Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы



бет25/35
Дата29.11.2022
өлшемі127,45 Kb.
#160290
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
1545711824 4

Қосымша үшін:
Эссе жазуда практикалық қадамдар: 1 - қадам. Контексті анықтаңыз. Егер сізге эссе берілсе, онда кейбір өлшеуіштер анықталады: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, бірыңғай аудитория (мысалы, бөлім басшылары). Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы –эссенің негізгі ойы. 2 - қадам. Тақырыпты таңдаңыз. Әдетте тақырып сіз үшін таңдалды, бірақ сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Онда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол шеттен шықпау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің кәсібім - дүниеде ең жақсы». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседе сіз айтатыңызды сиғызу қажет. 3 - қадам. Ақпаратты жинаңыз. Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет, сіз жазып отырғаныңыз ғылыми факт немесе жеке байқауларыңызды жазатын болсаңыз, фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар аудармаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады. 4 - қадам. Эссені жоспарлаңыз. Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз. 5 - қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз. Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ойды анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болған соң, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз. 6 - қадам. Қорытынды жазыңыз. Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды? 7 - қадам. Кіріспені жазыңыз. Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болған соң оқырманға не туралы жазатыңызды хабарлаңыз. Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Төмендегі қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша шолумен бекітіңіз. 8 - қадам. Жазғаныңызды оқыңыз. Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац екінші абзацқа? Әрбір дәлел алдыңғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз. 9 - қадам. Қателерді тексеріңіз. Мәтінді қатеге тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, әдеби тілдің нормасына нұқсан келтіретін сөздерді қолданбаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет