Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет99/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

қатты сағынатын;
 
сәл 
сылтау табылса бір
-
екі күнге болса да шауып жетіп келетін де 
тұратын
(С. Мұртабеков).
Жүрегі дүрс
-
дүрс соғып, елдің бәрі өзіне қарап тұрғандай 
қатты
 
қуыстанды
 
(С. Мұратбеков).

«Шіркін
-
ай, –

деп мен оған іштей 
қатты риза болдым,
 

 
шіркін
-
ай, күнінде болған
-
ақ азаматсың
-
ау» (Ж. Түменбаев). 
 
Әбілда періуатшіктің стражнікті жеңіп кеткеніне Қартқожа 
қатты сүйсінген
 
(Ж. Аймауытов)

Негізгі мағынасы ұшы
-
қиыры жоқ, кең
-
байтақ сөздерінің синонимі 
болып табылатын 
шексіз 
сын есімі де эмоцияның күштілігін білдіреді.
 
Жігіттердің осында қалғанына, қардың жауғанына 
шексіз
 
қуанышты
(С. Мұратбеков).
Бұл қолданыстағы 
шексіз
сын есімі өлшеусіз, өте 
көп, асыра мағыналарын білдіріп тұр.
Эмоцияның күштілігін білдіру үшін сапасы төмен, құнсыз мағына
-
ларын беретін 
жаман 
сын есімі де жұмсалады. Мысалы, 

 
Мен сені күтпей кетіп қалар ма екен деп 
жаман
 
қорықтым, –
 
деді Бақыт алқынған демін баса алмай (С. Мұратбеков).
Қорыққанымнан столдың астына басымды тығып алдым. 
Жаман 
зәрем ұшты (С. Мұратбеков).
 
Соны айтқанда, жаңа апасы:
 

 
Келе ғой, –
 
деп алақанын жайып еді, Сара 
онан жаман 
үрейленіп, 
Ақбілекке тығыла түсті (Ж. Аймауытов).
 
Бұл келтірілген мысалдардағы
 
жаман
сын есімі өте мағынасын
білдіріп тұр.
Салмақтық өлшемді білдіретін 
ауыр 
сын есімі де эмоцияның 
күштілігін білдіру қызметін атқарады. 
Ауыр 
сын есімі эмоцияның 
күштілігін көбінесе 
күрсіну, дем алу
тілдік бірліктерімен тіркесіп келіп 
білдіреді. Мысалы,
Теріс айналып, жаулығының шетімен көзін сүртіп жатқан 
кемпіріне қарады да Жұмағұл 
ауыр 
күрсінді (М. Мағауин).
Бұл 
қолданыс 
ауыр
сын есімінің қиыншылығы, азабы мол, мехнаты көп, 
қайғылы, мұңды, қатал, төзуге болмайтын сияқты мағыналарды беру 
үшін ауыспалы қызмет атқаратындығына да байланысты. Мысалы, 


127 
ауыр қайғы, ауыр хабар, ауыр іс, ауыр ой, ауыр жаза
т.б.
Қазақ
тіліндегі мол, қыруар мағынасын беретін 
көп 
сын есімі сөй
-
лемде эмотивтермен қатар қолданылып, эмоцияның ұзаққа созылған
-
дығын білдіреді.
Ақбілек бұл қайғысын тірі жанға сездірмей 
көп
 
жүрді, 
көп
 
күтті, 
көп 
дәмеленді
(Ж. Аймауытов).
Сөйлемде қайталау амалының қолданылуы арқылы бірнеше 
коммуникативтік мақсат жүзеге асырылып тұр. 
Көп
сөзін бірнеше рет 
қайталау арқылы айтушы тыңдаушының назарын Ақбілектің ішкі жан
-
дүниесіндегі құбылысқа аудартып отыр,
сөйлемге ырғақ беріліп, 
ерекше экспрессивтілік туып отыр. Мұндай сөйлемдер ерекше интона
-
циямен айтылатындықтан, 
көп 
сөзіне екпін түсіріліп, Ақбілектің 
қайғысын сездірмей 
көп жүргені, көп күткені,
көп дәмеденгені
құлақ
-
қа ажырап, анық естіледі. 
Қатты, ауыр, жаман, шексіз, көп
сын есімдері эмоцияның күшті
-
лігін білдірсе, 
сәл 
сын есімі азғана, сәл, болмашы мағыналарында 
қолданылып эмоцияның әлсіздігін білдіреді. Мысалы,
Мені 
сәл 
таңдандырған –
 
отын бұтап жүрген адам болды. 
Әдетте мұндай шаруаны ең жақын туыс
-
туғаның атқаруы тиіс, ал 
біздің үйдің отынын Тоқтар жарып жүр
(С. Мұратбеков).
Кез келген нәрсенің ішіндегі заттың кемеріне келіп тұрғанын, 
лықылдап тұрғанын білдіретін 
толы
сын есімі де эмоцияға, оның 
деңгейіне қатысты қолданылады. Мысалы, 
Өмірдің
 
өшуінің өзінде 
мұңға 
толы,
 
мәңгі жасар поэзия бар ғой (М. Мағауин). 
Сөз таптары арасында бір
-
біріне алмасу процесі болып тұрады. 
Сондай процестердің бірі сындық белгіні білдіретін эмосемалы сын 
есімдердің заттық ұғымда қолданылуы. «Сын есімнің көптеліп, сеп
-
теліп, тәуелденіп келіп, зат есімге ауысып, заттанып қолданылуы –
субстантивтену процесі деп аталады» 
[9, 467].
Сын есімнің негізгі 
қызметі заттың сынын, сипатын, сапасын, белгісін білдіру болған
-
дықтан, ол жеке қолданылмай, әдетте өзі анықтап тұратын зат есіммен 
тіркесе жұмсалады. Ал сын есімдер субстантивтенген кезде зат есім 
түсіріледі де сын есім сол түсірілген зат есімнің қызметін де қоса 
атқарады. Мысалы, 
Жұмыс аяғы тақаған сайын жұрт сағатына қарағыштай береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет