244
көп жағдайда күтпеген жайсыз хабар әсерінен болады. Паралингвис
-
тикалық амал
-
тәсілдердің бірқатары күшті
эмоция кезінде көрініс
табады. Олар ыза, кек, қатты ашу үстінде болатын ұру, соғу, жанжал,
төбелес кезінде жасалатын қозғалыстар.
Дауыстың реңктері айтылатын сөздің мән
-
мағынасына үлкен әсер
етіп адамның түрлі көңіл
-
күйі туралы мәліметті тыңдаушыға бірден
білдіріп
тұратындықтан, басқа адамға берілетін ақпараттың жеткі
-
зілуінде дауыстың ерекшелігі маңызды
факторлардың бірі болып
табылады. Фонациялық тәсіл арқылы қуаныш пен реніш,
ашу мен
мысқыл, көңілдену мен мейірлену т.б. да адам эмоциялары беріледі.
Интонация компоненттерінің барлығы сөйленімнің эмоциялық
мазмұнын беруге қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: