Қазақ тілінен қазақ сыныптарына арналған емтихан билеттері
бет 7/9 Дата 29.04.2022 өлшемі 99,43 Kb. #141326 түрі Сабақ
Байланысты:
қазақ тілі Қазақ тілінен қазақ сыныптарына арналған емтихан билеттері
11-12-2012, 13:15 | Раздел: KZ / 5 / Қазақ тілі / Қосымша материалдар | Просмотров: 13 354
5-сыныптың қазақ тілінен қазақ сыныптарына арналған емтихан билеттері
1-билет
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
Үстеу . Мына үстеулер қандай сұраққа жауап береді. (ертең, бүгін, таңертең)
Бастауыш пен баяндауышын тап.
София үйдің ішін жинады.
2-билет
Омоним, Антоним, Синоним дегеніміз не?
Сын есім. Сын есім құрамына қарай қалай бөлінеді.
Мына сөздер арқылы жаңа сөз жаса..: би, тақ, жи.
3-билет
Кәсіби сөз дегеніміз?
Зат есім. Зат есімнің жалқы , жалпы түріне мысал келтір.
Досына, күнге, шөптер- бұл сөздер жаңа сөздерге жатады ма?
4-билет
Термин сөз дегеніміз не?
Сөзжасам. Сөзжасамның жасалу жолдары.
Он екі, балалар бақшасы, теңге алу бұлар қандай жолмен жасалған?
5-билет
Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы не білесің?
Етістік. Етістік күрделі етістік бола ала ма?
Пысықтауышын тап.
Кенет күн бұлттанды.
6-билет
Буын түрлерін ата. Буын үндестігін қалай түсінесің?
Сын есім. Сын есім сөздерге сөйлем құра.
Анықтауышын тап.
Біз жылы киімімізді кидік.
7-билет
Көп мағыналы сөз дегеніміз не?
Есімдік . Мен, сен , қайсыбір , кейбіреу дара ма, күрделі есімдік пе?
Толықтауышын тап.
Мұрат досына кітапты сыйлады.
8-билет
Табу туралы не білесің?
Альфавит дегеніміз не? Қазақ тілінде неше әріп бар?
Бастауыш пен баяндауышын тап.
София үйдің ішін жинады.
9-билет
Тұрақты тіркестер қалай жасалады.
Одағай. Тәйт, ойпырмай, алақай деген одағай сөздерге сөйлем құра.
Бұлақтың көзі, күннің көзі, ана тілі , орыс тілі-осы тіркестерде тілі, көзі сөздері қай мағынада тура әлде ауыспалы , дәлелде.
10-билет
Жалпылама лексика дегеніміз не?
Мәтін дегеніміз не?
Өң; амандасу; уәде; сөздерінің синонимін тап.
11- билет
Еріндік және езулік дауыстылар қалай жасалады.
Сауыт-сайман, көрпе-жастық , үлкен-кіші; қандай жолмен жасалған.
12-билет
Дыбыс үндестігі дегеніміз не? Неше түрге бөлінеді?
Бетінен оты шықты; көз ілмеді ; түн ұйқысын төрт бөлді; мағынасы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: