Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған қосымша оқу-әдістемелік құрал «Эссе жазып үйренейік»



бет30/46
Дата14.12.2021
өлшемі112,33 Kb.
#126673
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46
Байланысты:
2 5235607190143766216

Бағалау талаптары. Бірінші әдіс: 1.Тақырып, проблеманы ашуда жеке көзқарас, позиция, қарым-қатынас көрініс      табуы.  2-1-0.5-0 2.Проблема теоретикалық деңгейде негізделіп терминдер дұрыс қолданылуы.   1-1-0.5-0 3.Қоғамдық өмір немесе жеке тәжірбиесіне сүйенген фактілі дәлелдер. 1-1-0-0 Екінші әдіс: Жалпы білімі-knowledgeable max  30 Сөздік  қор-Vocabulary max 20 Тілді қолдану деңгейі (сан есім, сын есім, етістіктер, т.б.) max 25 Сауаттылық-Mechanicsmax  5 Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет