46
Ашу –
адамның
көңіліне біреудің қарым
-
қатынасы, іс
-
әрекеті,
мінез
-
құлқы, сөзі жақпай қалғанда көрсететін ішкі дүниенің қарсы
-
лығы. Адам бойындағы ашу оның сөзінен, бет
-
әлпетінен, қимыл
қозғалысынан да байқалады.
Қатты
қуаныш
төбесі көкке екі елі жетпей қалды; өлген әкесі
тіріліп келгендей қуанды; жерден жеті қоян тапқандай қуанды;
көңілі судай тасыды;
т.б. тұрақты тіркестер арқылы бейнеленеді.
Мысалы,
Шымылдық алдында бұратылып отырған Хансұлу сырға,
шашбауы сылдырап түрегелді. Үстінде шұбатылған ақ жібек
көйлек.
Көз жасын сүрткіштеп отырған Қозбағар Хансұлудың қозғалғанын
көріп
жүрегі жарылардай қуанып кетті
(С. Елубаев).
Қуаныш
кезіндегі қимыл
-
қозғалыстар екінші адамды құшақтау,
бетінен сүйіп алу, секіру, жүгіре жөнелу, қол шапалақтау т.с.с. түрінде
көрініс береді. Мысалы,
Қозбағар «комсомол» болғанда Торқа кемпір
қуанғаннан шойнаңдап жортып, бүкіл ауылды айналып шықты.
«Адыраң қалғыр, ал керек болса! Ойындарың келген екен бадырақпен»
–
деп (С. Елубаев).
–
Әй, қатып кететін болды, –
деп Барақ
қуанғанынан алақанын
шапақтап
жіберді
(С. Мұратбеков).
Төменде келтірілген үзіндіде
баласының келгенін естіген
ақсақалдың қуанғаннан сасқалақтап қапелімде орнынан тұра алмай
қалған сәті суреттелген.
Заматта гүріл үй сыртына келді. Бір
-
екі рет үстемелете арыл
-
дап өшіп қалды. Машинадан улап
-
шулап түсіп жатыр. Бала дауысы,
әйел дауысы...
Достарыңызбен бөлісу: