Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет48/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 

 
нақты адамның дамуының нәтижесі, адамдық сапаларының толығы
-
мен көрінуі. Тұлға биологиялық, психологиялық, әлеуметтік фактор
-
лардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Биологиялық қасиет 
адамда барлық тірі организмдерге тән физиологиялық ерекшеліктер 
арқылы көрінеді. Жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеті қоғамның әсері 
арқылы қалыптасады. Психологиялық ерекшелік ол әрбір адамның 
қабілет, ерік, мінез
-
құлық, темпарамент
т.б. айырмашылықтарын 
көрсетеді. Осы факторларды жинақтап бір сөзбен айтқанда тұлға 
дегеніміз биопсихоәлеуметтік факторлар жиынтығы. Бұл үш фактор 
бір
-
бірімен тығыз байланысты. Мәселен, жеке тұлғаның қалыптасуына 
әлеуметтік ортаның тигізетін әсерінің өте маңызды екендігі рас, бірақ 
биологиялық (генетикалық) фактордың да маңызы зор. Себебі ұқсас 
әлеуметтік жағдайда өмір сүргенімен қоғамда ешқашан бір
-
бірінен еш 
айырмашылығы жоқ адамдар қалыптаспайды. Өйткені адамның жеке
-
лік қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік факторлар ғана емес, 
сонымен қатар, биопсихикалық факторлар да әсер етеді. Аталған үш 
фактордың түрлі әсерінен қоғамда еркі жоқ жалқаулар да, ерекше 
жігерлі тұлғалар да қалыптасады. Адамның мінез
-
құлқының әр түрлі 
болатыны да осыдан. 
Жеке адамның өмірінде дүниетанымдық, құндылық және норма
-
тивтік факторлардың мағынасын, оның әлеуметтік мінез
-
құлқының 
өзіндік реттелуін диспозиция теориясы түсіндіреді. Тұлғаның диспози
-
циялық теориясы психологияның да, әлеуметтанудың да ғылыми 


63 
жетістіктеріне сүйенеді. Диспозицияның психологиялық теориясының 
негізін ХХ ғасырдағы белгілі американдық психолог Г. Олпорт салған. 
Г. Олпорттың пікірінше мінез бен темперамент синонимдес ұғымдар. 
Мінез моральдық стандартқа немесе құндылықтар жүйесіне сәйкес
-
тендіріліп қарастырылады
да, осының негізінде адамның қылығына 
баға беріледі. Мысалы, мына адамның мінезі жақсы екен деген пікір 
адамның тұлғалық сапасының әлеуметтік және этикалық тұрғыдан 
қалаулы екендігін көрсетеді. Г. Олпорттың пікірінше мінез –
бұл 
бағаланған тұлға, ал темпарамент –
бағаланбаған мінез. Сондықтан 
темпарамент индивидумның эмоционалдық табиғатының тұқым қуа
-
лаушылық аспектісін талқылауда маңызды деп есептейді. Г. Олпорт: 
«Әрбір адам қайталанбас жаратылыс. Әлемде бір
-
біріне толығымен 
теңдес адамдарды табу мүмкін емес», –
деп жазады [39, 124].
 
Р. 
Кеттелл тұлғаның қайталанбас ерекшеліктерінің дамуына тұқым қуа
-
лаушылық пен қоршаған ортаның әсері тұрғысынан талдау жүргізеді. 
Зерттеушінің бағалауынша тұлғаның үштен екі сипаттамасы қоршаған 
орта арқылы, үштен бірі –
тұқым қуалаушылық арқылы анықталады 
[40, 57].
 
Бірінші дискуссия эмоция мен сезімге қатысты. Ғалымдардың бір 
тобы эмоцияны сезімнен бөлек құбылыс ретінде қарастырса, енді бір 
тобы екеуін бір
-
біріне ұласатын құбылыстар ретінде қарастырады, 
мәселен, эмоцияның нәтижесінде сезім туады деген тұжырымды 
ұстанады, сонымен қатар, эмоция мен сезім бір, екі сөзді бір
-
бірінің 
синонимі ретінде қарастыру керек деген де пікірлер бар. Эмоция –
психологиялық категория болғандықтан, эмоцияны лингвистикалық 
тұрғыдан сөз еткенде оның психологиялық теориясына үнемі жүгінуге, 
психолог
-
ғалымдардың да пікірлерін негізге алуға тура келеді. Қ. 
Жарықбаев: «Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның 
қажеттеріне сәйкес келу
-
келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыра
-
тын психикалық процестің түрін
 
сезім
деп атайды.
Сезімдер –
өте 
күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік 
қажетіне, өзара қарым
-
қатынасына байланысты сан алуан формаларда 
көрінеді», –
дей келе: «Сезімдерді эмоциялардан айыра білмеушілік
бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де 
соқтырады», –
деп жазғанымен [33, 246], осы еңбегінде: «Қажеттердің 
түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда көптеген ұнам
-
ды және ұнамсыз сезімдерді туғызады, жек көрушілік, шошыну, абыр
-
жу, наздану, іш пысу, зерігу т.б. осындай сезімдер мен эмоциялардың 
сан алуан түрлері» ,–
деп сезім мен эмоцияны бірге қарастырады [33, 
246]. Автор «эмоция мен сезімді айыра білу керек» –
деп жазғанымен, 
сезім мен эмоцияның ара жігін ашудың өзіне де қиындық тудырып 


64 
отырғандығын,
еңбектегі «қорқыныш сезімі», «қорқу эмоциясы» деген 
қолданыстардан да байқауға болады. 
Қазақ тілінде эмоция ұғымын беру үшін көбіне
-
көп 
сезім, күй
сөздері қолданылады. Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет