Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет205/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


235 
ҚОРЫТЫНДЫ
 
 
 
 
 
 
 
 
Эмоция тілде фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгей
-
лерде көрініс табады.
Бірақ эмоционалдылық мәселесі қазақ тіл білі
-
мінде негізінен лексика
-
семантикалық яғни, эмоционалды
-
экспрессив
-
ті лексикалық бірліктер тұрғысынан және стилистикалық деңгейде 
қарастырылып жүр. Морфологиялық, синтаксистік деңгейде басқа 
мәселелерге қатысты сөз болғаны болмаса, арнайы зерттеу нысанына 
айналмаған. Эмоция сияқты психикалық қалыптың тіл арқылы көрі
-
нісін ғылыми
-
зерттеу жұмысының нысаны ретінде алып арнайы 
қарастыру, әсіресе тілдік стиль түрлеріне, мәтін түрлеріне қатысты 
зерттеу жүргізу қазақ тілі білімінде соңғы жылдары қолға алына 
бастаған мәселелердің бірі. Эмоционалдылық мәселесін жүйелі түрде 
зерттеу қазіргі қазақ тіл білімі үшін өзекті мәселелердің бірі. Эмоция –
адамның түрлі тіршілік жағдайына қанағаттануы немесе қанағаттан
-
бауына байланысты туатын психологиялық күй.
Адам өзінің сан 
қырлы эмоциясын тіл арқылы сыртқа шығарады, адамның түрлі эмо
-
циялық күйі де тіл арқылы бейнеленеді. Эмоция адамның көңіл
-
күйіне 
байланысты түсінік болғанымен, бүгінгі күнге дейін эмоционалдылық 
мәселесі экспрессивтілікпен бірге қарастырылып келді. Біз зерттеу 
жұмысында екеуінің ара
-
жігін ашып, адамның көңіл
-
күйінің, ішкі 
сезімінің тіл арқылы білдірілуі мен бейнеленуін эмоционалдылық
 
деп, 
ал тек көңіл
-
күйге ғана қатысты емес, айтылатын кез келген ойдың 
мәнерлілігін, суреттілігін, әсерлілігін экспрессивтілік
 
деп түсінуіміз 
керек.
Адам эмоциясының лингвистикадан басқа да ғылым салаларында 
қарастырылуын зерделеу барысында екі нәтижеге қол жеткіздік, оның 
біріншісі –
тіл өз бойына философиялық, психологиялық, физиология
-
лық, педагогикалық
т.б. да ғылым нәтижелерін жинақтайтын қор; 
екінші –
қазақ тіліндегі мақал
-
мәтелдерде, қанатты сөздерде, тұрақты 
сөз
тіркестерінде т.б. да тілдік бірліктерде, сондай
-
ақ сөз шеберлерінің 
туындыларында жасалған тұжырымдар қазақ халықтың адам көңілінің 
ішкі механизмдерін, психика, философия, педагогика заңдылықтарын 
терең білгендігінің көрсеткіші.


236 
Сөйлеу актісі кезінде адам эмоциясын білдіру үшін қолданылатын 
ең тиімді тілдік құралдар одағай сөздер екендігі тіл зерттеушілері 
тарапынан мойындалған, талассыз мәселе. Бұл сөздер сол одағайларды 
қолданушы
тілдік ортаға ғана түсінікті эмоциялық мән беріп, сөйлеуші 
ойын дәл жеткізе алады. Яғни, әр одағайдың бойында сол ұлттың тілін 
қолданушылар үшін ғана түсінікті, өзге тілге аударылмайтын өзіндік 
мән мен мағына бар. Одағайлардың негізгі қызметі эмоцияны атау, 
бейнелеу емес, білдіру. Ол эмоционалды лексикаға кіретін басқа 
эмотивтерден осы ерекшелігімен айрықшаланады.
Одағайлардың 
номинатив эмотивтер деп топтастырылған сөздерден басты айырма
-
шылығы эмоционалды реңкі болғанымен ол сөздер сияқты эмосемаға 
ие болып тұрған жоқ, атауыштық қызметі де жоқ. Ал ортақ белгілері: 
эмоционалды лексика құрамында қарастырылады; эмоционалдылықты 
білдіру үшін қолданылады.
 
Адам айналасындағы заттар мен құбылыстарды қабылдағанда 
адам санасында оларға қатысты баға тууы мүмкін. Денотаттық 
бағалаудан бөлек, коннотатты бағалаудың болуы нәтижесінде сөз тілде
эмоционалды
-
бағалауыштық коннотатқа ие болады. Бағалауыштық 
дегеніміз –
сөйлеушінің өз тарапынан зат пен құбылысқа, іс
-
әрекетке 
берген бағасы, оған деген көзқарасы. Эмоционалдылық денотаттық 
мағынада да, конотаттық мағынада да кездеседі. Эмоциялық мән кей
-
бір сөздерде денотаттық, ал кейбірінде коннотаттық деңгейде көрінуі 
мүмкін. Коннотаттық мағына –
эмоциялық, экспрессивтілік, бағала
-
уыштық, эприкалық компоненттердің жиынтығы.
Эмоционалдық құбылыстарға қатысты қолданылатын лексикалық 
және фразеологиялық синонимдер эмоцияның әр түрлі деңгейін, эмо
-
циялық, экспрессивтік бояуының солғындығын немесе күштілігін 
білдіру үшін жұмсалады. Эмоцияны білдіру және бейнелеу үшін жұм
-
салатын синонимдік қатардағы сөздер ішінде доминант мағынаны 
эмосемалы сөздер иеленеді.
Эмоционалды мағынаның реңкін күшейте 
түсу үшін синонимдік қатарға кіретін сөздер бір сөйлем ішінде немесе 
сөйленіс барысында жеке ғана қолданылып қоймайды, ыңғайласты
-
рылып та, жұпталып та, қосарланып та қолданылады.
Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдердің бір тобы эмоциялы реңкі бар, 
эмотивті мағынасы бар немесе эмоцияның атауы ретінде қызмет ететін 
сөздер болып табылады. Лингвистикалық еңбектердің бірқатарында 
эмоция
-
экспрессив реңі бар зат есімдер, эмоционалды
-
экспрессиялы 
зат есімдер деп берілгенімен,
ол сөздердің барлығының экспрессиясы 
бар немесе барлығының бойынан эмоционалдылық көрінеді деп 
тұжырым жасай аламаймыз. Мәселен, эмоция
-
экспрессив реңі бар зат 
есімдердің қатарына жатқызылып жүрген қуаныш, ашу, күмән, қасірет 


237 
сөздерінің бойында жеке тұрғанда ешқандай эмоционалдылық жоқ, 
олар тек эмоцияның атын ғана атап, атауыштық қызмет атқарып тұр, 
ал бұл сөздердегі экспрессивтілік туралы сөз қозғаудың өзі артық. Бұл 
пікір эмоционалды
-
экспрессиялы зат есімдер деп беріліп жүрген тіл
-
дік біріліктердің барлығына қатысты емес. Жеке тұрғанда
-
ақ эмоция
-
лы, экспрессивті реңк, мағына беріп тұратын сөздер де бар. 
 
Қазақ тілінде эмотив зат есімдердің бірқатары сөзжасамның синте
-
тикалық, аналитикалық және субстанция тәсілдері арқылы жасалады. 
Синтетикалық тәсіл туынды эмотивтерді, аналитикалық тәсіл күрделі 
эмотивтерді, субстанция тәсілі субстантив эмотивтерді жасайды. 
Субстантив эмотивтер өзінің құрылымы жағынан түбір де, туынды да, 
күрделі де болып келеді. Қазақ тілінде есім негізді зат есім эмотивтер 
де, етістік негізді зат есім эмотивтер сияқты жұрнақ арқылы одағайдан 
да өзге сөз таптарынан да жасалады.
Сөз қуаттылығы оның өз бойындағы мән мен мағынасына ғана 
емес, қолданысына да байланысты. Сөздердің бір қолданысы құбылыс
-
ты, болған оқиғаны атап қана қойса, енді
бір қолданысы ақпараттық 
қызметпен бірге сол құбылысқа қатысты эмоцияны да айқын жеткізеді, 
оқып отырған немесе тыңдап отырған адамның көңіл күйіне де әсер 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет