14.Жігіттің қыздан әлсіз ете түсетін факторлар Қыз жігіттен әлсіз бе? Стереотип емес пе? Кімнің кім екенін енді біліп алыңыз! Сонымен, қыз баладан жігіттің әлсіз болатын тұстары мыналар болмақ...
Ауру. Ер адамдардың қыз балаларға қарағанда обыр ауруларына (РАК) шалдығу қаупі артық. Статистикаға сүйенсек, жігіттер түрлі жұқпалы инфекциялар мен тұмау, одан қалды өкпе ауруларына әйел адамдарға қарағанда көбірек шалдығады. Асқазан аурулары да бұл тізімде бар.
Мұның бір себебі ер адам ағзасындағы Y-хромосомасында болып отыр, нақтырағы, әйелдерде болатын Х-хромосомасының жоқтығынан. Х-хромосомасы ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұруына қызмет ететін қасиеті бар. Қыз балалар ер адамдарға қарағанда аштық жағдайына, шаршау, стресстер, түрлі ауруларға төзімді келеді екен. Әйелдер ер адамдардан күштің жоқтығынан ғана жеңілетін көрінеді.
Тағы бір себеп – ер адамдардың өз денсаулығын күтуге мән бере бермейтіндігі болып отыр. Ол аз десеңіз, еркектер тіпті денсаулық туралы сөйлесіп, ол кітаптарды оқымайды да. Осыған қарамастан олар ер адам ауырмайды, әйел адамнан күштірекпіз деген ойға бекіп қалған.