148
тын қызметі жағынан үстеулер мен етістік сөз таптарын ұштастырып
аралық категория есепті қолданылады. Оның үстеумен тікелей
қатынасы көсемше формалы етістіктердің одан әрі грамматикалық
тұлғалануға түспей, сөйлем ішінде дара тұрып айтылуында айқындала
түседі»,
–
деп көрсетіледі [
86, 183].
«Қазақ грамматикасында»
көсемше туралы: «Көсемше атауын қазақ тіліне А. Байтұрсынұлы
енгізген. Бұл сөздің мағынасы көсем сияқты үнемі алдында тұрады
дегенді білдіреді. Көсемшелер тұлғалық жағынан да, мағыналық
жағынан да тиянақсыз болғандықтан, қысқа қайырылып, өзінен кейін
тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі сыңардан
құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көп
-
теген түрін
жасауға негіз болады», –
деп жазылады [9, 529]. А. Байтұрсынұлы:
«Көсемше дейміз –
екі етістік қосарынан сөйленгенде, алдында тұрып
айтылатын етістіктің қысқа түрін. Мәселен,
жаза бер, қарап тұр,
жүріп келеді
дегенде алдыңғы сөздер көсемше етістік болады», –
деп
көрсетеді [77, 245].
И. Мамановтың анықтамасына назар аударайық: «Іс
-
әрекеттің,
қимылдың себебін, амалын көрсететін қосымша қимылды білдіретін
етістіктің формасы көсемше деп аталады» [8
7
, 91]. И. Маманов көсем
-
шенің қимылдың себебін, амалын көрсету қызметіне басты назар
аударса, А. Ысқақов оның модальдық, шақтық мағынамен байла
-
нысына басты назар аударады. А. Ысқақов көсемшеге берген анықта
-
масында: «Етістік негіздерінен арнаулы қосымшалар арқылы жасалы
-
нып, тиісті дәрежеде шақтық, модальділік және басқа мәндерді білді
-
ретін ерекше формалар көсемше категориясы деп аталынады», –
деп
жазады [
88, 31].
П.М. Мелиоранский өз еңбегінде көсемшенің қосал
-
қы, жанама мағынаны білдіретіндігіне тоқталған болатын. Көсемшенің
бұл ерекшелігіне басқа тілші ғалымдар да назар аударады. Н. Орал
-
баева көсемшеге берген анықтамасында: «Көсемше деп сөйлемдегі
негізгі қимылдың жай
-
күйін, жанама қимылды білдіретін етістіктің
түрі аталады»,
–
деп жазады [8
9, 253].
Етістіктің көсемше деп аталатын түріне берілген анықтамаларға
шолу жасай отырып, әр анықтаманың өзіндік маңызы, әр анықтамада
көсемшенің негізгі деген сипаттарының ерекшеліктері мен атқаратын
қызметтерінің бар екендігін байқауға болады. Мәселен, төмендегі
сөйлемдердегі көсемше формалы сөз қимылдың мақсатын білдіріп, сол
қимылды жасаушы адамның ішкі ниетінен, ойынан мәлімет беру
қызметін атқарып тұр. Келе жатқандағы мақсаты –
азғыру. Келгендегі
мақсаты –
көңілін сұрау.
Достарыңызбен бөлісу: