Мұратбеков).
Әр сөз табына қатысты сөздердің жеке тұрғандағы болымды мәні 
мен сөйлемдегі мәні бірдей болмайды. Болымды тұлғадағы сөздердің 
грамматикалық болымды мағынасы сөйлемде анықталады. Эмоциялық
процестің істелген
-
істелмегені немесе істелетін
-
істелмейтіні де 
сөйлемде хабарланады. Мысалы,
Бостандыққа қолы жеткендей еді. Бірақ ол 
қуаныш ұзаққа 
созылмады
(С. Елубаев).
Сөйлемде болымсыз формада келетін эмотив
-
етістіктер жағымсыз 
көзқарас, жағымсыз эмоция білдіру қызметін атқарады. Мысалы,
Ұрқияға
 
онысы 
ұнамады
 
(Ж. Аймауытов).
 

 
Құрып кетсін, қайтесің оларды сөз ғып, –
 
деп Сәмбет
 
жақтыр
-
май
 
қалды
(С. Мұратбеков).
Қазақ тіл білімінде болымсыз сөйлемдер зерттеушілер назарынан 
тыс қалып жүрген, айтылса да синтаксистің басқа мәселелеріне 
қатысты сөз болып, жете, терең зерттелмей келе жатқан сөйлем түрле
-
рінің бірі. Бұл жөнінде
Р. Әмір былай деп жазады: «Сөйлемдердің 
грамматикалық сипаты жағынан болымды, болымсыз болып бөлінетіні 
қазақ тіл білімінде ертеден аталып келеді. Бірақ сөйлемдердің тілдің 
түрлі стильдік тарамдарындағы құрылу ерекшелігі арнайы сараланып 
айтылмайды. Осылай болғандықтан болымсыз сөйлемдердің грамма
-
тикалық көріністері, оның грамматикалық типтерінің жасалу ерекше
-
ліктері тасада қалып жүр» 
[
81, 87].
Қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев,
М. Балақаев, О. Төлегенов т.б ғалымдар болымдылық пен болымсыз
-
дық мәселесін сөйлемнің баяндауышымен байланысты қарастырған. 
Предикативтілік мәселесі түркітануда Н.А. Баскаков, А.А. Кононов,
Н.К. Дмитриев, Е. Убрятова, Э.В. Севортян, М. Закиев т.б. ғалымдар
-
дың еңбектерінде сөз болады. Предикативтілікті арнайы зерттеген


158 
М.И. Черемисина, Т.А. Колосова, А.Т. Тыбакова «предикативный 
узел» деген терминді ғылыми айналымға түсірді, яғни сөйлемнің ең 
кіші бөлшегі, сөйлемнің негізі предикативтік түйін болып табылады.
Сөйлемнің құрамында болымсыздық мағыналы эмотивтер баста
-
уыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қызметінде жұмсала 
береді. Мысалы, 

 
Кеттік, –
 
деді мына қызды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет