1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазыңдар. Олардың сөйлемде қандай қызмет атқарыт тұрғанын байқаңдар. Жеке тұрғанды мағынасы бар-жоғын айтыңдар.
Қаршыға – өте қырағы құс. Өзі сирек кездеседі. Орман-тоғайлы жерде анда-санда ғана оның «қия-қия-қия» дауысын естуге болады.
Қаршыға – аса епті, қайсар қыран. Көбіне орман-тоғайлы таулы жерді мекендейді. Ол ұзақ отырып өзінің жемін аңдиды. Торғай тұқымдарынан бастап шіл мен кекілікті, қаз бен үйректі, дуадақ пен құрға дейін алады. Бұларды көрісімен оқша атылып, зу етіп барады да, өткір тырнағымен бүре түседі. Ол байқатпай келіп,үй құстарына да шабуыл жасайды. Оның күшті де қысқалау қанаты жылдам ұшуға өте бейім. Құсбегілер оны ұстау үшін тұзақ құрады.
(«Ол кім? Бұл не?» кітабынан.)
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, көшіріп жаз.
1.Біздің сыныптың ұлдары..., қыздары..., өнерлі. 2. Мұғалім әкеме менің қалай оқитыным... айтты. 3. Әжей Алматқа көмектескені ... алғыс айтты. 4. Алмас ... Ербол сабаққа бірге дайындалады.
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Шылаулар қандай қызмет атқарып тұрғанын айтыңдар.
1.Кейбір жұмыскерлердің аттары ...(мен, және) сауатын сиырлары болмаса, таяуда қара-құра көрінбейді (С.Сейфуллин). 2. Сөзін оқы ... (мен, және) ойла, тез үйреніп, тез жойма (Абай). 3. Жомарттың бүгін жүре қоярлық ниеті жоқ еді ... (мен, және) оның ниетіне қарай көлік те болмады (Ғ.Мұстафин).
4-жаттығу. Мақал-мәтелдерді көшіріп, шылаулардың астын сызыңдар.
1. Еңбек ет те, міндет ет.
2. Оймақ пішсең де, олап піш.
3. Білмеген бүлдіреді, бүлдіреді де күлдіреді.
5-жаттығу. Көп нүктенің орнына да, де –лердің бірін қойып, сөйлемдерді көшіріңдер. Олар жалғау болса, сөзбен бірге, шылау болса бөлек жазыңдар.
Тілек жұрттың бәрін ... ренжітпеуге тырысатын. Сондықтан ... болар, көршілер оны өте жақсы көретін. Өз үйіндегі бар жұмысты істей жүріп, сабақты ... жақсы оқитын. Мектептп ... оны бәрі сыйлайтын.
(«Балдырған» журналынан.)
Достарыңызбен бөлісу: |