129
Сан есімдер негізінен заттың есебін, ретін, мөлшерін т.б. да сандық
ұғымдарын білдіріп, көп жағдайда өзінің тура мағынасында қолда
-
нылатын болғандықтан тілдік бірліктердің экспрессивтілігі, эмоция
-
лық бояуы, стильдік ерекшеліктері мәселесі сөз болғанда реңк тудыру
-
шы, стильдік түрленуі төмен бірліктер ретінде бұл сөз табына аса
назар аударылмайды. Бірақ қазақ тіліндегі эмоционалдылық мәселесін
жан
-
жақты зерделей отырып, аталған мәселеге байланысты дереккөз
-
дерден жиналған тілдік фактілерге назар аудара отырып, сан есімдер
-
дің сезім білдірушілік, экспрессивтілік тудырушылық қасиеті төмен
немесе мүлдем жоқ деген пікірдің негізсіздігіне көз жеткізуге болады.
Д. Әлкебаева сан есімдердің стилистикалық қызметі турасындағы өз
пікірін былай тұжырымдайды: «Сан есім әруақытта өзінің семанти
-
калық күшін тұрақты сақтайды, ауыспалы мағынаға өзінің стильдік
қуатын жібермейді, сонымен қатар метафоралық мағынаға да жиі жұм
-
салмайды, яғни, кейбір ауыспалы мағынаға ауысуға ерекше белсен
-
ділік танытпайды, соған қарамастан өзінің нақты, дәлелді, сандық
қасиетімен барлық стильде бірізділік пен стильдік тәртіптілік мәнерін
түзуде сөз таптарының ішінде сан есім бірінші орын алады. Сондықтан
сан есімнің экспрессивтілігі туралы мәселе «құрғақ», «жансыз»,
«сезімсіз» күйде қалады деген пікір ұшқары ойдың жемісі деп айтуға
болады» [69, 151]. Автор пікірінен байқағанымыздай, жасалған тұжы
-
рым біздің жоғарыда келтірілген ойымызбен үндес екен, яғни, сан
есімнің стильдік бояуы солғын, эмоционалды, экспрессивті қызметі
әлсіз деген пікірлерді әлі де болса саралай түсу керек.
Сан есім
тұрақты тіркес құрамында да, нақты сандық ұғымда
тұрып та, көптеген сөйлеу жағдаяттарында, мәтін контексінде нақты
мәліметтерді көрсетуімен де сөйлеудің эмоционалдылығын көрсетіп,
экспрессияның қайнар көзі бола алады. Мысалы,
Қазір
сол Тұржан жүгіріп жеткен бойда, қораның артында
Достарыңызбен бөлісу: