Қазақ тіліндегі эмоционалды


 Адам эмоциясы және психология ғылымы



Pdf көрінісі
бет47/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

1.5.2 Адам эмоциясы және психология ғылымы
 
Психология тұлғаны психикалық процестердің, қатынастардың 
(темпарамент, мінез
-
құлық, қабілет, ерік т.б.) тұрақты тұтастығы ретін
-
де зерттейді. Психология эмоциялар, сезімдер, танымдық және басқа 
да процестер арқылы көрінетін адамның ішкі әлеміне басты назар 
аударады. Психология ерте заманнан келе жатқан білім салаларының 
бірі. Психология гректің «
псюхе» 

 
жан және «
логос» 

ілім деген екі 
сөзінің бірігуінен жасалған термин. Яғни, қарапайым түрде түсіндір
-
сек, психология –
жан туралы ілім, ғылым тілімен айтсақ, психология 

психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу 
заңдылықтары туралы ғылым. 
«Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние зат
-
тары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып 
табылады» [31, 4]. Психикалық құбылыстар дегеніміз не? 
Психика
-
лық құбылыстар
психикалық процестердің, психикалық қалыптың, 
психикалық қасиеттердің жиынтығынан тұрады. 
Психикалық про
-
цестер
деп адамның заттар мен
құбылыстарды танып білуі ретінде 
көрінетін 
түйсік, қабылдау, елес, ойлау, қиял, ерік, сезім
т.б танылады. 
Психикалық қасиет
деп бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз 
болатын 
мінез, қабілет, темпарамент, талғам, дүниетаным 
сияқты 
ерекшеліктер танылады.
Психикалық кейіп
деп (кейбір әдебиеттерде 
психикалық қалып деп те беріліп жүр)
үрейлену, абыржу, шабыттану, 
қорқу, ұялу
сияқты адамның түрлі көңіл
-
күйінің компоненттері 
танылады.
Адамның заттар мен құбылыстарды танып білуі ретінде көрінетін 
түйсік, қабылдау, елес, ойлау, қиял, ерік, сезім т.б. да психикалық 
процестер адам эмоциясымен тікелей байланысты. Адамның ойлау 
процесі туралы 
Қ. Жарықбаев: «Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, 
қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар 
мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау 


61 
процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы 
қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар 
сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның 
қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. 
Адамның ой әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір
-
біріне жанастыра 
отырып шешуде өте жақсы көрінеді», –
деп жазады [31, 184]. Яғни, 
ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының 
байланыс
-
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде 
сөз арқылы бейнеленуі. Төмендегі микромәтінге назар аударайық.
Осы Көкбайдың машинасына отырғаны үшін өзіне
-
өзі ыза боп 
келеді, осы Көкбайдың машинасына әкеп телігені үшін апасына 
ренжіді: «Ел сияқты автобуспен
-
ақ барып қайтатын едім ғой, жоқ 
жалғыз барсам мені бір қасқыр жеп қоятындай «дайын машина, 
дайын машина» деп қолды
-
аяққа тұрғызды ма»,

 
деп ойлады (С. 
Мұратбеков). 
Машина ішінде отырған бала түйсік пен қабылдау 
арқылы алынған мәліметтерді, болып жатқан жайттарды сезім мүше
-
лері арқылы өңдеп, өкініп, ой қорытып, ренжіп отыр. Ойлау сезімдік 
мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болады.
Ойлау өзіндік ішкі қарама
-
қайшылықтарға толы процесс. Ойлау 
процесінде жаңа, белгісіз, күтпеген нәрселерге, құбылыстарға зер
салып қызығудың, таңданудың да маңызы зор. Белгісіз, түсініксіз 
нәрселер мен құбылыстарды білуге деген ынтызарлық адамды түрлі 
сұрақтарға жауап іздеуге, ой әрекетімен шұғылдануға итермелейді. 
Ойлау сұраққа жауап іздеуден, мәселенің мән
-
мағынасын түсінуге 
ұмтылудан жақсы байқалады. Адамды түрлі эмоциялық күйге түсіреді.
Төмендегі микромәтінге назар аударайық. 
Ақбілек баяғы емес. Өзгерген, өнер тапқан, жетілген, ысылған. 
Әйелдерге көсем болған. Бұрынғы бұйығы, ұялшақ, сызылған, мұңай
-
ған Ақбілектің ізі де жоқ. Ақбілектің қылығын, ісін көргенде ақсақал 
таңданады: «Бұл қалай боп кеткен? Қаланың не қасиеті бар? Жұп
-
жуас, ұялшақ бала емес пе еді?» деп ойлайды. Қалайда Ақбілек жат, 
Ақбілек өнерлі! Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы. 
Енді ақсақал одан именеді. «Мынауың теріс» деуге бата алмайды. 
Баяғы өзінің қаталдығын ойлағанда, өзінен
-
өзі ұялады. «Кешірім 
сұрасам, қайтер еді» деп бір ауық ойланады. Бірақ әке басымен балаға 
кішіреюді лайық көрмейді. Сондықтан Ақбілекпен кездескенде:
 

 
Қарағым, немене? Шөлдеген жоқсың ба? Қымыз іштің бе? –
 
деген сияқты қалбалақтап қалады .
 
Әкесінің онысын Ақбілек те сезеді, әкесін аяйды (Ж. Аймауытов).
 
Тек лингвистикалық зерттеу жұмыстарында ғана емес, адам эмо
-
циясын қарастыратын басқа ғылым салаларындағы зерттеулерде де 


62 
эмоцияны мінез, темпарамент, қасиет, сезім 
т.б. да психикалық 
құбылыстармен шатастыру, кей жағдайда синоним ретінде қолдану 
жиі кезедеседі. Бұл біріншіден, аталған мәселелердің тек тіл білімінде 
ғана емес, басқа ғылым салаларында да жеткіліксіз зерттелуінен болса, 
екіншіден, бұл құбылыстардың шын мәнінде ара
-
жігін ашудың, 
шекарасын көрсетудің көп жағдайда теориялық тұрғыдан да, практи
-
калық тұрғыдан да қиындығында, үшіншіден, бұлардың бір
-
бірімен 
ұштасып жатқан, тіпті кей жағдайда мәндес те болып кететін ұғымдар 
екендігінде.
Адамның мінез
-
құлқы оның әлеуметтік
-
психологиялық ерекшелік
-
терімен, атап айтқанда, темпараментімен, эмоционалдық сипаттама
-
ларымен, ақылымен, жалпы мәдениетімен тікелей байланысты болады. 
Сол сияқты жеке адамның эмоциясының түрлі көрінісі, түрлі эмоция
-
лық жағдайда өзін ұстауы оның мінезіне, темпараментіне, мәдениетіне, 
жеке басының түрлі қасиеттеріне байланысты. Философияда
 
«адам» 
ұғымы барлық адамдарға тән ортақ ерекшеліктерді сипаттау үшін 
қолданылады. Бұл ұғым адамзат тегінің басқа материалдық жүйелер
-
ден ерекше, өзіне тән өмір сүру ерекшеліктерін көрсетеді. «Тұлға»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет