Эссенің мақсаты: Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту.
Оқушы өз мүмкіндігін басшылыққа алып, эссе тақырыбы мен атауын таңдайды. Эссе жазу оқушыны өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп – салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің ғылыми стилін үйренуге баулиды. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Эссе жазу бұл – дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген, сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу болып табылады. Ойды ашық және дәл білдіруге тырысыңыз, эсседе сөз тіркестері мен фразалар іріктелген және нақты болу қажет. Эсседе барлық жазба жұмыстардағыдай ішкі логика болуы тиіс. Эссе — бұл қандай да болмасын мәселе бойынша ойланып-толғану. Эссе — бұл өз тілімен және стилімен жазылған өздік жұмыс, сондықтан цитаттың аз болғаны да жақсы.