131
есімнің сөзжасам жүйесінің өзіндік сөзжасам элементтері, модельдері,
типтері бар», –
деп жазады [73, 20].
Эмоцияны бейнелейтін, білдіретін фразеологизмдерде
бір
саны
жиі қолданылады.
Бір тәуір жері (бір тәуірі)
фразеолгизмі
жақсы
жері, жақсысы деген мағынада адамның көңіліне ұнаған жайды,
жағымды реңкпен айту мақсатында қолданылады. Мысалы,
Бір тәуірі
Бапай да, оның кемпірі де біздің сөзімізге құлақ салмайтын (С.
Мұртабеков). Бір жасау (жасап қалу)
фразеологизмі рақаттанып қалу,
құмардан шығу, мерейі өсу мағыналарында қолданылады.
Бір көзінен
қан, бір көзінен жас ағу
фразеологизмі қатты қайғырып жылау, зарлау
эмоцияларын бейнелейді. Сондай
-
ақ,
бір
саны төмендегі фразеоло
-
гизмдерде де адам эмоциясының түрлі реңкін бейнелі түрде жеткізу
үшін қолданылады:
Бір көруге зар болу
–
ынтығу, сағыну, аңсау;
Бір тарының қауызына сыйғызу
–
қатты қинау, қысу;
Бір қызарып, бір бозару
–
қатты қысылу, қатты ұялу, қатты
ызалану;
Бір ернімен жер, бір ернімен көк тіреу
–
менменсу, менсінбеу,
дандайсу.
Адамның көңіл күйіне ерекше әсер ету үшін қолданылатын
гипербола, литота тәсілдері сан есіммен байланысты қолданылғанда
тыңдаушыға күшті әсер етумен бірге, адамның ішкі жай
-
күйінен,
жағымды я болмаса жағымсыз эмоциясынан да хабар беріп отырады.
Мысалы,
Осы қуанышқа Шегенің арқасында жетіп отырғанын
Достарыңызбен бөлісу: