Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет41/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

«Көңіл қартаймас, 
көз қартаяр
»,

дейді.
 
Сөздің адам көңіліне әсер
етер ерекше қасиетін қазақ халқы 
ерекше бағалаған. 
Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады, Күн 
жылытпас қараңғы көңілді сөз жылыта алады; Айтылған сөз –
 
атылған оқ; Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле; Сөзің тәтті болсын, 
Ашуың қатты болсын
деген мақалдар қазақ
халқының сөйлеу 
мәдениетіне ерекше талап қойғандығын көрсетеді.
 
Қазақ тілінде сөз 
қуатының орасан зор күшін көрсететін 
Жақсы лебіз, жарым ырыс; 
Жылы
-
жылы сөйлесе, жылан інінен шығады; Сөз тапқанға қолқа 
жоқ; Асыл сөзге өлім жоқ; Тіл жүйріктен де озады 
деген мақалдар 
бар. 
Қорыта келгенде, көңіл дегеніміз –
жүректің терең түкпірінде 
жатқанымен адамның сөзінен, қылығынан, мінезінен көрініп тұратын 
тылсым дүние. Екінші адамның көңілін дөп басып тану, сезу, түсіну 
кез келгеннің қолынан келе бермейді. Адамның ішкі әлеміндегі құбы
-
лыстар бір
-
бірімен тығыз байланыста болғанымен, көңіл мен
көңіл
-
күй 
екеуі бір ұғым емес.
Көңіл адамның көңіл
-
күйін ғана бейнелейтін 
құрал емес,ол адамның бар өміріне ықпал ететін күш. Адам көңілін 
сабасынан шығарар күштің бірі –
эмоция.
Эмоция аз ғана уақыттың 
ішінде көңілді сан алуан күйге түсіруі мүмкін. Ішкі құбылыстардың 
бірі ретінде көңіл де оларға әсер етеді. Мәселен, құлазыған көңіл адам 
эмоцияларының тез тұтануына себеп болады. Адам тез ашуланады, тез 
жылап жібереді, қайғырады. Көңіліне небір жағымсыз ойлар, үрей 
келеді. Көңіл көңіл күймен салыстырғанда кең мағынадағы ұғым, 
көңіл күй көңілмен салыстырғанда құбылмалы болып келеді.
Күрделі эмоция ретінде қарастырылатын көңіл категориясы ғана 
емес, жалпы эмоционалдылық мәселесінің өзі кешенді түрде арнайы 
зерттелмеген, ғалымдар тарапынан соңғы жылдары ғана жан
-
жақты 
қарастырыла бастаған өзекті мәселелердің бірі.
Қорыта келгенде эмоцияның қазақша мәні тітіркену, толқу. Яғни 
адамның жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан қуану, 
шаттану, қорқу, ызалану, ашулану сияқты жағдайларының көрініс 


53 
беруі. Жағымды эмоция адамның көңіл
-
күйін көтеріп, іс
-
әрекеттерге 
шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізсе, жағымсыз эмоция 
көңіл
-
күйін түсіріп, іс
-
әрекетін берекесіздікке ұшыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет