Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет38/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 
т.б. да
 
фразеологизмдер мен 
долданды, боқтады, екіленді, 
балағаттады 
т.б. да лексикалық бірліктер арқылы беріледі. Мысалы, 
Қабағы қарс жабылып түн өлкесіне бұ да қарады. Аузын ашса, іштегі 
ашу
-
ыза лақ ететін түрі бар. Ақыры шыдамады, 
талағы тарс 
айырылды 
(С. Елубаев).
 

 
Қатыны болсам, не қыппын? Ойнас қыппын ба?
 
Өтірік айтып
-
пын ба? Құдайға шүкір, оң қолым таза, аузым оймақтай! Келсем 
құдайдың жазуымен келіп отырмын. Аяғынан келген дейтін 
шығарсың. Құдай сендей әбиірі кеткеннен, орысқа салдақы болғаннан
сақтасын! –
 
деп, бастырмалатып, 
ауызынан ақ ит кіріп, қара ит 
шыққанын білмей бұрқырап жатқанда
, Ақбілек шыдай алмай, еңіреп 
шыға жөнелді (Ж. Аймауытов). 
 
Ғалымдар еңбегінде аффект –
адамның жан
-
дүниесінің бір сәт 
дағдарысқа ұшырауы, апатты жағдайға ұшырауы түрінде сипатталады. 
В.К. Вилюнас

«В критических условиях при неспосбности субъекта 
найти быстрый и разумный выход из опасной ситуации возникает 
особый вид эмоциональных процессов –
аффект. Одно из существен
-
ных проявлений аффекта состоит в том, что он, «навязывая субъекту 
стереотипные действия, представляет собой определенный закрепив
-
шийся в эволюции способ «аварийного» разрешения ситуаций: 
бегство, оцепенение, агрессию и т.п.», –
деп жазады [34, 10]. Аффект 
кезінде адам тұра қашу, мелшиіп қатып қалу, бас салу, ұрып
-
соғу, тіпті 
өлтіріп жіберуге дейін баратын қимыл
-
қарекеттер жасайды. Мысалы, 
Бақтығұл не болса да, қарсыласып өлуді тіледі. Сейіттің жан ұшыра 


50 
ара түсуі әке жанын өртеп жібергендей болды. Жан дәрмен қолына 
ұстап отырған қайың көсеуді жұлып ала, Сәлменнің қамшысын сол 
қолымен жұлқа тартып, атып тұрып, көз жұмғандай шапшаңдықпен 
Сәлменді қақ бастан үш
-
төрт рет тарс
-
тұрс періп
-
періп жіберді (М. 
Әуезов).
Күтпеген, я өте күшті эмоцияның әсерінен туатын аффект 
жағдайында адам ақыл
-
есінен айырылып қалмағанымен, өзінің іс
-
әрекетіне жауап бере алмайтын, не істеп не қойғанын білмейтін күйге 
түседі. Күшті эмоция әсерінен болған аффект кезінде адам талып 
қалған, я болмаса жарақаттанып қалған жағдайда, я болмаса жүйкесіне 
түскен қатты күштің әсерінен уақытша болса да ақыл
-
есінен адасуы 
мүмкін. Бұл туралы Ә. Алдамұратов: «Аффектілердің тууы мидағы 
қозу мен тежелу процестерінің өте күшті болуымен байланысты. 
Мұндай өте екпінді сезімдердің сыртқа тебуі, әсіресе, мидың төменгі 
бөлімдерінің қатынасына байланысты. Сезімі аффект дәрежесіне 
көтерілген кезде, адам көп жағдайларды байқамай қалуы мүмкін», –
деп жазады [25, 200]. Мысалы,
Мұнан әрі ол не істеп, не қойғанын өзі де пайымдай алмай қалды.
 

 
Сен неге күлесің ей, әкеңнің... –
 
деп кеп Тананы теуіп жіберді. 
Тана бірдеңе деп қарсылық білдірген, бұл одан әрмен еліріп,
 
аузына 
келгенді айтып, төмпештей жөнелді. Ең ақырында:
 

 
Қазір кет үйден!.. Екі қабат тұрмақ, төрт қабат болсаң да... 
маған әйел табылады. Өзің тілемсектеніп келгенсің, нағыз жарыма
-
ған, жетімек! Қара мұны!.. –
 
деп есіріктенді (С. Мұратбеков).
 
Эмоцияның қарқындылық деңгейі тұрғысынан алғанда аффект ең 
күшті эмоциялық деңгейге жатады. Бұл туралы Ә. Алдамұратов: 
«Түрлі сезімдер адам бойында әр алуан себептерге байланысты пайда 
болып, олардың сыртқа шығуы да түрліше сатыда көрініс береді. 
Мысалы, қорқу кезінде адам басынан неше түрлі күй кешеді. 
Қорқудың бастапқы сатысы –
тынышсызданып, сескену. Содан кейін 
қорқу пайда болып, ол күшейе түссе, аффект туады. Адамның үрейі 
ұшып абдырайды», –
деп жазады [25, 200]
Қорыта келгенде, аффект дегеніміз –
қатты эмоция әсерінен 
адамның өзін
-
өзі игере алмай қалуы. Қазақ мақалы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет