Қазақ тіліндегі эмоционалды


  1.5.3 Адам эмоциясы және физиология ғылымы



Pdf көрінісі
бет50/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 


65 
1.5.3 Адам эмоциясы және физиология ғылымы
 
Физиология –
адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің ағзасын
-
дағы тіршілік процестерін зерттейтін ғылым. Адам эмоциясын физио
-
логтар да зерттейді. Себебі эмоция –
адам мен жан
-
жануарлардың 
сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы, қоршаған 
ортамен қарым
-
қатынас негізінде пайда болатын көңіл
-
күйі. Эмоция 
ағзаның әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) 
немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адам ағзасы 
сыртқы әсерлерге тез реакция көрсетеді. Физиологтар эмоцияның адам 
ағзасына әсерін, адам ағзасының кейбір мүшелерімен тікелей байла
-
нысын да зерттейді. Эмоциялық жағдайлардың адамның тыныс алу 
мүшелеріне, қан айналу мүшелеріне, бет әлпеті мен дене мүшелеріне 
түрлі өзгерістер енгізетіні адамдардың күнделікті қарым
-
қатынасы 
кезінде де көрініс тауып отырғаны белгілі, бұл мәселе физиология 
ғылымында да дәлелденген. Мәселен, қатты ашуланған я қорыққан 
адамның жүрек соғысы жиілейді, үрейленген адам дірілдейді, көзі 
алаяды т.б. Эмоция әсерінен болатын ағзадағы түрлі өзгерістер тілден
де өз көрінісін тапқан. Мысалы, 
селк ете қалу, екі көзі шарасынан 
шығу,
қаны басына тебу, көзі бұлдырау
т.б.
Шәкәрім жазған «Үш анықта» адамның жан дүниесі мен тән мәсе
-
лесі терең зерделенген. Шәкәрім адамның жан дүниесі мен тән арасын
-
дағы терең байланысты аңғара білген. Еңбекте адам эмоциясының 
ағзаға әсері былай суреттеледі: «Шын анықтап қарағанда, жан дене 
сияқты емес. Дене өледі, өзгереді. Жан олай емес, екеуі бірігіп тұрған 
кезде бір
-
біріне қатты әсер береді. Ашу, жек көру, сүю сияқты әсер
-
лердің бәрі бетке шығады. Жан қатты әсерленсе, денені қиыншылыққа 
түсіреді. Кейде қапиядағы қатты қуаныш, қорқыныш, қайғы адамды 
өлтіріп те жібереді. Жан мен дене бір
-
біріне жат. Бөлек жаралған болса 
да, бірігіп тұрғанда үстіп бір
-
біріне әсер береді» [41, 125]
Адамның тілі байланып қалуы, күрмелуі, сөйлей алмай қалуы, 
тұтығуы т.б. аяқ астынан болған, күтпеген оқиғаның, қатты толқудың 
әсерінен туатын физиологиялық процестер. Мысалы, 
Жұматтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет