159
Бұдан гөрі қаттырақ, қыздың шамына тиетін бірдеңелер
айтқысы келіп еді,
көңілі дауаламады
(М. Мағауин).
Сөйлемге болымсыз мағына беруге морфологиялық та, синтак
-
систік те амалдар қатысады. Жоғарыда жасалған шолуда ғалымдар
атап
көрсеткендей, морфологиялық
амалға
-
ма,
-
ме
және оның
варианттары арқылы жасалатын болымсыз етістіктер жатса, синтак
-
систік амалға
емес, жоқ
сөздерінің қатысуы арқылы жасалатын
болымсыздық мағына жатады. Эмотив
-
етістіктердің
болымсыздық
мағынаны есімше формалары арқылы білдіруде жиі қолданылатын
тілдік тәсілдердің бірі. Мысалы,
Ешқашан ондай осал мінезін көрмегенімен, боркеміктігіне
күманданбаған
(М. Мағауин).
Есімшелі тұлғалы эмотивтер
жабықпаған, ұялмаған, үрейленбеген
тәрізді морфологиялық
формада ғана емес,
жабыққан
жоқ, ұялған
жоқ, үрейленген жоқ
тәрізді синтаксистік формада да жұмсалады.
Мысалы,
Қорқыныш, үрей атаулыдан із де қалған
жоқ
(С. Мұратбеков).
Лаббах ахунның түйесі үркіп өзі шеттеп шығып кеткен. Оның
сөзін ешкім елеп тыңдап жатқан
жоқ
(С. Елубаев).
Апаң сені емшектен шығарамын деп, біраз күнге біздің үйге әкеп
тастаған. Мазалы жақсы бала едің, жылаған
Достарыңызбен бөлісу: