қайтсе де жеңе алмайтынын аңдай бастаған жігіт (М. Мағауин). Мұнда болымсыз мағына беріп тұрған
қайтсе де жеңе алмайтынын тілдік бірлігі
нені аңдай бастаған? деген сұраққа жауап беріп, толықтауыш қызметін атқарып тұр.
Енді бірде ол мазасы болмай тұрғанын бригадирге білдірді (С. Мұртабеков). Мұнда болымсыз мағына беріп тұрған
мазасы бол - май тұрғанын тілдік
бірлігі
нені бригадирге білдірді? деген сұраққа
жауап беріп, толықтауыш қызметін атқарып тұр. Төмендегі сөйлем
-
дерде де адамның көңіл күйіне байланысты көрініс тауып отырған
болымсыздық мағына баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерінде бері
-
ліп тұр. Мысалы,
Кәменнің тынышы болмай келеді, ауық - ауық алқына тоқтайды (С. Мұртабеков). Ештеңе ойламауға, ештеңеге алаңдамауға тырысып, қараңғы төбеге қарап тағы біраз жатты (М. Мағауин). Р. Әмір өз еңбегінде мұндай сөйлемдер болымсыз сөйлем аясында
қаралмайды деген пікір айтады. Себебі: «Болымды, болымсыз сөйлем
-
дер өзара грамматикалық ерекшеліктері арқылы ажырайды. Болымсыз
сөйлем, болымды сөйлемнің формаларының негізінде жасалады.
Болымдылық, болымсыздық форма баяндауыштардың тұлғасы арқылы
көрінеді. Өйткені болымды және болымсыз пікір субъект пен преди
-
каттық сапаның қатынасына байланысты» [8
1
, 88]. Яғни автор өз
еңбегінде А.Н. Кононовтың «болымсыз форма баяндауыштың бойы
-
нан табылады» деген пікірін келтіре отырып, «болымсыз сөйлемнің
грамматикалық белгісі негізінен баяндауыш мүше тұлғасынан көрі
-
неді»,
– деген тұжырымды ұстанады [8
1, 88].
Жағымсыз эмоциялық
процестің болмауын тілеу, жұбату, өзінің жағымсыз эмоциясын
көрсеткісі келіп, бірақ көрсете алмау сияқты адамның түрлі көңіл
күйіне байланысты болымсыздық мағына төмендегі сөйлемдердегі
баяндауыш формаларынан көрінеді. Мысалы,
Жұрттың қолы Алматының оқуына жетпей жүргенде бұл жаман Мәскеуді