109
Тіл білімінде омонимия құбылысына қатысты түрлі көзқарастар
бар. Зерттеушілердің көпшілігі мағына алшақтығын негізге алады. І.
Кеңесбаев омонимия мен көпмағыналылықты ажыратуға қатысты өз
ойын: «Біздің ойымызша, омоним болу үшін тек айтылуы бірдей
келген тұлғалар ғана емес, жеке сөздердің де, фраземалардың да түп
төркіні бөлек болуы қажет. Мәселен,
аузын ашты
тіркесінің «сөйлей
бастады», «таң қалды» деген мағыналарынан басқа, ораза күні «кешкі
астың алдынан дәм татты» деген діни мағынасы да бар. Ол алғашқы
мағыналардан алшақ, кереғар жатыр. Осы тұрғыдан қарасақ, фразео
-
логиялық тіркестер ішінде омоним табылмайды емес. Көптеген автор
-
лардың омонимия ретінде қарастыратын құбылысының өзі осындай
жарыса туған екі мағынаның ең алшақ типі. Бірақ, жоғарыда айтқан
-
дай, бұл тіркестердің түп төркіні біреу
-
ақ. Сондықтан осы типтес
жақындықты омонимия деп қарамай, полисемия деп білген жөн
тәрізді. Әйтсе де мұның өзі әлі де ойлана, зерттей түсуді қажет ететін
мәселе», –
деп тұжырымдайды
[57
,592 б]. І. Кеңесбаевтың пікірінше
белгілі бір фразаға тән көпмағыналылық екі түрлі жолмен, жарыса
және жалғаса жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: