Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет76/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

күлейін бе, жылайын ба?..
 
Ха
-
ха
-
ха... (С. Мұратбеков).
 
Тілде адамның жан дүниесінің сырына, түрлі эмоциялық күйіне 
байланысты философиялық ой, түйін, тұжырым түрінде келетін анто
-
нимдік контекстер де кездеседі. Мұндай контексте антоним сөздер 
сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Тілде осындай контекс
-
тердің қатарласып, жарыса қолданылу фактілері жиі ұшырасады. Олар 


100 
көбінесе нақыл сөздерде, фразеологиялық тіркестерде, поэзиялық 
туындыларда кездеседі. Мысалы,
Ашу –
 
дұшпан, ақыл –
 
дос;
 
Шабыспақ –
 
оңай,
 
Табыспақ –
 
қиын
(
Мақал
). 
Эмоционалды сөздердегі антонимдік мағына сөйлем ішінде 
барынша ашылады, олардың эмоционалдылығы ерекше сипат алады. 
Яғни олар тек қарама
-
қарсы қойылып қоймайды, сонымен бірге 
контексте эмоционалды мағынаны күшейту,
толықтыру, нақтылау 
қызметтерін де атқарады. 
 
2.4 
Фразеологизмдердегі
 
эмоционалдылықтың көрінісі
Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас 
жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді 
зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. І. Кеңесбаевтың 
авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қазақ 
фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне қосылған елеулі үлес. 
Аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған 
мақаласында І. Кеңесбаев фразеология туралы: «Тіл
-
тілдің өзіне тән 
ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан (ярустарынан) байқала
-
тыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық 
көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) 
деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді 
жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз 
байлығын тексеретін тіл білімі саласын лексикология деп атайтын 
болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын фразео
-
логия деп атау әбден орынды», –
деп жазады
 
[57
, 589]. Қазіргі қазақ 
фразеологиясы –
зерттелген қырына қарағанда зерттелмеген тұсы әлі 
де көп тіл білімінің бір саласы. Автор аталған еңбегінде қазақ тіліндегі 
фразеологизмдердің теориялық мәселелерін де жан
-
жақты қарасты
-
рып,
болашақ ғылыми
-
зерттеу жұмыстарына бағдар боларлық ғылыми 
пікірлер айтқан. Қазақ тілінің фразеологиясын зерттеуші ғалымдардың 
қай
-
қайсысы болмасын өз зерттеу жұмыстарында бұл еңбекті басшы
-
лыққа алады. 
Қазіргі қазақ тіл білімінің бір саласы ретінде танылып отырған 
фразеология –
құрылымы мен құрамы тұрақты, даяр қалпында қолда
-
нылатын бейнелі тұрақты тіркестердің қазіргі жай
-
күйін және тарихи 
қалыптасуын зерттейді. Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде 
XX ғасырдың 40 жылдары қалыптасты. Фразеологияның теориялық 
негізін қалаушылар ретінде француз ғалымы Ш. Баллиді, Ресей 
академигі В.В. Виноградовты атауға болады. Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. 


101 
Қалиев «Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты 
еңбекте: «Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика
саласы 
екендігін танытатын негізінен үш белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында 
жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы» ,–
деп 
жазады 
[
11, 187]. 
Фразеологизмдерге тән бұл белгілер
үнемі бір
-
бірінен айқын ажыратыла бермейді. Сондықтан фразеологизмдерді 
топтастыру тіл біліміндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. 
Орыс тіл білімінде де, қазақ тіл білімінде де академик В.В. Виногра
-
довтың классификациясын негізге алып бөледі.
Адамның эмоциясын жеткізуде жиі қолданылатын тілдік құралдар
-
дың бірі –
фразеологизмдер. Тіл білімінде соңғы жылдары жүргізілген 
ғылыми
-
зерттеу жұмыстары этностың өткендегі өмір сүру тәжірибесі 
мен қазіргі болмысының табиғаты, рухани құндылықтарының көрінісі 
тілдің түрлі салаларында әсіресе, лексикалық және фразеологиялық 
құбылыстарда кездесетінін дәлелдеп отыр. Осыған орай тіл біліміндегі 
соңғы жылдары жазылған ғылыми
-
зерттеу жұмыстары тілдегі ұлттық 
рухты, ұлттық ерекшелікті, мінез
-
құлықты танытуға негізделген. Қазақ 
халқының өткені мен бүгінін танытатын лингвомәдени дерек ретінде 
тілдегі фразеологизмдер де түрлі қырынан қарастырылуда. Қазақ тіл 
білімінде фразеологияны ғылыми
-
зерттеу жұмыстарының негізгі 
нысаны ретінде алған ғалымдар Ө. Айтбаев «Аудармадағы фразеоло
-
гиялық құбылыс» (1975), Г. Смағұлова «Фразеологизмдердің вариант
-
тылығы» (1996), «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық
-
мәдени 
аспектілері» (1998), С.К. Сатенова «Қазақ тіліндегі қос тағанды фра
-
зеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты» (1997), Ж. 
Қоңыратбаева «ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразео
-
логизмдер» (2002), Г. Сырлыбаева «Қазақ тіліндегі қарсы мәнді 
фразеологизмдердің парадигмалары» (2006), Б. Нағасбекова «Қазақ 
тіліндегі фразеологизмдердің көпмағыналылығы» (2010), Қ. Қалыбаева 
«Салыстырмалы түркі фразеологиясы (Қыпшақ тобындағы тілдердің 
материалдары бойынша)» (2010), Б. Жұбатова «Қазақ тіліндегі араб
-
парсылық кірме фразеологизмдер» (2010) өз еңбектерінде
зерттеу 
нысанына қатысты кейбірінде шолу, кейбірінде жанама түрде болса да 
фразеологизмдердің эмоционалды бояуына, экспрессивті қызметіне 
назар аударады. Аталған авторлардың фразеологизмдерді түрлі аспек
-
тіде қарастырған зерттеу жұмыстарындағы эмоционалды реңкті тұрақ
-
ты тіркестерге қатысты мәселелерді қозғаған тұстарына тоқтала 
отырып, айтылған пікірлер мен жасалған талдауларға қатысты қысқа
-
ша шолу жасап, өз ой
-
тұжырымдарымызды білдірмекпіз.
Қазіргі тілдік қорда қолданылып жүрген фразеологизмдердің бір 
тобы адам эмоциясына қатысты. Адам эмоциясына қатысты фразео
-


102 
логиздердің бір тобы жеке тұрып адамның түрлі көңіл
-
күйін білдіретін 
болса, енді бір тобы контекс ыңғайына қарай эмоциялық реңкке ие 
болады. Біреудің қорыққандығын айтқымыз келсе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет