Қазақ тіліндегі эмоционалды


Газет мәтіндеріндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет180/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 
4.4 Газет мәтіндеріндегі эмоционалды
-
экспрессивті құралдар
-
дың рөлі 
 
Тіл білімінде белгілі бір зерттеу бағыттарының қалыптасуына, сол 
бағытта жаңа ізденістердің көрінуіне, түрлі ғылыми
-
зерттеу жұмыс
-
тарының тууына тілдің ішкі заңдылықтары ғана емес, қоғамдағы, 
мемлекеттегі түрлі жағдайлар да әсер етеді. Бұл тілдік емес сипаттағы, 
яғни тілден тыс фактор болғанымен тілдік құралдардың белгілі бір 
стиль аясында қолданылу, жұмсалу ерекшеліктерін қалыптастыруға, 
функционалдық стильге тән белгілерінің айқындалуына барынша 
ықпал етеді. Бұл құбылыс тіл білімінде
экстралингвистикалық фактор
-
лар деп аталады. Қазақ тіл білімінде функционалдық стильдердің 
қызметіне, тілдік құралдардың жұмсалу ерекшелігін қалыптастыруға 
әсер етуші тілден тыс құбылыстардың табиғатын ашып көрсетуге, 
олардың стиль түзуші қызметіне, алатын орнына қарай саралауға, 
белгілерін атап көрсетуге арналған еңбектер жоқтың қасы. Қазіргі 
қазақ тіл білімі мұндай бағыттағы зерттеулерге зәру екендігі сөзсіз.
Р. Сыздықова «Сөз құдіреті» атты еңбегінде экстралингвистикалық 
факторлардың рөлін, олардың тілдік стильдердің дамуындағы 
қызметін атап көрсетеді [11
6
, 163]. Кейбір стилистикалық ұғымдар мен 
категориялар туралы жазған мақаласында М. Серғалиев: «Функцио
-
налдық стильдің толыққанды өз міндетін атқаруы үшін лингвисти
-
калық фактордан гөрі тілге қатыссыз фактор жетекші роль атқарады», 

деп жазады. Ғалым экстралингвистикалық факторларға қарым
-


211 
қатынас
аясын, қоғамдық қызмет пен қоғамдық сана түрлерін 
жатқызады [11
7, 4].
Қазақ тіл білімінде эмоционалды
-
экспрессивті құралдардың, оның 
ішінде
метафораның және прецедентті тілдік бірліктердің газет 
мәтініндегі рөлі бүгінгі таңда арнайы зерттеуді қажет етеді. Газет –
елдің саяси жаңалықтарын дер кезінде жариялап тұратын ең қолже
-
тімді ақпарат таратушы болып табылады. Газет мәтіні –
мәтін қызметі
-
нің ерекше көрсеткіші, сондықтан да бұл бағыттағы зерттеу жұмысы
-
ның өзіндік ерекшеліктері де бар. Газет мәтінінің басты мақсаты, 
айрықша ерекшелігі –
аудиторияға әлемдегі жағдайды, мәселені анық 
жеткізу. Соңғы жылдары Қазақстанда болып жатқан түрлі қоғамдық
-
саяси өзгерістер өз кезегінде тілде, оның ішінде, бұқаралық ақпарат 
құралдары тілінде де көрініс беруде.
Эмоционалды
-
экспрессивті құралдардың, оның ішінде метафора
-
ның және прецедентті тілдік бірліктердің газет мәтініндегі рөлін 
қарастырудың өзектілігі қазіргі қазақстандық бұқаралық ақпарат 
құралдарындағы басым бағыттардың өзгеруімен байланысты туындап 
отыр. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басына қарай әдеби тілдің 
стильдік тармақтары ішінде басым стиль көркем әдебиет стилі емес, 
бірте
-
бірте публицистикалық стиль бола бастады. Себебі, қазіргі заман 
ақпараттар заманы. Бұл күнде әлемнің түкпір
-
түкпірінде күн сайын 
дерлік мемлекет басшыларының кездесулері, түрлі ресми бас қосулар, 
тарихи оқиғалар болып жатады. Әлемдік қауымдастықтың ажырамас 
бөлігіне айналған Қазақстан Республикасы да халықаралық қатынас
-
тардың күрделі мәселелерінен сырт қалып отырған жоқ. Мемлекеттің 
өз ішінде болып жатқан өзгерістер мен оқиғалар, көтеріліп жатқан 
ауқымды мәселелер де аз емес. Мұндай алмағайып кезеңде ақпарат 
тасқыны шексіз, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. 
Қоғамдық сананың қай түрін болсын, әсіресе мәдени, саяси, азаматтық, 
құқықтық сана қалыптастыруда негізгі рөл ойнап отырған бұқаралық 
ақпарат құралдары. Ол –
жаһанданудың қозғаушы күштерінің бірі ғана
емес, қоғамдық пікірді қалыптастырушы негізгі құрал.
Жедел ақпарат тарату, мемлекеттік ұстанымдарды насихаттау мен 
жүзеге асырудағы маңызды құрал ретінде БАҚ жетекші мәнге ие 
болып отыр. Ақпарат –
ашық қоғамның генераторы. Қазіргі қоғамда 
газеттің пәрменділігі аса жоғары, әрі санаға ықпал ететін күш. Қазір 
оқырманмен байланыс орнатудағы жаңа тілдік тактика қалыпты ойлау
-
дан, көпсөзділіктен, құрғақ тілден бас тартқызды. Қазіргі газеттерде 
автордың шығармашылық ізденісі, тілдік құралдарды жаңартуға деген 
талпынысы, оқырман назарын аудартуда жаңа тәсілдер қолдануы, 
модальды
-
бағалау сипаттарының берілуі жаңаша көрініс тауып отыр. 


212 
Осының бәрі газет мәтінінің, оның ішінде саяси мәтінді лингвомето
-
дикалық аспектіде жаңаша зерттеуді талап етеді. 
Жаңаша зерттеудің
қажеттілігі, метафора мен прецедентті тілдік 
бірліктердің қабылдау мен түсіну тұрғысынан бұрын жете зерттел
-
мегендігімен қатар, соңғы жылдары газет беттерінде жаңа қолданыс
-
тардың пайда болуымен де байланысты. Қазақ тіл білімінде бұқаралық 
ақпарат құралдарының, әсіресе, мерзімді баспасөздің лингвистикалық 
ерекшеліктеріне қатысты зерттеу жұмыстары болғанымен, газет мәтіні 
қызметінің түрлері, мәтінде
белсенді түрде қызмет етіп, мақсатты 
түрде қолданылатын тілдік бірліктер, қазіргі газет мақалаларындағы
эмоционалды
-
экспрессивті құралдар әлі де жете зерттелген жоқ. Тек
қазақ тіл білімінде ғана емес, орыс тіл білімінде де көркем әдебиет 
стилі мен ауызекі сөйлеу стиліндегі эмоционалдық, экспрессивтілік 
мәселесі туралы бірқатар еңбектерде айтылғанымен, қазіргі публицис
-
тикалық стиль және оның эмоционалдығы мен экспрессивтілігі 
мәселесі арнайы, терең талдана қоймаған, тың тақырыптардың бірі. 
Қазақстанның жаңа кезеңдегі публицистикалық стилі және оның 
эмоционалдығы мен экспрессивтілігін көп аспектіде сипаттау, мето
-
фораланудың когнитивті аспектілері мен интермәтінділік т.б. мәселе
-
лерді ғылыми
-
зерттеу нысаны ретінде алып, ғылыми тұжырымдар
жасаудың қазақ тіл білімі үшін
теориялық маңызы зор екендігі даусыз. 
Қазіргі қазақ тіл білімінің алдында публицистикалық стилдің
негізгі 
ерекшеліктерін жаңа ғылыми бағыттардың зерттеулер нәтижесімен 
толықтыру және газет мәтінінің анықтамасын нақтылау; қазіргі газет 
мәтінінде болып жатқан негізгі лингвостилистикалық өзгерістерді 
анықтау; газет мәтініндегі бағалау, эмоционалдылық, экспрессивтілік 
түсініктеріне анықтама беру; қазіргі газет мәтініндегі бағалау білдіру 
құралдарын анықтау; қазіргі саяси метафора мен прецедентті тілдік 
бірліктердің ерекшелігін көрсетіп, олардың публицистикалық мәтін
-
дегі рөлін анықтау сияқты міндеттер тұр.
Метафора мен прецедентті мәтіндер қазіргі газет мәтіндері үшін
экспрессия мен эмоцияны білдіретін тілдік құралдар болып табылады. 
Қазіргі газет мәтініндегі метафора мен прецедентті айтылулардың 
фондық білім бірліктері ретінде танылуы және түсінілуі оқырман 
тарапынан ақпаратты дұрыс қабылдаудағы қажетті шарттардың бірі. 
Олар газет мәтініндегі маңызды тілдік бірлік ретінде көрініс тауып 
отыр. Зерттеушілердің пікірінше, публицистикалық стиль мәтіндері 
үшін
ақпараттық және әсер ету қызметтері аса маңызды болып 
табылады. Осы екі қызметтің өзара байланысы публицистикалық
стильдің тілдік ерекшелігін береді. В.Г. Костомаровтың пікірінше, 
публицистикалық сөйлеуде стандарт пен эксперессияның бірігуі газет 


213 
публицистикасы қызметінің екіжақтылығымен байланысты: ақпарат
-
тық
-
мазмұндық және әсер ету қызметі. Ақпараттық қызметі стандарт
-
тылықпен байланысты болса, эмоционалдық элементтермен қаныққан 
әсер ету қызметі экспрессивтілікпен байланысты 
[118].
Публицистикалық стиль жанрларын қарастыруға арналған еңбек
-
терде негізінен жанрдың үш тобын бөліп көрсетеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет