215
бұрыннан таныс дәстүрлі саяси мәселелерді, шолу, бас мақалалардың
өзін не суретке айналдырып, не бір
-
екі ауыз сөзбен
-
ақ оқушысын
елең еткізетін жетістіктерге жетті.
Алайда жасалаштықтар кейде
әділдікті тура айтып, әрі принциптікке бару керек деп жағымсыз
дисфемистік мағынадағы қазақ сөздерін тым еркін қолданатын
тұстары бар. Мысалы, Жас Алаштың 06.02.1999 жылғы санында М.
Ақдәулетұлының
«Көтеннің буффонадасы»
(
қазақ монологы) деген
мақаласындағы
Котэн
(кейіпкер атын өңдеуі) бұл өзі адамдарды
еріксіз бақытты етемін дейтін жағымды кейіпкер, соған қарамастан
қазақша аталуы анандай, сірә, мұнда редакция авторлық құқықты
қалдырғанға ұқсайды», –
деп жазады [11
9, 374]
Қазіргі газет мәтініндегі бағалауды көрсету құралдары ретінде
негізінен
«бағалау», «экспрессивтілік», «эмоционалдылық»
түсініктері
аталады.
Олар қазіргі газет
мәтініндегі бағалауды білдіретін негізгі
құралдар ретінде қарастырылды.
Бағалау категориясы лингвистика
тұрғысынан тар және кең мағынада да қолданылады. Бірінші жағдайда
«жақсы, жаман»
деп бөлу қарастырылса, екінші жағдайда өзге
қасиеттері бойынша
«үлкен,
кішкене», «тар, кең»
деп бөлу қарасты
-
рылады. Газет мәтіндерін зерттеуде бағалаудың аксиологиялық
табиғаты ғана емес, оған әсер етуші рационалды және эмоционалды
факторлар да ескерілуі тиіс.
Біздің пікірімізше, И.В. Арнольд экспрессивтілік
пен эмоционал
-
дылыққа толық түсінік берген: «Экспрессивтілік түсінігі аясында біз
мәтіннің немесе мәтін бөлігінің мағынаны күшті қарқындылықпен
беретін қасиетін көреміз. Ол сөйлеушінің ішкі күйін береді, образды
немесе образды болмауы да мүмкін, эмоционалды және логикалық
күшейту болады»
[120, 14].
Яғни, экспрессивтілік пен эмоционал
-
дылық әрқайсысы өз алдына жеке құбылыс болып табылады.
Экспрессивтілік пен эмоционалдылықты газет мәтінінің айрықша
қасиеті ретінде бөліп қарастыруға болады.
Тілдік материалға жасал
-
ған талдау көрсеткендей қазіргі газет мәтіндерінде жаңа экспрессивті
және эмоционалды құралдардың, тәсілдердің сапалық және сандық
қордалануы
байқалуда, ал олар кейін «жеңіл прессада» кең қолданыс
табуда, оның ішінде троптар мен сөйлеу фигуралары, шебер калам
-
бурлар,
окказионализмдер
белсенді қызмет атқарып жүр,
«сен»
қаратпасы бойынша адрестілік қалыптасып, тұрақты сөз тіркестері,
аллюзиялар, пародиялар ұтымды пайдаланылуда. Синтаксис ерекше
экспрессивті, себебі мұнда парцелляция, эллипсис т.б. жиі қолда
-
нылады. Кейбір газет тақырыптары тіптен ерекше. «Жеңіл» прессаның
ерекшелігі оның жарнамалық «қаруында», яғни мағыналар ауыстыру
ойынында. Тілдік ойынның мақсаты
–
оқырманның назарын әзіл, юмор,
216
өткірлік арқылы тарту. Қазіргі публицистикалық мәтіндердің айрықша
ерекшелігі прецедентті тілдік бірліктерді және оларды оқырманда
қосымша ассоциация қалыптастыру үшін дәйексөз келтіру,
аллюзия,
парафраз, пародия тәсілдерін қолдануынан көрінеді.
Ирония қазіргі
БАҚ тілінің жетекші қасиеті болып тұр, себебі барлық эмоционалды
-
экспрессивті құралдар газет мәтініне ирониялық бағалау береді.
Газет мәтіндеріндегі бағалаудың экспрессивті құралдары қабылдау
тереңдігіне бағытталған, сондықтан да оқырманның жоғары белсен
-
ділігін, шығармашылық біліктілігін талап етеді. Қазіргі мерзімді басы
-
лым беттерінде оқырманның өзіне баға беру мүмкіндігі де беріледі.
Қазіргі заман газетінің жалпы методологиялық негіздері оқырманды
бірігіп, ортақ ойлауға шақырады деп қорытынды шығаруға болады.
Антропоцентрлі үрдіс газет тілі қызметінің белгілі бір диалектикасына
алып келеді: қазір ақпарат жеткізу қызметі мен қарым
-
қатынас қызметі
бәсекелестікке түсіп отыр.
Л. Дүйсембекова: «ХХ ғасырдың 80 жылдарына дейін адамдарға
идеялық ықпал етуде, адамзат жасаған рухани қазына мен мәдени
мұраны адам санасына сіңіруде, адам тәрбиелеуде, қоғам азаматын
қалыптастыруда жалпы қоғамдық сана
қалыптастыруда негізгі қыз
-
метті көркем әдебиет атқарып, көркем әдебиет стилі әрқашан доми
-
нант стиль ретінде көрініп отырса, бүгін қоғамдық сана қалыптас
-
тыруда негізгі қызмет
атқарушы –
бұқаралық ақпарат құралдары
болып, публицистикалық стиль доминант стиль ретінде көрініп отыр»,
–
деп жазады [1
21, 63].
Қазір еліміздің ақпараттық кеңістігіндегі ақпарат ауқымы адам
қабілеті қорыта алар мүмкіндіктен де асып кетіп отыр. Публицис
-
тикалық стильдің қоғам өмірінде маңызды қызмет атқаруына орай,
бұқаралық ақпарат құралдарының тарихы, тілі, стилі, рөлі,
жанрлары
т.б. мәселелері лингвистикалық, философиялық, прагматикалық,
тарихи т.б. аспектіде терең зерттелуі, қазақ тіл біліміндегі баспасөз
тіліне байланысты жасалған зерттеулер жаңа бағыттағы жаңа еңбек
-
термен толыға түсуі тиіс.
Мәтіннің мазмұны, стилi, жанры, прагматикасы деген бiр
-
бiрiмен
сабақтас ұғымдарды жеке
-
жеке қарастыру бүгiнгi қазақ тiл бiлiмi
ғылымы үшін маңызды мәселелердің бірі. Тілдік бірліктердің әсер
етушілік қасиеті жұмсалым үстінде
көрінетіндіктен мәтін прагма
-
тикасы тілдік коммуникация, синтаксис, стилистика, тіл мәдениеті,
психолингвистика, этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика т.б.
пәндермен тығыз байланыста қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: