Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет207/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19
5 сынып, 1
-
ма,
-
ме
және оның варианттары арқылы 
жасалатын болымсыз етістіктер жатса, синтаксистік амалға 
емес, жоқ


239 
сөздерінің қатысуы арқылы жасалатын болымсыздық мағына жатады. 
Эмотив
-
етістіктердің болымсыздық мағынаны есімше формалары 
арқылы білдіруі жиі қолданылатын тілдік тәсілдердің бірі.
Қазақ
тілінде 
-
атын, 
-
етін, 
-
йтін, 
-
йтын 
формасы болымсыз етіс
-
тіктің
-
ма, 
-
ме, 
-
па, 
-
пе, 
-
ба
, -
бе
жұрнақтарынан кейін жалғанып, адам 
эмоциясына қатысты процестің, қимыл
-
әрекеттің потенциялық қалпын 
атап білдіру үшін жұмсалады.
Осы модель бойынша жасалған сөздер 
риторикалық сұраулы сөйлемдер құрамында жұмсалғанда болымсыз
-
дық емес, болымды мағынаны бекіту қызметін атқарып, таңдану, 
тамсану, риза болу, армандау мағыналарын да білдіреді.
Адам эмоциясын білдіруде ерекше қызмет атқаратын етістік кате
-
горияларының бірі –
рай категориясы. Рай категориясының бұл 
ерекшелігі оның сөйлеушінің қимыл, іс
-
әрекетке деген көзқарасын
қимылдың, іс
-
әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын білдіруімен 
тікелей байланысты. Себебі эмоционалдылыққа қатысты сөйленімдер
-
дің әрқайсысында міндетті түрде сөйлеушінің жағымды я болмаса 
жағымсыз көзқарасы, шындыққа болмысқа деген қатысы көрініп 
отырады. Ашық рай амал
-
әрекеттің объектив шындықпен байланысын 
білдіреді де ол шақ категориясымен тікелей байланысып жатады. 
Яғни, ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі –
эмоциялық 
процестің объективті шындыққа қатысы болу
-
болмауының сөйлеп 
тұрған сәтпен байланысы. 
Бұйрық райдың адамның сан түрлі эмоциясын білдіруде беретін 
мағыналық реңктері өте көп. Қорқыту, үркіту,
қоқан
-
лоқы көрсету, 
мазақ қылу
сияқты эмоциялық реңктегі сөйленістер негізінен етістіктің 
келер шақ формасында айтылады. Бұйрық райдың 
-
сын, 
-
сін
форма
-
лары арқылы келетін үшінші жағы сөйлеуші өз сөзін, көзқарасын, 
түрткі салу ниетін жағымды, я болмаса жағымсыз эмоциясын тыңдау
-
шыға емес, бөгде жаққа қарата білдірген кезде қолданылады. Бұйрық 
райдың 
-
сын,
-
сін
формасы қомсыну,
жақтыртпау реңкін беру үшін де 
қызмет етеді.
Сөйлеушінің қимылды, іс
-
әрекетті орындауға немесе орындамауға 
деген қалау, тілек, ниет, ынтасын білдіретін қалау рай бірнеше 
жолдармен жасалады. Олардың ішіндегі ең негізгісі –
-
ғы,
-
гі, қы, 
-
кі 
жұрнақтарының жалғануы. Бұл жұрнақ негізгі етістікке жалғанып, 
тәуелденіп барып, тәуелдік жалғауы арқылы жіктеліп оған 
кел 
етістігінің тіркесуі арқылы жасалады да, тек қалау, ниет мәндерін ғана 
білдірмейді, сонымен қатар адамның түрлі эмоциясын білдіру қызме
-
тін де атқарады.
-
ғы,
-
гі, қы, 
-
кі 
жұрнақтарын омоформалы аффикстер 
қатарына
 
жатқызамыз, себебі
 
қазіргі қазақ тілінде аталған формада 
таңбаланатын қалау райдың
 
жұрнақтары мен етістік тудырушы 


240 
жұрнақтар бар. Мысалы, 
кер
-
гі, ора
-
ғы
-
т
 
деген туынды түбір эмотив
-
етістіктерде сөз тудырушы жұрнақ болса, 
көр
-
гі
-
м келеді, бар
-
ғы
-
м 
келеді
қолданыстарында қалау райдың жұрнағы болады. Бұл жұрнақ
-
тар сондай
-
ақ, етістіктен эмотив
-
зат есім тудырушы аффикстермен де 
тұлғалас. Мысалы, 
күл
-
кі, теп
-
кі, соқ
-
қы
т.б.
Шартты райлы етістік тілек, арман, мақсат сияқты эмоциялық 
реңктерді білдіру қызметін де атқарады. 
-
са, 
-
се
жұрнақтарының басты 
қасиеттерінің бірі өзінен кейін сөз айтылуды қажет етіп, көксеп, ойды 
жалғастыруды талап етіп тұрады. Қалау райға жатқызылып жүрген 
формалар қолданылу ерекшелігіне, контекске байланысты алуан түрлі 
эмоциялық реңк бере алады. Мысалы, 
-
са екен 
тілек, өтініш, аңсау 
реңктерін білдірсе, 
-
са ғой
сөйлеушінің арманын, ықыласын білдіреді, 
ал 
-
са еді
күдік, жорамал, абыржу, алаңдау реңктерімен қатар 
контекске қарай сөйлеушінің тілегінің күштілігін де көрсетеді. 
Эмоцияның сындық сипаты, мөлшерлік, мақсаттық, себептік ерек
-
шеліктері үстеулер арқылы беріледі. Олардың бірқатары эмоциялық 
процестің жүзеге асу уақытын, мезгіл, мерзімін, енді бірқатары 
эмоциялық процестің болу мақсатын, себебін, салдарын, нәтижесін 
білдіреді. Үстеулер эмоциялық процестің сынын, бейнесін, жасалу 
амал
-
тәсілін де білдіре алады, сонымен қатар эмоцияны күшейтіп, не 
солғындатып көрсету қызметтерін де атқара алады. Эмоциялық 
процеске қатысты қолданылатын 
әлі 
үстеуі
осы уақытқа дейін мағына
-
сын беріп, сөйлемде қолданылғанда эмоциялық процестің қазірге 
дейін болып жатқандығын, аяқталмағандығын білдіреді. Бұл үстеу 
жұмсалу үстінде басқа да мағыналық реңкке ие болады. Жоғарыда 
келтірілген мағынасынан басқа тағы да деген мағынада қолданылып, 
мұндай эмоцияның айтушы адамның өзі тарапынан немесе тыңдаушы, 
не бөгде жақ тарапынан бұдан кейін де қайталанатындығын білдіреді. 
Эмоциялық процестің дәрежесін білдіру мақсатында жұмсалатын 
осынша, осыншама, сонша, соншама, соншалық 
үстеулері тіптен, 
кереметтей мағыналарын, айтылып отырған эмоцияның өте күштілігін 
ғана емес, сонымен қатар айтушының өте жағымсыз немесе аса 
жағымды бағасын да білдіреді. Эмоциялық процестің сынын, бейнесін 
білдіретін 
ерекше
үстеуі айтушыға, тыңдаушыға немесе бөгде жаққа 
қатысты эмоцияның субъектіге қатысы әдеттегіден өзгеше екендігін 
бөліп көрсету қызметін де атқарады. Эмоцияның күштілігін білдіру 
қызметінде белсенді түрде қолданылатын үстеулердің қатарына 
ең, 
тым, өте, аса, орасан, зор, әдбен, мүлде
сияқты күшейтпелі үстеу
-
лерді жатқызуға болады. Аталған үстеулер сөйлемде негізінен 
етістіктің алдында келіп, эмоцияның сапасын күшейту немесе мүлде 
солғындатып көрсету қызметін атқарады. Күшейткіш үстеулер сын 


241 
есіммен тіркесіп қолданылғанда күшейтпелі шырай түрін жасайды да, 
адамның көңіл күйіне қатысты қолданылатын сындық сипаттағы 
сөздердің де реңкін күшейтіп, көңіл күйдің, сезімдік жағдайдың адамға 
қатысты сындық белгісінің жоғары дәрежесін көрсетеді. Үстеулер 
мағыналық топтарға жіктелгенімен, қолданыста ол мағыналық топтың 
шеңберінен шығып кететін әр түрлі мағыналық реңкке ие болады. 
Яғни тіл жүйесінде толып жаптқан аспектіде жұмсала алады. Қарай 
мағынасында қолданылатын 
әрі
үстеуі эмоциялық процеске қатысты 
қолданылғанда эмоцияның одан
әрмен үдей түскендігін, күшейе 
түскендігін білдіреді.
 
Эмоционалдық мағына тудыру, эмоция білдіру қызметіне толық 
лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді 
байланыстырып немесе белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып, 
оған әр түрлі грамматикалық мағына үстеу үшін қолданылатын сөздер 
де қатысады. Шылаулар сөйлеуші мен тыңдаушы үшін аса зор маңызға 
ие кейбір өте нәзік эмоционалды реңктерді білдіру мүмкіндігін қамта
-
масыз ете алады. 
Да, де, та, те
жалғаулық шылаулары эмоциялық 
процесті, оған қатысты түрлі іс
-
әрекет пен құбылысты даралап 
көрсетумен бірге жұмсалым үстінде түрлі жағымды, жағымсыз 
реңктерді де білдіре алады. Эмотив
-
етістіктермен тіркескен 
үшін 
септеулігі сөйлемде айтылған қимыл нәтижесінде туындауы тиіс
эмоцияны көрсетеді. 
ма/ме, ба/бе, па/пе 
сұраулық демеуліктері ренжу, 
өкпелеу, жақтыртпау, қарсы келу, келіспеу, сенімділік, үміттену, 
менсінбеу, қомсыну, көңілі толмау, сенбеу, иланбау, еске салу т.б. да 
эмоционалдық реңктерді бере алады. Нақтылау мәнді 
-
қой/ғой
демеуліктері тіркескен сөздеріне нақтылау, тұжырымдау мағынасын 
үстеумен қатар сөйлеушінің айтылып отырған іс
-
әрекетке, құбылысқа 
деген бағасын, көзқарасын, эмоциясын да білдіреді. Күшейткіш мәнді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет