Адам эмоциясын білдіруде
басты рөл
атқаратын фонация
-
лық тәсілдердің бірі –
интонация. Интонация латын тілінен аударғанда
дауыстау, қаттырақ дауыстап айту деген мағынаны білдіретін
intono
intonare тілдік бірліктерінен қалыптасқан лингвистикалық термин.
Интонация сөйлеу тілінің ажырамас бір бөлігі, дауыс сазының бірде
көтеріңкі жоғарылауына, бірде төмендеп бәсеңдеуіне, бір сөзбен
айтқанда, түрліше құбылуына қатысы бар құбылыс. Интонация сөйлеу
тілінің ритмикалық
-
мелодиялық аспектісі ретінде қарастырылады.
Сөйлемге эмоционалды
-
экспрессивті реңк беруші құралдардың бірі.
«Интонация –
күрделі құбылыс. Іркіліс, пауза, темп, тембр, екпін, сөзді
айтуға кететін уақыт, дауыс ырғағы, күші әуені,
қарқыны т.б.
компоненттер интонацияның физикалық құрамына кіреді. Интонация
сөйлемнің органикалық элементі, ол сөйлемге тән тұрақты белгілердің
бірі ретінде қызмет атқарады» [7, 160].
Интонация айтылған ойды құптау, мақұлдау, теріске шығару,
болған оқиғаны үлкен қуанышпен, шаттықпен немесе қайғымен,
ренішпен, ашумен жеткізу сияқты қызметтерді атқарып, бұйыру,
таңдану, таң қалу, тамсану, қобалжу, қуану, кею, аяу, жасу сияқты
толып жатқан эмоциялық күйді білдіре алады. Мысалы,
Жігіт
дірілдеген үнмен:
–
Ендігері айтпа мұндай сөзді, –
деді (С. Мұратбеков).
–
...Биылша ұл ғана барсын деп едім, әнеу күні өзің сені де жібе
-
реміз деп қызды да желіктіріп кетіпсің, –
деген әйелі
кейіс үнмен
(С.
Мұратбеков).
–
Біз бір атадан он бес ағайынды едік, –
деді бас жоқ, аяқ жоқ.
Содан іркіліссіз сөйлеп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |