226
Кенет ашуы басылып, шарасыз қалыпта
қол
сілтеді
(М.
Мағауин).
–
Әй, осыларға жүктелген жауапкершілік... –
деп әкесі
қолын бір
сілтеді
де теріс қарап кетті (С. Мұратбеков).
Қол
қағу.
Қол қағу ашулану, жақтырмау, қарсылық білдіру,
күйіну, ызалану мағыналарын береді.
Мысалы,
Көзі қызара жасаурап
қанталап, қабағы кіржиген Қайрақ: «ойбай
-
ай, өлдім
-
ау... өлдім
-
ау...»
деп, шолтаңдай басып шанасына қарай жүрді. Қолтығынан демей
берген Дәнештің
қолын
қағып жіберді
(С. Мұратбеков).
Бас бармағын көрсету.
Риза болғанды, қатты қуанғанды білдіреді.
Адам эмоциясынан, оның түрлі жағдайларға байланысты ой
-
пікірінен, көзқарасынан хабар беретін дене мүшелерінің бірі –
бас.
Қазақ тілінде адамның түрлі эмоциялық күйінен, сол эмоция әсерінен
жасалатын қимыл
-
қарекетінен хабар беретін
бас араздық; бас
ауыртты; бас байлады; бас бермеді; бас білдірді; бас білмейтін; бас
жарып, көз шығарып барады; бас иді; бас изеді; бас имеді; бас
-
көз
демей; бас көтерді; бас көтере алмады; бас көтертпеді
т.б. да
тұрақты тіркестер қалыптасқан. Бастың түрлі қимылдары және ол
арқылы білдірілетін мағыналар:
Достарыңызбен бөлісу: