Қазақ тіліндегі эмоционалды


адам ғұрлы көрмегені, менсінбегені



Pdf көрінісі
бет72/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

адам ғұрлы көрмегені, менсінбегені
 
сөйлеген сөз, 
көзқарасынан білініп
-
ақ тұрды (С. Мұратбеков).
 
Әйтеуір бір қатты 
опық жеу, өкіну
 
болатын сияқты көрінеді де 
тұрады
(С. Мұратбеков).
 
Әйтеуір аяқ асты
 
өз теріме өзім симай, тырыса қалғаным

(С. Мұратбеков).


95 
Лексикалық синонимдерден гөрі фразеологиялық синонимдерді 
қолдану сөз әсерін күшейте түседі, 
менсінбеді 
дегеннен 
гөрі адам 
ғұрлы көрмеді
деу, 
ашуланды
дегеннен гөрі 
қаны қайнап кетті
деу, 
қорықты 
дегеннен гөрі 
үрейі ұшты 
деу, 
 
ренжіді
дегеннен гөрі 
көңіліне ауыр алды
деу, 
қуанды 
дегеннен гөрі 
мәз
-
мейрам болды
деу, 
ұялды 
дегеннен гөрі 
жер болды
деу,
тырысып отыр
дегеннен гөрі 
терісіне сыймай отыр
деу әлдеқайда әсерлі екендігі даусыз.
Эмоционалды мағына беретін синоним сөздер тілде қосарланып та 
қолданылады. Олар қосарланып қолданылғанда сөйлемде айтылатын 
ойдың, білдірілетін ұғымның мағынасы кеңейе түседі. Мысалы,
Мұнан ары Дәнеш ештеңені ойланбастан, бәрін 
ашу
-
ызамен
 
істеді
(С. Мұратбеков).
 
Ұйықтап
 
жатыр деген Қамар жеңгейім ағаш төсек үстінде 
басын көтеріп отыр. Қолында әбден сарғайған, шет
-
шеті тозған 
күйеуінің суреті, соған қарап сөйлеп отыр. Қарсы алдында күйеуінің 
өзі отырғандай 
өкпе
-
назын
 
айтып отыр 
(С. Мұратбеков).
Жоғарыда келтірілген зерттеушілердің еңбектерінде синонимдік 
қатардың ішінде бір сөздің немесе тіркестің негізгі болатындығы 
туралы пікір айтылады. Ол еңбектерде синонимдік қатарға
қатысты 
доминант
(А.Н. Гвоздев), лексика
-
семантикалық өріске қатысты 
ядро 
(З. Ибадильдина) терминдері қолданылады. З. Ибадильдина зерттеу 
жұмысында адамның белгілі бір эмоциялық күйін білдіретін 
таңдану
сөзінің семантикалық ерекшелігі мен сөз табы ретіндегі құрылымына 
талдау жасайды. Қазақ тіліндегі таңдану жағдайына қатысты әр түрлі
жағдаятқа орай
таңдану, таңырқау,
таң қалу, қайран қалу
тілдік 
бірліктерінің қолданылатындығын айта келіп: «Ближнюю периферию 
ядра микрополя эмоции 
таңдану
составляют глагольные и именные 
слова, дающие глобальное обозначение ситуации, т.е. это первичные 
предикаты эмоций с исходной категориально
-
эмотивной лексической 
семантикой типа 
таңдану, таңырқау, ғажаптану, ажаптану, таң 
қалу, қайран қалу
и др.»,
 

 
деп жазады 
[20, 75].
Әр зерттеушінің 
еңбегіндегі талдауларға қатысты қолданылған терминнің де, айтылған 
ойдың да мәні түсінікті жеткізіліп тұр.
Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлы еңбегінде синонимдік қатардың 
ішіндегі негізгі ұғымды беретін сөз
тірек сөз
терминімен беріледі. 
Авторлар: «Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын 
синонимдік қатар
немесе 
синонимдік ұя
деп атайды. Синонимдік 
қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз басқаларын мағына жағынан 
ұйыстыруға ұйытқы болатын тірек сөз деп таңдалынып алынады. Бұл 
тіл білімінде доминант (тірек сөз) деп аталады. Доминант сөз мәндес 
сөздерді мағыналық жағынан ғана топтастырып қоймайды, сонымен 


96 
бірге синонимдік қатарларды әліппе жүйесіне келтіру үшін де мәнді 
қызмет атқарады. Доминант сөзді дұрыс анықтап, белгілеп алмай 
синонимдерді тәртіпке келтіру мүмкін емес» [11, 109]. Төмендегі 
сөйлемдерде қолданылған 
ұялу, қымсыну, қуыстану, қысылу, жер болу
эмотивтерінің ішінде тірек сөз әрине 
ұялу.
Тірек сөз синонимдік 
қатардағы басқа сөздермен салыстырғанда мағыналық жағынан айқын, 
стильдік тұрғыда бейтарап, жалпы халыққа танымал болуы керек. 
Мысалы,

 
Кенжекеңнен 
ұялам,
 

 
деді қыз сәл бөгеліп барып (М. Мағауин). 
 
Қуланған кескінмен Тананың тұрған тұрысына, бас
-
аяғына 
қайта
-
қайта қарай берген. 
Қымсынған
 
Тана да қызара күліп алақаны
-
мен оның көзін басты (С. Мұратбеков).
 
Келгеннен бері байыз табар емес. Өзінен
-
өзі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет