Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет208/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 
-
ақ, 
-
ау, 
-
ай, да/де, та/те 
демеуліктері айтылған ойға күшейту мәнін 
қосып, айтушының жағымды немесе жағымсыз эмоциясын көрсетеді. 
Қазіргі қазақ тілінде шылаулар өзінің шыққан сөз табынан байла
-
нысын жоғалтқан, лексикалық мағынасынан айырылған сөздер ретінде 
танылады. Шылаулардың эмоция білдірушілік қызметіне жасалған 
талдау шылаулардың жұмсалым үстінде түрлі эмоциялық бояу бере 
алатындығын, олардың жағымды да, жағымсыз да эмоцияның түрлі 
сипатынан бастап, нәзік қалтарыстарына дейін көрсету қызметінің 
шексіздігін көрсетті. Өкінішке орай шылаулардың жұмсалымдық 
қызметі әлі де терең танылмай келе жатқан тілдік құбылыстардың 
қатарына кіреді.
Адам эмоциясының қимыл, дауыс, көзқарас, жүріс т.б. түрлі 
қырының тілдегі көрінісі еліктеуіш сөздер арқылы білдіріледі. Бұл 


242 
тұрғыда қарастырғанда еліктеуіш сөздің мағынасы
ешбір сөз табына 
ұқсамайды деуге болады. Еліктеуіштер затты, заттың санын, сынын, 
қимылды, қимылдың сынын білдіретін сөздермен салыстырғандағы 
басты ерекшелігі адамның сезім мүшелерінің реакциясы нәтижесінде 
пайда болады, яғни дыбысты естудің, бейнені көрудің, дәмді сезудің
адам санасында қорытылуы. Еліктеуіштердің ең үлкен ерекшелігі көп 
жағдайда олар арқылы эмоцияның жағымды я жағымсыз екендігі, 
сонымен қатар эмоцияның деңгейі бірден белгілі болады. Еліктеуіштер 
бейнелі сөздердің қайнар көзі. Хабарлау, ақпарат беру мақсатында 
қолданылатын етістіктердің орнына еліктеуіш негізді я болмаса елік
-
теуішпен тіркесу арқылы жасалған етістіктерді қолдану сөйлемнің 
эмоционалды
-
экспрессивтік бояуын күшейтеді. Дербес мағыналы бір 
негізді етістіктермен тіркескенде эмоцияның сын
-
сипатын, қалай жа
-
салғандығын білдіреді. Дыбыстық еліктеуіштер көп жағдайда жылау, 
күлу сияқты эмоциялардың дыбыстық тұрғыдағы сипатын білдіреді.
Эмоцияның туу себебінің өзі сыртқы дүниенің субъектіге тигізетін 
әсері болып табылады. Сол әсердің нәтижесінде субъект күледі, 
ашуланады, ызаланады, ләззат алады немесе тамсанады. Осы әсерлер
-
дің негізінде адамдардың түрлі дыбыстар шығаруынан пайда болған 
сөздер тобына қазіргі қазақ тілінде одағайлар деп танылып жүрген 
сөздердің негізгі бөлігі жатады.
Адам эмоциясының түрлі реңкін бере 
алатын, яғни көпмәнділік қасиетке одағайлар сөйлеу ситуациясы, 
сөйлемдегі контекст және интонация арқылы ие болады.
 
Көркем шығармада тақырып пен идея таңдау, сюжеттің өрбуі, 
кейіпкер бейнесінің, автор бейнесінің қалыптасуы өзіндік маңызға ие 
бола отырып, біртұтас полотно ретінде шығарманың бүкіл болмысын 
анықтайды. Кез келген мәтінде қолданылатын тілдік бірліктердің 
прагматикалық деңгейі түрліше болатыны белгілі. Тілдік бірліктердің 
прагматикалық маңызы туралы сөз қозғағанда ең алдамен тақырып
-
тардың рөлі басты назарда болуы керек. Себебі, мәтінге қатысты ең 
алғашқы ақпарат олардың тақырыптары арқылы беріледі. Мәтін 
тақырыптары –
жүйелі түрде қолданылатын тілдік бірлік. Олар кез 
келген мәтіннің құрамдас бөлігі ретінде мәтіннің мазмұнын ашатын, 
мәтіндегі алғашқы ақпаратты жеткізетін тілдік таңбаның ерекше түрі. 
Олар мәтін тақырыбы қызметінде жұмсалып, шығарманың мәнін 
ашатын ерекше құрал қызметін атқарады. 
Көркем шығармаларда адамның эмоциясын білдірудің негізгі 
тәсілі –
эмоционалды
-
экспрессивті лексиканы қолдану. Эмоцияны 
сипаттау үшін де, эмоцияны білдіру үшін де тек эмоционалды лекси
-
каның ғана қолданылуы шарт емес. Жеке тұрғанда ешқандай 
эмоционалды реңкі жоқ тілдік бірліктер контекс ішінде эмоциялық 


243 
реңкке ие болуы мүмкін. Көркем шығармалардағы эмоцияның тіл 
арқылы бейнеленуі деген мәселе аясында оның кішкентай бір элементі 

сұрақ белгісінің маңызы ерекше. Сұрақ белгісі, сұраулы құрылымдар 
үлкен шығармашылықтың кішкентай бір элементі болғанымен, үлкен 
рөл
атқаратындығын тілдік деректерге талдау жасау барысында, 
шығармалардың тереңіне үңілгенде байқауға болады.
Көркем мәтінде кейіпкер сөзі жалаң түрде емес, қарым
-
қатынас
-
тың өту жағдайы, орны, кейіпкердің дене қалыптары мен қимыл
-
қозғалыстары т.б. да компоненттердің
қоса суреттелуі арқылы беріле
-
ді. Кейіпкер эмоциясы берілген кезде көркем шығармада аталған 
элементтер де маңызды рөл атқарады. Оларды бейнелеу, кейіпкер 
эмоциясымен үндестіру арқылы біртұтас сурет жасалады. 
 
Эмоция құбылысы лингвистикалық тұрғыдан қарастырылған кезде 
бейвербалды компоненттердің де қызметі мен маңызы ескерілуі қажет. 
Тілдік қарым
-
қатынас кезінде мұндай бейвербалды амал
-
тәсілдер 
айтушы қолданып отырған тілдік бірліктерге
мағыналық реңк берумен 
қатар адамның түрлі көңіл
-
күй жағдайын, эмоциясын, ой
-
пікірін 
жеткізуде тілдік құралдармен бірдей қызмет етеді. Зерттеу жұмысында 
эмоциялық мағына бере алатын маңдайынан сипау, шашынан сипау, 
маңдайынан иіскеу, бетінен сүю, иек қағу, иек көтеру, езу тарту, 
бауырына басу, бауырына тығылу, қолтықтан демеу, қолтығына кіру, 
құшақтау, бет сипау, бетінен иіскеу, бетін шымшу,
жүрегін алақаны
-
мен басу, көзін төмен салу, көзін төңкере қарау, арқадан қағу, қол алу, 
қол беру, қол созу, қос қолын бірдей ұсыну, қол қусыру, қол қысу, 
қолын кеудесіне қою, қол соғу, қол жаю, қол сілтеу, бас бармағын 
көрсету, сұқ саусағын шошайту, бас ию, бас изеу, басын изеңдету, бас 
шұлғу, басына сипау, басын шайқау, аяғымен жер тепкілеу т.б. да 
паралингвистикалық амал
-
тәсілдерге талдау жасалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет