Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет58/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

«мальчик»
(бейтарап), 
«мальчуган»
(қарапайым) және
т.б. Қазақ тілінде жаңа форма құрайтын 
аффикстер арқылы: 
-
еке,
 -
қа,
 -
ке,
 -
жан,
 -
қай, 
-
шақ, 
-
шек, 
-
сымақ
және 
т.б., мысалы: 
«бала» 

«балақай», «бота» 

«ботақан»
. Етістіктер мен 
сын есімдерге де аффиксация мен редупликация тән: 
«қып
-
қызыл», 
«қызғылт», «қалш
-
қалш етіп» 
(қалшылдаудан); 2) Қазақ және орыс 
тілдерінде экспрессивті сөздердің ерекше типі − номинативті лексем
-
дерден шыққан еркін семантикалық, метафоралық лексемалар бар. 
Бұл сөздердің экспрессивтілігі белгілі бір жағдайға байланысты және 


77 
сәйкес келетін контексте көрініс табады. Эмоционалды бағалау 
қалыпты элементтерді күтпеген жерден қолдануда пайда болады. 
Мысалы, 
«чахлый»
− 
«қураған»
сын есімінің қайта қолданыстағы 
мағынасы 
«вянущиий,
слабый».
Контекстен тыс қолданыста сөздің тек 
номинативті мағынасы қабылданады, ал контексте 
«чахнуть от 
тоски» − «қайғыдан жүдеу»
− лексемасын метафоралық қолдану 
барысында экспрессивтілік пайда болады. Лексеманың бұл түрінің 
бөлінуі, біршама қиындықтар туғызады, бірақ экспрессия − ауыс
-
палы мағынаның маңызды белгісі, уақыт өте келе метафоралық және 
метаномиялық мағыналар өз мәнерлілігін жоғалтады, яғни номина
-
тивті қатарға қайта оралу жүзеге асады [12, 16].
Экспрессивтіліктің сөйлеудің немесе мәтіннің сипаты ретінде көрі
-
нуіне қарым қатынас жағдайы да әсер етеді. Қарым
-
қатынас жағдайы 
сөйлеушінің немесе жазушының ойға алғаны, тыңдаушының немесе 
мәтінді оқып отырған адамның қарым
-
қатынас кезінде көрінетін білімі 
мен дүниетанымы, сонымен қатар коммуникативті актінің лингвисти
-
калық және экстралингвистикалық контексі ретінде көрініс табады. Тіл 
бірліктері экспрессивтіліктің жүйелік
-
тілдік тасымалдаушылары және 
жүйелік
-
бейтарап бірліктер болып жіктеледі. Өз алдына экспрессивті
-
ліктің тасымалдаушылары болып табылмайтын сөздер мен сөйленім
-
дер де кейбір шартты жағдайларда осы қызметті атқара алады. Осы 
жағдайда сөйлеудің немесе мәтіннің экспрессивтілігін жасауда басты 
орында тек тілдік бірліктің экспрессивтілік потенциалы ғана емес, 
қарым
-
қатынас жағдайы, ең бастысы контекст маңызды роль атқарады.
Экспрессивтіліктің ұлғаюына сөйлеуші немесе жазушының интенция
-
сының және оқушы немесе тыңдаушының қарым
-
қатынас кезінде 
көрінетін білімі мен дүниетанымының сәйкес келмеуі қосымша әсер 
етуі мүмкін.
Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлының пікірінше: «Сөздің бейнелі 
мәнерлі айтылу мен сезімге әсер ету қасиеті бір
-
бірімен тығыз байла
-
нысты. Эмоция бар жерде экспрессивтік болады. Ол эмоционалдық 
бояуы бар сөздер арқылы білдіріледі. Әсіресе адамның сүйіспеншілік, 
масаттанушылық, жағымпаздық, мақтанушылық, есіркеушілік, ерке
-
лік, таңырқаушылық, қошаметшілік, өшпенділік, үрейлену, сес көрсету 
сияқты жағымды
-
жағымсыз қасиеттерін білдіруде жиі кездеседі» [11, 
178].
Әр түрлі деңгейдегі тілдік бірліктерді қолдануда стереотиптерден 
ауытқу да экспрессивтіліктің лингвистикалық механизмі болып 
саналады. Коммуникативті актіде қолданылатын тілдік бірліктердің 
сипатына және қарым
-
қатынас жағдайына қарай экспрессивтіліктің 
жүзеге асырылуының төрт түрін атап көрсетуге болады: 


78 
1) жүйе ішіндегі экспрессивтілік –
экспрессивтіліктің жүйелік
-
тілдік тасымалдаушылары экспрессивті контексте қолданылады; 
2) контекстуалды экспрессивтілік –
жүйелік
-
бейтарап бірліктердің 
контексте экспрессивтілік қасиетке ие болуы; 
3) экспрессивтіліктің жүйелік
-
тілдік тасымалдаушылары бейтарап 
контексте қолданылады –
экспрессивтіліктің контекстуалды жойылуы 
немесе псевдоэкспрессивтілік;
4) жүйелік
-
бейтарап бірліктер бейтарап контексте қолданылады –
нөлдік экспрессивтіліктің жүзеге асуы.
Атап көрсетілген жағдайлар арасында қатып қалған шекара жоқ. 
Мысалы, жүйелік
-
бейтарап бірліктердің экспрессивті контексте бірне
-
ше рет қолданылуы олардың жүйелік
-
экспрессивтілікке айналуына 
алып келуі мүмкін. Немесе керісінше де болуы мүмкін. Экспрессив
-
тілік жүйелік
-
экспрессивті бірліктердің экспрессивті контексте өте жиі 
қолданылуы жағдайында жойылады. Мұндай контекстің экспрессиясы 
солғын болады.
Экспрессивтілік тілдік бірліктердің денотативті мағынасына кір
-
местен, оның коннотативті мағынасының негізгі бөлігін де құрайды. 
Экспрессивтілік өзі секілді күрделі және көпдеңгейлі лингвистикалық 
категориялармен байланысты. О.С. Ахманова, Р.А. Будагов, В.Г. Гак, 
А.Н. Гвоздев,
В.А. Звегинцев және т.б. да зерттеушілердің еңбек
-
терінде экспрессивтіліктің эмоционалдылықпен байланысы тығыз, кей 
жағдайларда бұл түсініктер синоним ретінде қолданылады да, олар
-
дың жіктеліп, бөлінуі аса принципті болмайды. Алайда бұл екі катего
-
рия қиылысу жағдайында тұр, олардың жалпы мазмұнының басым 
бөлігін эмоционалды экспрессивтілік құрайды. Ал қиылыспайтын
сфера ретінде денотативті мазмұнның компоненттері танылады. Олар 
бір жағынан эмоцияны бере алған болса, екінші жағынан эмоционалды 
емес болып, логикалық
экспрессивтілікті береді. Экспрессивтілік 
сонымен қатар акценттілікпен, интенсификациямен, бағалаумен, 
персуазивтілікпен (оқушы немесе тыңдаушыға әсер ете алу қасиеті), 
образдылықпен, ойлап табушылықпен байланысты. 
Қазіргі орыс тіл білімінде экспрессивтілікті зерттеуде екі негізгі 
бағыт бар. М.Н. Кожина, Н.М. Павлова, Т.Г. Хазагеров және басқалар 
экспрессивтілікті функционалды
-
стилистикалық бағытта зерттесе,
Л.М. Васильев, Н.А. Лукьянова, Т.В. Матвеева, В.Н. Телия және басқа
-
лар семантикалық бағытта зерттейді.
Орыс тіл білімінде экспрес
-
сивтілікті нақты анықталған лингвистикалық категориямен алмастыру 
қажет деген де түсінік бар.
Экспрессивтіліктің жалпы міндеті айтылған жайға субъективті 
қатынасты көрсету немесе айқындау. Сөйлеуші немесе жазушы тара
-


79 
пынан бұл –
баяндаудың күшейтілуі, даралануы, айтылуға ерекше 
мән берілуі,
сезімді, эмоцияны, көңіл
-
күйді
білдіруде тілдік стандарт
-
тардан, нормалардан бас тарту, баяндаудың күшті эмоциямен берілуі, 
образдылықтың және эстетикалық эффекттің жасалуы. Ал оқушы 
немесе тыңдаушы тарапынан бұл –
назар аударуды күшейту және 
баяулату, рефлексияның күшейтілуі, эмоция мен сезімдердің пайда 
болуы.
Экспрессивтілікті білдіретін жүйелік
-
тілдік (немесе парадигмати
-
калық) құралдар тілдің барлық деңгейлерінде кездеседі. Экспрессив
-
тілікке жетудегі
фонологиялық және просодиялық құралдарға негізі
-
нен дыбыстың созылуы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет