Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет181/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

ақпараттық, 
аналитикалық
және 
көркем
-
публицистикалық
. Ақпараттық жанрға:
 
репортаж, сұқпат, есеп; 
аналитикалық жанрға: 
аналитикалық 
сұқпат, мақала, хат
-
хабар, пікір, шолу;
көркем
-
публицистикалық 
жанрға:
очерк, фельетон, памфлет
жатады. Соңғы он бес жылда 
газеттің жанрлық жүйесінде айтарлықтай өзгерістер болды. 
Эссе, 
комментарий, болжау
сияқты жанрлардың кең таралуына жеке 
адамдық даралық үрдістің күшеюі әсер етті. Жалпы жанрлар жүйесінің 
эволюциясы байқалуда: бір жанралар бірігіп, енді біреулері өзгеріске 
ұшырап, ал үшіншілері өзара қатынасқа түсіп, синтезделуде. 
Ғасырлар тоғысындағы публицистикалық стиль эволюциясы автор 
мен адресат категориясын және қазіргі газет мәтіндеріндегі лингвости
-
листикалық өзгерістерді қарастыруды талап етіп отыр. 
XX-XXI 
ғасырлар тоғысындағы заманауи публицистикалық стильдің басты 
ерекшеліктері мыналар: өзінің нақты адресатын табуға деген ұмтылыс, 
газет мәтіндерінің диалогтілігі және автор мен оқырман арасында 
диалог құруды көтеруге деген құлшыныс.
Қазіргі заманғы журналист 
қоғамдық жағдайдың өзі туғызған диалогтың жаңа мүмкіндіктерін 
қолдана отырып, оқырманмен тікелей байланыс орнатып, оның қабылдау 
мүмкіндігіне бейімделіп, диалогтық қатынас құра алады

Бұрын адресат басқарудың белсенді емес нысаны ретінде қарас
-
тырылатын, ал бүгінде
адресат –
ұсынылған ақпаратты өзі саралай 
алатын «тәуелсіз тұлға». 
Бұрын публицистикада адресат –
идеялық 
тұрғыдан алғанда біртекті топ болса, ал бүгінде бұл түсінік әр түрлі 
көзқарастағы, әр түрлі ақпараттық талап қоятын адамдар тобын білді
-
реді

Посткеңестік кезеңде адресанттың да жаңа түрі қалыптасты: 
бюрократиялық емес, жаңа шығармашылық тұлға. Егер ертеректе 
журналистің сөздік қоры стандартқа айналған белгілі формулалар
-
мен шектелсе, бүгінде публицист –
«өз атынан пікір білдіретін, 
дамудың, демократияның идеалдарын қорғайтын, өзін еркін эмоциялық 
сөйлеу арқылы көрсете алатын тұлға» ретінде көрініп отыр 
[118, 50]. 
Қазіргі публицистикадағы белсенді процесс газет тіліне «ино
-
стилді» элементтердің қосылуымен де
түсіндіріледі. Ауызекі сөйлеудегі 
қарапайым сөздерден бастап, әдеби емес тілдік құралдарға дейін 
«экспансия» процесі өте үлкен, ауқымды масштаб пен интенсивтілікке 
ие болды. Публицистикалық сөйлеудің стилдік нормасы өзгерді, ол 


214 
еркіндікке, ашықтыққа, сөзшеңдікке бет бұрды. Г. Смағұлова «Бұқара
-
лық ақпарат құралдары тілінің ұлт менталитетіне әсері» атты 
мақаласында «Жас Алаш» газеті бетіндегі сөз қолданыстарын талдай 
келе: «20.04.1999 ж. санының бірінші бетінде (баяғыда ол тұста бас 
мақала тұратын парадокс деген осы
-
ау) 
«Бізде өз еркімен отставкаға 
кету деген жоқ
-
ау, сірә. Міндетті түрде біреу кет деуі керек, кет 
дегенше кетпейді. Креслоға көтені клейленіп қалғандай»,

деген 
сөйлемдерді оқығанда, алдымен оқушы ретінде айызың қанып бір 
күліп аласың. Ащы шындықты тауып айтқанына мәз боласың. Біраз
-
дан соң тура жол көрсететін газет беті өстіп баттитып жаза берсе, 
ертең басқа жұрт, әсіресе жасөспірім оңды
-
солды айта берсе не 
болады?», –
деген сауал қояды [11
9, 374].
 
Қазіргі мерзімді басылым 
беттерінде
 
барлық тілдік деңгейлердің сөйлеу құралдары публицис
-
тиканың лингвостилистикалық бейнесін өзгерте отырып, әртүрлі жанр
-
ларда қолданылуда. Әдеби тілдің сөздері мен айтылымдары әдеби емес 
айтылымдармен қатар қойылып, қарым
-
қатынастың барлық сфера
-
сында қарапайым және жаргон сөздер сияқты шектеулі лексикалық 
бірліктер де қолданылып, кітап тіліне тән конструкциялар сөйлеу тіліне 
тән құрылымдармен араласып берілуде. 
Қазіргі тілдік дамудың тағы бір ерекшелігі –
өзге
тілдік элемент
-
тердің қолданылуы. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет