ойын онға, санасын сан саққа жүгіртті фразео
-
лгизмінің
ойы онға, ақылы алтыға бөліну түрінде қолданылуы (
Ойы онға, ақылы алтыға бөлініп әуреленіп жүрген кезінде, Ахметтен тағы хат алды (88 б) жазушының жеке шығармашылық мақсатынан
туындап отыр. Ол мақсат –
халық тілінде әбден қалыптасып, тұрақтал
-
ған құбылыстың жаттанды, үйреншікті қалыбын бұзу арқылы ойды
күшейту, тұрақты тіркеске өзгеше өң жамау, басқаша реңк беру. «Бұл
тәсілдердің алғашқы қазақ прозасы тіліндегі нақты көрінісі –
эмоцио
-
налды
-
экспрессивті қызмет атқару» [6
2, 25].
Фразеологизмдер мән
-
мағынасы жағынан бір
-
біріне синоним
болып жұмсалуымен қатар, бір
-
біріне қарама
-
қарсы болып та қолда
-
нылады. Тіліміздегі мағыналары қарама
-
қарсы мәнде жұмсалатын
тұрақты тіркестер фразеологиялық антонимдер деп аталады. Қазақ
тіліндегі фразеологиялық антонимдерді екіге бөліп қарастырған Ә.
Болғанбайұлы мен
Ғ. Қалиевтің ұстанымына сүйене отырып эмоция
-
лық реңкті фразеологиялық антонимдерді де екіге бөлуге болады деп
ойлаймыз. Бірінші түрі эмоциялық реңкті фразеологизмдердің өз
ішіндегі компоненттерін басқа сөздермен алмастыру арқылы жаса
-
лады. Мысалы,
бетінен оты шықты (қызарды, қысылды, ұялды) –
беті бүлк етпеді (ұялмады, бедірейіп тұрды, арсыздығын көрсетті), үміт етті (күдерін үзбеді, дәме қылды) – үмітін үзді (күдерін үзді, болады - ау деген ойынан шықпады) т.б.
Екінші түрі құрылым
-
құрылысы жағынан мүлдем бөлек эмоция
-
лық реңкті фразеологиялық антонимдер. Мысалы,