58
тердің пікірінше өте күрделі рухани күйзелістер мен қиын ситуация
-
ларда адам өзіне
«Мен кіммін?», «Менің өмірімнің мәні неде?»
деген
сұрақтарды қояды. С. Кьеркегор экзистенция ұғымын адам өмірінің
мәнімен, таңдау жасау жағдайларымен, жалғыздық мәселесімен тығыз
байланыстыра қарастырады.
С.А. Мажинбеков «Жан мен тән үйлесімділігі: мәдени
-
философия
-
лық талдау» тақырыбындағы диссертациясында: «...басқа физикалық
денелерден тәннің басты айырмашылығы оның субъективтілік туғызу
қабілеттілігі, яғни жан иесі болатындығы. Табиғаттанулық ілімдерде
(анатомия, биофизика, физиология, биохимия т.т.) адамның денесі
оның осы болмыстық, рефлекциялық қасиеттерінен тыс қарастырыла
-
ды және биологиялық режимде жұмыс істейтін механизмге айналып
кетеді. Алайда қайталап айтайық, тән «механизм» болса да, ерекше
бітімде (өзін
-
өзі сезінуші және пайымдаушы) әрекет етеді. Тән адам
үшін жай ғана биологиялық Субстрат емес (әрине бұл да маңызды).
Қазіргі жаңа евгеника мен инженерияның колбада адам тәнінің батау
-
ларын өсіріп, не оларды көбейтіп жіберуге мүмкіндіктері бар. Бірақ
адам тәні тек органикалық өлшемде емес, ең алдымен әлеуметтік
-
мәдени контиумда өмір сүреді. Оның тәні үшін көңіл күйдің жоғары
болғаны алғашқы құндылықтар қатарына шығады», –
деп жазады
[38,
20].
Дұрыс сөз айту да адам ақылдылығының айғағы. Асыл сөз терең
ойдан ғана шығады. Қазақ ойшылдары, ақын
-
жыраулары, билері қазақ
философиясының категорияларын көркем сөзбен жеткізіп отырған.
Қазақ философиясында ішкі сезімдердің орны ми емес, жүрек. Жүрек
деп адамның ақылы, санасы, ойы және көңілі біртұтас бірлікте
қарастырылады. Абай:
«Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек?
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек», –
деп жазады. Бұл жерде
Достарыңызбен бөлісу: