ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА АРНАЛҒАН ЖИНАҒЫ
(қазақ тіліне қосымша оқу құралы)
Нурушева А.Н
КӨКШЕТАУ, 2013
Қазақ тілінен эссе жазудың құрылымына арналған жинағы.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған қосымша оқу құралы./
Нурушева А.Н – Көкшетау, 2013. – 39бет.
ISBN
«Қазақ тілінен эссеге арналған» атты қосымша оқу құралы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-11сынып оқушыларына арналады. Жинақ кіріктірілген жаңа оқу бағдарламасында көрсетілгендей, оқушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыруға, жазылымның табиғатын түсініп жазуға, түсінгенін сараптай алуға, білімін таразылай алуға көп септігін тигізеді.
Кітап қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне, жас мамандарға, оқушыларға арналған.
Қазақ тілі пәнінен оқушыларға эссе жазудың талаптары мен құрылымы
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша 7-11сыныптарда қалыптасқан жазылым дағдыларына сүйене отырып, эссе жазу қалыптастырылады.
Жазылым - тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Эссе құрылымына тоқтала кетейін.
Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Эссе – бұл ұсынылған тақырып бойынша өздік жазба жұмысы.
Эссенің мақсаты: Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту.
Оқушы өз мүмкіндігін басшылыққа алып, эссе тақырыбы мен атауын таңдайды. Эссе жазу оқушыны өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп – салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің ғылыми стилін үйренуге баулиды. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Эссе жазу бұл – дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген, сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу болып табылады. Ойды ашық және дәл білдіруге тырысыңыз, эсседе сөз тіркестері мен фразалар іріктелген және нақты болу қажет. Эсседе барлық жазба жұмыстардағыдай ішкі логика болуы тиіс. Эссе — бұл қандай да болмасын мәселе бойынша ойланып-толғану. Эссе — бұл өз тілімен және стилімен жазылған өздік жұмыс, сондықтан цитаттың аз болғаны да жақсы.
1. Эссенің жазылу жоспары:
- Кіріспе (эссенің 30 % көлемі)
- Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі);
- Қорытынды (эссенің 10 % көлемі);
Кіріспе – тақырыпты таңдау себебі және мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар құрылымдардан тұрады. Бұл кезеңде өз зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс құрастыру өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдердің реттілігі қажет. Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?», «Тақырыпты бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлуге бола ма?» , т.б.
Негізгі бөлім – таңдаған мәселе және негізгі сұрақты қарау теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Осы бөлімде дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар, бұл сұрақ бойынша бар мәліметтерге қарағанда басқа дәлелдер мен ұстанымдардың негіздеу қажет.
Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан маңыздысы тақырыпшалар, олардың негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе ой толғаулар) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет. Қажет болған жерде талдаудың құралы ретінде кесте, сызба, диаграмма, сонымен қатар өз тәжірибеісін де пайдалануға болады.
Қорытынды – тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, цитата, әсерлі дәлелдеу. Қорытынды эссені толықтыратын өте маңызды элементті ұстауы мүмкін, басқа мәселелермен байланысын жоққа шығармай, зерттеудің (импликация) қолдануына сілтеме сияқты. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет. Эсседе зерттеген мәселе бойынша қатысы, оны дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады.
2. Эссе жазуда ұстанатын қадамдар:
1 қадам. Контексті анықтаңыз.
Егер сізге эссе берілді, онда кейбір өлшеуіштер анықталды: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, т.б. Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы - эссенің негізгі ойы.
2 қадам. Тақырыпты таңдаңыз.
Берілген тақарыптың сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Сонда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол тым күрделі болмау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің отаным – гүлденген Қазақстан». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседегі сіз айтатын ойды сиғызу қажет.
3 қадам. Ақпаратты жинаңыз.
Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет. Өзіңіз білетін, оқыған ақпарттарды еске түсіріңіз. Фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар салмаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады.
4 қадам. Эссені жоспарлаңыз.
Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз.
5 қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.
Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ой анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір
ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болғасын, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.
6 қадам. Қорытынды жазыңыз.
Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?
7 қадам. Кіріспені жазыңыз.
Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болғасын кіріспе туралы ойланыңыз. Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша шолумен бекітіңіз.
8 қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.
Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац пен екінші абзацтағы ой ажырап кетпеген бе? Әрбір дәлел алдынғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз.
9 қадам. Қателерді тексеріңіз.
Мәтіндегі қателерді тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, жаргонизмдерден қашқақтаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.
Қосымша:
1. Эссе авторы жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды іріктеп алады; әр түрлі байланыстарды қолданады.
2. Эссеге көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория символ және астарлы образдар.
3. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді.
4. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе – бұл ауыз екі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау, сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келуі.
Эссенің лингвистикалық және пайымдау атты екі түрі бар.Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілінен 7-сыныпқа арналған эссе тақырыптары мен критериийлерін ұсынбақпын.
7-сынып бойынша эссе жазу құрылымы:
Эссе - 150-170 сөзден тұрады.
Кіріспе – 30-40 сөз
Негізгі бөлім – 70-80 сөз
Қорытынды - 40-50 сөз
І тоқсанда өтілген тақырыптар бойынша эссе тақырыптары
1.«Қазақстанның көрікті жерлері»
2.«Қазақстандағы экологиялық ахуал»
3.«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» (еркін тақырып)
ІІ тоқсанда өтілген тақырыптар бойынша эссе тақырыптары:
1.«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл»
2.«Дені саудың - жаны сау »
3.«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!»
4. «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»
(еркін тақырып)
ІІІ тоқсанда өтілген тақырыптар бойынша эссе тақырыптары:
«Ғаламтор мен әлеуметтік желілер жастарға не береді?»
«Өз тағдырың - өз қолыңда!» (Үйсіз-күйсіздер әлемі)
«Ас – адамның арқауы» (Гендік модификацияланған өнімдер)
«Салт-дәстүр, әдет-ғұрып» (Салт-дәстүр, әдет-ғұрып)
Жылдық бойынша өтілген тақырыптар бойынша эссе тақырыптары
1. « Қазақстандағы экологиялық ахуал»
2. « Бір тіл білген - бір адам, екі тіл білген – екі адам....»
3. «Үйсіз-күйсіздерге айналмаудың тиімді жолдары мен амалдары»
7-сынып бойынша эссенің критерийлері мен дескрипторы
Критерийлер
|
Дескриптор
|
Ұпай
(мах 18)
|
А (мак 4)
Білім және түсіну
|
көтерілген мәселенің теориялық мәнін ашу
|
1
|
көтерілген мәселеден ауытқымау
|
1
|
суретті-бейнелі сөздер қолдану
|
1
|
қолданылған дәлелдердің тақырыпқа сәйкестiгі
|
1
|
В (мак 5 )
Қолдану
|
Қазақ әдеби тiлiнiң лексикалық, фразеологиялық,
грамматикалық және стилистикалық нормаларын орынды қолдану;
|
1
|
Қазақ тілінің емле және тыныс белгi ережелерiн сақтау
|
1
|
Жазба тіл сауаттылығы
|
1
|
Терминдерді, атауларды, есімдерді дұрыс жазу
|
1
|
Жұмыстың негізгі құрылымдық элементтерін қамту (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтау)
|
1
|
С ( мак 3 )
Сыни тұрғыдан ойлау және рефлесия
|
Көтерілген мәселені талдай, сараптай алады
|
1
|
Мәлiметтердi нақты аргументтер арқылы дәлелдi түсiндiрiп бередi
|
1
|
Дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасайды
|
1
|
Д (мак 6 )
Коммуникация
|
Мәселеге дербес баға бере білу;
|
1
|
Дәлелдердiң логикалық жүйелілігі;
|
1
|
Әртүрлi көзқарастар және олардың дербестігі;
|
1
|
Өз тұжырымдамаларындағы жаңалықты, сонылықты айқын ұғынуы.
|
1
|
Авторлық ой қорытуы анық және мазмұнының айқындылығы;
|
2
|
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша 11-сыныпқа арналған эссе тақырыптары құрастырылды. Лингвистикалық эссе:
«Топан су басты » дегеніміз дұрыс па ?
Ара-тұра «бәленше деген елді мекенді топан су басыпты» деген тіркесті
құлақтарың шалған болар. Мұндай табиғи апаттардан Құдай өзі сақтасын!
Осы «топан су» сөз тіркесін дұрыс қолданып жүрміз бе?
Лингвистикалық эссе:
Егер маған бір кісі тіптен ұнамаса, міндетті түрде онымен жақын танысуға тырысамын. Неліктен? Сіз қалай істер едіңіз?
11-сынып бойынша эссе жазу құрылымы:
Эссе - 180-200 сөзден тұрады
Кіріспе – 40 сөз
Негізгі бөлім – 90-100 сөз
Қорытынды - 50-60сөз
Пайымдау эссесі:
Бұрын қыздың темекі шегіп тұрғанын көрсек, шошына қарап, «масқара!» дейтінбіз. Ал қазір қалыпты нәрседей қабылдайтын болдық. Неге? Түсіне алмай жүр-мін. Бұған кім кінәлі? Қоғам, мектеп, отбасындағы тәрбиенің жетіспеушілігі ме? Әлде, қайта-қайта айта беретін Еуропа «үлгісіне» көшкеніміз бе?
Эссе тақырыптары:
1.«Қазақстанның болашағын білімді ұрпақ айқындайды»
2.«Жастардың бүгінгі келбеті»
3.«Жалынды жастар –Қазақстанның жарқын болашағы»
4.«Қоғамдағы әйел мен ерлердің рөліндегі өзгерістерге не себеп болды? Адамдарға осы өзгерістердің пайдасы, не зияны бар ма?»
Пайымдау эссесі:Онлайнда өмір сүрем деп, шынайы өмірді ұмытпа
Соңғы кездері жастардың көпшілігі «агент» деген пәлеге душар болып, қалта телефондарына шұқшия береді. «Агент» деген емі жоқ аурумен ауыра бастадық. Жеңіл дүниенің жастарды өзіне тәуелді етіп алғаны қашан. Қазір өзі жаппай солай болып кетті, жастар түгіл, есейген ересектерге дейін агенттен күні-түні бас алмайтынын қайтерсің?
«Болашақ – жастардың қолында» дегенді жиі айтамыз. Расымен солай. Бірақ қазіргі жастардың көпшілігінде өз өміріне деген жауапкершілік азайып бара жатқандай. Тіпті кейде олардың тірліктеріне қарап отырып, отбасы деген киелі ұғымды жете түсінбей ме дейсің.
4.Ішіңде не бар.Қоғаммен бірге өмір сүріп, көпшілікпен гармонияда өмір сүруді қалайтын кез келген жан ішкі сезімдерін зерттеп, қызығып білуге тырысуы керек деп ойлаймыз.
1. Өз сезімдерінің қайдан шығып, қалай пайда болып жатқандығын анық сезіп және соларды басқара алатын адамды дана деп айтсақ әбден жарасады. Мишель де Монтень
2. Өміріміздің ретсіздігінің себебі - түсініксіз сезімімдеріміздің құлы болып жүргендігімізде. Станислав Лещинский
3. Іске шын қызығушылық пен оған деген махаббат пайда болмайынша, құр ерік сізді орныңыздан тұрғыза алмайды. К.С.Станиславский
4. Көп адамның табиғаты сол - өзіне пайдасы болмаса да тиым салынған нәрсеге жүгіруге бейім тұрады. Янина Ипохорская
5. Әрдайым өкпе айтып, көз жасын көл қылып жүретін адамдар да бар. Бірақ өкпе-наз адамды қиындықтан бір мысқалға болса да алыстатпайды.
П.Кальдерон
6. Әркім әлемге өзінің биігінен көз салып, талдау жасайды. Александр Дюма
7. Біздің бақытты болуымыз не болмауымыз ішкі жан-дүниеміз бен сезімдерімізге тікелей байланысты. Оноре де Бальзак
8. Әр адам бір іске кіріспес бұрын ол ой миында ұзақ уақыт бойы жүріп, бойына әбден сіңеді. Идеялар осылайша миымызда үлкен өңдеуден кейін ғана өз жемісін бере бастайды. Гюстав Лебон
9. Қиындықтар мен проблемалар адамның өркендеп, дамуына себепші.
А.Эйнштейн
10. Әйел адам жалғыздық пен достықтың ләззатын тек тұрмысқа шыққаннан кейін ғана толық сезіне алады. Хелен Роуленд
11.Әлемді, адам баласын тану таң қалудан басталады. Аристотель
12.Өзіңіздің денсаулығыңыздың қандай деңгейде екендігін білгіңіз келсе өз сезімдеріңізді зерттеп көріңіз. Әр таң сайын кеудеңіз қуанышқа толы болса, әлемде сізден асқан дені сау адам жоқ. Генри Дэвид Торо
13. Көп адам өзіне жасалған жақсылықтан гөрі, көрген жамандығын ұзағырақ есінде сақтайды. Мені сол қапаландырады... Пьер Буаст
14. Жалғыз қалғанда әр адам өз ішіне назар салып, ненің жетегінде жүргендігін анық байқап біле алады. Джордж Гордон Байрон
5.Арманға жетудің жолы не?
Тілекке жетудің сыры мынау. Әр адам сол тілегін жігерлілік, сенімділік, ұмтылыс, талап секілді қасиеттермен алмастыру арқылы тілегіне қол жеткізеді. Адамның табиғаты сол - ұлылыққа, әдемілікке, жақсылыққа ұмтылып тұрады. Осының себебінен әркімнің жүрегінде бір-бір арман, мақсат жататындығы рас.
Бірақ сол арманға жетудің жолы не? Яки армандаудың адамға пайдасы, не зияны бар ма?
Осы орайда адамзат ойшылдарының кейбір пікірлеріне құлақ түріп көрелік.
1.Шынайылықсыз тірлік қылу мүмкін емес. Идеалға ұмтылусыз өмір сүру мүмкін болмайды. ***
2.Адамзаттың қолы жеткен небір жетістіктер кезінде жай ғана арман болатын. К.Сендберг
3.Адам баласы идеалға ұмтылмаса, ешқашан жетіліп, рухани өспейді. Ф.М.Достоевский
4.Ғажайып оған сенгендердің ғана уысына түседі. Өз күшіне сене алмайтын адамның жетістікке жетуі мүмкін емес. Д.Дидро
5.Адам баласы ғажайыпқа өз қолы жетіп, өз көзімен көргенде ғана ғана сене алады.
6.Көп адамның өзі ғажайыпқа айналудың орнына сырттан келетін сиқырды күтіп жүретінін байқаймын. Бұл - дұрыс емес. У.Дайер
7.Белгілі нәрсені армандап, бірақ оған жақындауға жүрексініп отыра берсеңіз, мақсатыңыз сізден алыстай түседі. В.Зеланд
8. Басқа бақтың қонғанын қалау мен сол бақты көтеруге дайын болудың арасы аспан мен жердей. В.Зеланд
9. Болмасты армандама. Шындыққа тура қара. А.Дюма
10.Тілекке жетудің сыры мынау. Әр адам сол тілегін жігерлілік, сенімділік, ұмтылыс, талап секілді қасиеттермен алмастыру арқылы тілегіне қол жеткізеді. В.Зеланд
11.Арман - сол үшін барыңды құрбан қылуға тұрарлық ұлы мақсат.
12.Барлығымыз бір балшықта жүзіп жүрміз. Бірақ бір бірімізден айырмашылығымыз мынау - бірі жерге қарап тірлік қылса, бірі жұлдыздарға қол созып өмір сүреді. О.Уайлд
13. Тілегіңіз бен ойыңызға абай болыңыз. Жамандық ойламаңыз. Ешкімді қарғамаңыз. Ойдың, тілектің заттанатындығын естен шығармаңыз.
14. Ақылды адам - ойлай білетін, өз ойын басқара алатын жан. ***
15. Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей. Абай
16. Орынсызға ұмтылтпай тоқтатуға, Талаптың алты түрлі бар ноқтасы. Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық - Талапқа алты түрлі ноқта тақтық. Шәкәрім
Достарыңызбен бөлісу: |