Қосымша материалдар.
1-жаттығу. «Мақал ішінде мақал» ойыны. Төмендегі мақалдардағы қарамен берілген сөздерді теріп жазып, олармен сөйлем құраңдар. Сонда тағы бір мақал шығады.
1. Аузында сөзі тұрмастың бір жерде өзі тұрмас. 2. Сөз асылы – кітапта. 3. Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын. 4. Оқуын тапса, білім қонар.
2-жаттығу. Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Кейінді ықпал әсеріне ұшыраған сөздерді тауып, себебін түсіндіріңдер. Зат есімге сұрақ қойып, септік жалғауларын ажыратыңдар.
Қала орталығында кітап дүкені бар. Ол үлкен әрі әдемі үйге орналасқан. Мен дүкенге бардым. Ол ашық екен. Дүкен іші кең, жарық, таза. Сөрелерде үлкен-кішілі, түрлі-түрлі, әдемі суретті кітаптар көп. Дүкенде ағылшын, араб, неміс тілдерінде жазылған кітаптар бар екен. Абай өлеңдерінің аудармалары мені қызықтырды. Мен «Қазақтың шешендік өнері» кітабын сатып алдым.
3-жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұның әңгімелеңдер.
Алматы қаласындағы ең үлкен ұлттық кітапхана төрт қабатты үйде орналасқан. Оның бөлмелері кең, биік. Кітапханаға оқушылар, студенттер, ғалымдар, жазушылар жиі келеді. Кітапхана үнемі жұмыс істейді. Ол кітапқа өте бай. Бұл кітапханада сирек кездесетін кітаптар да жеткілікті. Кітапханада әр түрлі тілдеге кітаптармен, газет-журналдармен танысуға болады.
Кітапхана қызметкерлері, кітапханашылар – өте кішіпейіл жандар. Бұл кітапхана – біздің мақтанышымыз.
4-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, орысшаға аударыңдар. Уақыт туралы мақал жазыңдар. Үй, мектеп, бөлме сөздерін шығыс септігіне қойыңдар.
Уақытты қадірлей білу үшін мынадай кеңестер береміз:
1. Белгеленген уақытта қоңыраулы сағатсыз-ақ оянып үйрен.
2. Заттарыңды, кітаптарыңды белгілі орында жинақтап ұста, сонда ғана оларды тез таба аласың.
3. Келесі күнге керекті заттарыңды кешке таман әзірлеп қой.
4. Үйінен әрқашан ертерек шық. Кешікпеуге дағдылан.
5. Орындай алмайтын іске уәде берме.
6-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, қазақшаға аударыңдар.
С первым снегом прилетели к нам на зимовку красногрудве снегири. На дне реки заснули усатые сомы. Зарылись в ил лягушки. Ежик накрылся одеялом из сухих листьев. Только медведь еще бродит. Он ждет глубокого снега. Тогда ему будет тепло в берлоге.
Аудармаға пайдаланатын сөздер: на зимовку – қыстауға, красногрудые – қызыл төстілер, усатые – мұрттылар, сухих – кепкен, бродит- қыдырып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |