үрейін алу, үрейін ұшыру секілді әдеби фразеологизмдер құмық тілінде диалект ретінде
юрейин алмак түрінде кездесетінін айта келе, А.З. Абдуллаеваның
юрей сөзін
жүрек сөзімен байланыстыруға негіз болатын
г, й сәйкес
-
тігі жайлы пікірін келтіреді.
Тілдегі фразеологизмдерді тақырыптық топтарға бөлуде зерттеу
-
шілер арасында қатып қалған ұстаным жоқ. Себебі фразеологиялық
бірліктер лексикалық бірліктер сияқты тіршіліктің барлық саласын
қамтымайды. Дегенмен де фразеологизмдерді зерттеушілер тұрақты
тіркестерді шартты түрде болса да тақырыптық топтарға бөледі. Қ.
Қалыбаева зерттеу жұмысында түркі тілдеріндегі фразеологизмдерді:
1) адамның мінез
-
құлқына байланысты; 2) соматикалық; 3) зоонимдік;
4) нумеративті деп төрт топқа бөліп қарастырады. Еңбек авторы
зерттеу нысаны ретінде алынып отырған түркі тілдерінің қыпшақ
тобындағы адамның мінез құлқына байланысты фразеологизмдердің
молдығына орай, «оларды түгел қамтуға мүмкіндігіміз жоқ болғандық
-
тан біз олардың бағалауыштық қасиетіне қарай лингвистикада қаралып
жүргендей жағымсыз мінезді бейнелеп көрсететін фразеологизмдер,
жағымды мінез қылықты көрсететін фразеологизмдер деп бөліп
қарастырамыз», –
деп ескертеді
[ 67
, 127]. Біз аталған тақырыптық
топтар ішіндегі адам эмоциясына қатысты фразеологизмдер турасында
айтылған ғылыми пікірлер мен тілдік деректерге қысқаша тоқтал
-
мақпыз. Қазақ тілінде уайымдау, қайғыру мағынасында қолданылатын
ішкені ірің, жегені желім болу, көкірегі қарс айрылу, өзегі өртену, қайғыдан қан жұту фразеологизмдері бар. Автор аталған фразео
-
логизмдердің татар тіліндегі
«
йөрөк өзөлә, қайғыға төшөү, қан