14
болып табылады.Туған тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің
«Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік», - деп ашына айтқаны ойға
оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағына қолынан
келген көмегін аямауы тиіс.
Өкінішке қарай, соңғы кезде көптеген қазақ
жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы
қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді,
аялауды
қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды
ұмытумен бірдей. Әр азамат өзінің ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, ана
тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы Елбасын да аз толғандырып
жүрген жоқ. Сондықтан да болар Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ
тілінде» дегені. Ал кейінгі «Қазақстан 2050» жолдауында айтылған «Біз барша
қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің
мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-
жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан
халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр. Қай қоғамда да
тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып
отыр.Солардың бірі ана тіліміздің аударма тілі болып отырғандығы мені қатты
алаңдатады. Қазақ тілінің жанашыры болған сатирик ақын Ш. Смаханұлының
бір шумақ өлеңінде осындай жағдайды сипаттайды: Қазіргінің баласы, Көп
білем деп көкиді.
Әкесінің жазғанын, Аудармадан оқиды. Қазіргі шындық –
осы.
Қорыта айтқанда, тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа
елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі.
Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп,
егемен ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана
тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түпқазығына айналдыру – әрбір ұлтжанды
азаматтың басты міндеті. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді
сақтаудың тиімді жолы отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние
туралы
сол тілде айтып, сол тілде қуаныш-ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені
жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз.
Қазақстан - әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына енуі
үшін азаматтарымыз қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек дегім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: