Астана қаласы әкімдігінің
Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі МКҚК
Бекітемін:
Директордың ОӘ жұмысы
жөніндегі орынбасары
У. Кстаубаева ___________
«____» ___________2016 ж.
Қазақ тілінен тапсырмалар жинағы
Оқу әдістемелік кешені
Орындаған оқытушы: Төлеген В.
_______ ПЦӘК отырысында қаралды
Хаттама № ______ «___» ______2016ж.
Төраға: ______________
АСТАНА
Алғы сөз
Бұл оқу - әдістемелік құралы барлық курс мамандықтарының жалғастырушы топтарына арналып, студенттердің кәсіби лексикасын тереңдетуді көздейді.
Аталмыш оқу-әдістемелік құралының негізгі мақсаты - студенттердің өз бетімен тіл байлығын тереңдетуіне, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіруіне мүмкіндік беру.
Қазақ тілі заңдылықтарын естеріне түсіру мақсатында берілген жаттығулар мен тапсырмалардың, сөйлемдер мен сөз тіркестерінің танымдық маңызы зор. Берілген жаттығу жұмыстары мен тақырыпқа сай сөздік минимум, тапсырмалар студенттердің сөздік қорын байыта түсу мақсатын көздеген.
Кешенде тіл үйренушінің қазақша ойлауын, ой-пікірін жинақтап, ойын еркін жеткізуін жүзеге асыру мақсатында түрлі жаттығулар берілген.
Әдістемелік кешенде қазіргі талапқа сәйкес жаңа технология әдістерінің ерекшеліктері де орын алған.
Сонымен қатар осы оқу-әдістемелік құралын қазақ тілі бойынша сабақ беретін оқытушыларда қолдана алады. Жалпы оқу-әдістемелік құралы «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және үлгілеу» мамандықтарының оқу жұмыс жоспары негізінде құрастырылып жасалды. Оқу-әдістемелік құралы жүз тапсырмадан тұрады. Сабақ барысында студенттерге қосымша тапсырма ретінде беріледі.
№ 1
Тәуелдік жалғаулы сөздердің астын сызып, олардың тәуелдіктің қай жағында, қай (оңаша, ортақ) түрінде тұрғанын айтыңдар.
Отан! деп , тілі шықты бал бөбегім,
Отан! деп, бөбегіме бал беремін.
Тербеткен гүлге бөлеп бесігіне
Отанға жан беремін , ән беремін.
Нұсқадың екі айтқызбай әміріңді,
Жаңғыртып қағамыз біз дабылыңды.
Шарықтап шың басынан шырқатамыз,
Ардақтап мына ғажап дәуірімді.
Отанның ұрпағымыз, түлегіміз,
Отаннан тыныс алған жүрегіміз.
№ 2
Тексті көшіріңдер. Зат есімдерді тауып , олардың негізділерін түзу сызықпен, туындыларын ирек сызықпен сызыңдар.
Алыстан көрінгенде , көл ғой деп едік, қасына келсек көлшік екен. Аузымен орақ орған өңкей мылжың. Қарт бақташы сиырларын кешкі сауынына қайырып келеді де, сауылып болғанша үйіне қайтпайды. Еңбек түбі- береке, көптің түбі - мереке.
Ел көркі-мал, өзен көркі-тал. Аңшы аңды ұстасам дейді , аң аңшыдан құтылсам дейді.
№3
Тексті оқып шығып , көп нүктенің орнына тиісті көптік жалғауын қойып көшіріңдер де , мағыналарын айқындаңдар.
Менің творчествомның басты тақырып... ы – соғыс тақырыбы. Бұл тақырып менің кітабымнан кітабыма көшіп келеді, сабақтасып келеді. Кейбір жолдас... : « Соғыс аяқталғанына біраз жыл... өтсе де, сенің кітап...ыңда тоқтамай жүріп жатады ғой» , - деп әзілдейді. Майдан өмірін жақсы білетін , майдангер... жанын терең түсінетін ақын... үшін жалынды жыл... жайында әрқашан да толғап отыру- үлкен парыз. Солдат...дың жорық жол...ын еске түсіріп , ерлікті жырлау – азаматтық борыш.
№ 4
Зат есімдерге жақшадағы жұрнақтарды жалғап, туынды сөз жасаңдар. Олардың мағыналарын ажыратыңдар.
Күрке . Үй. Бөлме (-шық, шік)
Пальто. Етік. Үй ( - сымақ)
Дәрігүл. Әлия. Құман. Қалжан. Нұрбек. Айдарбек. (-ш, -ыш,-іш)
Нұрмағамбет. Жақып. Сақып. Нұргүл (-қан,-ан,-кен.)
№ 5
Шығыс септігінде тұрған сөздерді тауып, олардың жалғауларын бөлек жаз.
Шынының жаңа қасиеті.
Адамның шыны өндіре бастағанына 5 мың жылдан асқан. Шыныдан жасалған бұйымдар күнделікті тұрмысқа көп қолданылады. Шынының құрамына кремний, кальций, натрий, калий, алюминий, магний, қорғасын және оттегі элементтері кіреді. Шыны заттары сынғыш болады. Соңғы жылдары шынының құрамына жоғарыда аталған элементтерден басқа цезий, титан, вольфрам тағы басқа элементтерді қосып, оның жаңа сорттарын жасады. Бұл – болаттан мықты, алюминийден жеңіл, тотықпайтын шыны. 3500 градус температураға төзеді, ұрғанда сынбайды.
№6
Өлеңді оқып шығып, тыныс белгілерінің қойылу себебін айтып, тәуелдік, жіктік жалғаулы сөздерді табыңдар
Дауысыңды естіп тұрмын , қарлығашым,
Шырылдап неге сонша қарлығасың?
Тимеймін балапанға , өзім –бала,
Неге сен мұнша маған жалынасың?
Білем мен талай жерді араладың,
Шарқ ұрып , ойладың да бала қамын
Сол үшін ана жаның елжірейді,
Келмейді жүрегіңді жаралағым
Білем мен қасиетті ана сырын,
Шырқырап бөбегіне жаны ашырын.
Тимеймін балапанға , мен де сондай ,
Біреудің әлдилеген баласымын.
№ 7
Жатыс септігінде тұрған сөздерді тауып, көшіріп жаз.
Достар
Қыстыгүні Зейін баққа барды. Бақта әдемі қызыл төс торғайлар жеміс ағаштарының бүршіктерін шоқып жүр екен.
- Қандай әдемі торғайлар - дейді Зейін. Ол торғайларды ұстап алғысы келді. Бірақ торғайлар ұшып кетті.
- Бір –екі торғайды үйге апарайын деп едім, ұстатпайды ,- деді Зейін.
- Олар аш сенен жем сұрап жүр. Күн сайын жем беріп , қолға үйрету керек, -деді шешесі. Зейін қуанып кетті. Ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты. Міне ,енді бізге торғай үйренді. Шашқан бидайды тақтай үстінене жейтін болды. Кейін алақандағы дәнді шоқитын болды.
№ 8
Төмендегі сөйлемдерден жіктік жалғаулы сөздерді тауып, олардың жалғауларының қай жақта тұрғанын айтыңдар.
Біздер бейбіт еңбекті сүйетін елміз. Ы. Алтынсариннің қандай шығармаларын білесіңдер? Қандай газет- журналдар оқисыңдар? Сіз аса талантты офицерсіз. Берік болат біз жастармыз, мың сан миллион достармыз. Біз ол жақта үлкен іс бітіреміз, отрядтар құрамыз. Біз сүйеміз, бейбіт күнді, бейбіт күнде туғанбыз. Біздің өмір күндей нұрлы , Бақыт құшқан ұланбыз.
№ 9
Жұмбақтарды шеш, көшіріп жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
• Әжем сақтар тапқанын , Қоймасы бар шап – шағын.
• Күзетем деп үйді, Жұдырығын түйді.
• Қаймықпайды еш аңнан , Қорқады тек тышқаннан
• Үнім -дабыл, Дабылды,Өршітемін жалынды .
Жүрегіңді тербетіп, Қоздырамын қаныңды.
№ 10
Құрамында ғ, г, дауыссыздары бар сөздерді көшіріп жазыңдар. Ол дауыссыздардың қандай дауыстылармен тіркесіп келгенін айтыңдар.
Қарт бағбан бау- бақшаны күту жұмысына үлкен зер салып қарайтын. Бағлан баққан қозының әбден тойынып семіргені байқалып тұр. Ардақ бағана кетіп қалған. Қымызды сырлы тостағанға құйып, келген қонаққа ұсынды. « Ендігәрі Абайды бұндай жерге бастай көрем... » -деді Ұлжан. Әжесі ертегі айтып берді. Сәрсен ғылыми еңбек жазды. Дәрігер емханадан кеш қайтты.
№ 11
Төмендегі аты-жөні атауларын әліпби ретімен жазып шық.
Әбілов, Әміров, Ахметов, Дауытов, Шериев, Гиарасов, Иманбаева, Қайранов, Әбілдаев, Раев, Асанов, Шолтаев, Пірімбетов, Көшімов, Ыбыраев, Ұлықбанов, Назаров, Ысқақов, Ескендіров, Ұланов, Шерба, Мұқанов, Мұқышев, Ішікбаев, Жанұзақов, Қанбатыров, Келгенбаев, Егембердиев, Нұрланов, Оспанов, Өмірбеков, Федосов, Хамутов, Қалмұрзаев, Ғылымов, Ульянов, Жексенбаев, Теміров, Чимбарева, Югай, Яковлев, Гого.
№12
Оқып шығып , сөз құрамындағы қатаң, ұяң , үнді дауыссыздарды айтып беріңдер
О, балалар , балалар , Өлең боп аққан дарияң,
Қарашығы көзімнің, Домбырасын басуға,
Қуанышы сезімнің , Жырынан шашу шашуға;
Кеудемдегі жүрегім, Кездесіп көзбен көруге ,
Таянышым , тірегім; Халық сәлемін беруге,
Ардақтысы елімнің , Қуанбасқа бола ма,
Гүл – шешегі жерімнің. Жырламасқа бола ма,
Алдыңа келді қарияң, Осы отырған тойымда.
№ 13
Қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып, астын сыз.
Бөлім бастығымен екеуінің арасында болған сол әңгімеден кейін , Байғали өзінің басшы ретінде машықтанған бұрынғы жұмыс стиліне өзгеріс енгізді. Ақбала пеш үстінде кіржиіп отыр екен. Кішкентайынан ән құмар домбырашы Ақжігіт құжырада шалқасынан жатып алып, өлең шығарып, ән айтатын мінезге басты. Оған өз әдірісіне айтылған маңжау сөздің бәрі де жөн көрініп отырды. Ғылыми жұмысын Ақбала бітіргелі жатыр
№ 14
Мәтінді көшіріп , білім, оқуші , күш сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Қазіргі кезде терең білім болмаса, елімізді өркендете алмаймыз. Әр оқушы жан – жақты білім алуға міндетті, білім алу да зор күш екенін ұмытпа.
№ 15
Сөздерді буынға бөліп көшіріңдер. Ашық буындарды тауып, астын сызыңдар.
Әже, кеме, көмір, желке, жеміс, жаға, тағалау, қамыс, қалашық, мойында, кеңсе, алты, жеті, асау, келте, қызылша, қалта, көлеңке, терезе, сіріңке, үзеңгі, әңгіме, бетеге.
№ 16
Тұйық буындарды тауып, екі дыбыстан құралған тұйық буынның астын бір, үш дыбыстан құралған тұйық буынның астын екі сызыңдар.
Астық, олжа, өткір, өрт, өртену, ұрттау, ыстық, артта, артық, алпысыншы, ерттеу, ерітінді, еркелік, еркіндік, елгезек, естілу, керуен, аңқау, еңбектену, ынталы
№ 17
Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшір.
Б...з. Б...ген...ай. К... ше. А...ы. Ү...к...н. Ә...е. Ә...и... М...н...з. Тұр...ыс. Б...л...м. О...ау
№18
Төмендегі синоним сөздерді мағынасына қарай топтап жаз.
Алыс. Ажар. Науқс. Дәу. Кесел. Нән. Келбет.Үлкен. Ауқат. Қашық. Тамақ. Шалғай.
№19
Төмендегі антоним сөздерді үлгі бойынша жұп-жұбымен жаз.
Үлгі: аласа-биік, төмен-жоғары ...
Ұл. Суық. Жаман. ақ. Күн. Қыз. Жақсы. Қара. Жылы.. Тату. Қатты. Ұзын. Араз. Жұмсақ. Қысқа. Жас. Көп. Кәрі. Аз. Қисық.
№ 20
Берілген сөздерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.
Тапсырған жұмысқа ат үсті қарауға болмайды. Жабай бұл түнді кірпік ілместен өткізді. Әлия мен дана тонның ішкі бауындай болатын
№ 21
Берілген тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер ойлап жаз.
Көзін жеткізу. Қолды болу. Мысы құру. Қыр көрсету. Сабасына түсу. Көңіліне келу.
№ 22
Мақалдардың тиісті әріптерін қойып оқы.
Ж...ж...ж К...к... Б...б...б...б.... Е...е...е...
№ 23
Оқып шығып , мақалдарды бір бөлек, басқа тұрақты сөз тіркестерін бір бөлек тізімдеп көшіріңдер.
Ескі ауылда ер жүрек , еті тірі жігіт дегендер болатын. Ер жігіт – мінер ат, ішер ас, киер киімін кем ұстамайтын; дәулеті мол болсын , шағын болсын , көңіл көтеріңкі жүретін , беруге де, алуға да шыдайтын , айтқан сөзіне тұрақты , қайғыға қайсар, жүрген жері думан болатын.
№ 24
Сөйлемдерді оқып шығып , бас, жол, тіл деген сөздердің қай мағынада қолданылып тұрғанын айтып беріңдер.
Бас жарылса , бөрік ішінде , қол сынса , жең ішінде. Оқушылар экскурсияға барғанда , тау басына шықты. Болат жұмыс басына кетті. Оқуды басынан бастап , зейін қойып оқу керек.
Қала мен ауылдың ортасына асфальт жол салынды. Олар ертең жол жүретін болды. Ағайындары, жолдастары: « Жол болсын » - деп тілек білдірісіп , қош айтысып жатты. Қайрат пен ақыл жол табар. Ойлана келіп, дұрыс жолды енді таптың.
Ол тамақ ішіп отырып , байқаусызда тілін тістеп алды. Еркін өзінің ана тілін де, сонымен бірге орыс тілін де жақсы білетін еді. Барлаушылар жау жақтан тіл әкелді. Сағат тіәлі он екіні көрсетіп тұр.
№ 24
Берілген синоним сөздерді жақша ішіндегі сөздердің лайықтысымен тіркестіріп, сөз тіркесін жасаңдар.
Қысқа, келте, шолақ ( тон, жіп, мұрын, жең); Мықты , берік, күшті ( ағаш, адам, қамал, жылқы, босаға) ; Сирек, селдір ( шаш, кездесу) ; Кәрі , қарт ( қой, ешкі, адам ).
№ 25
Қарамен берілген сөздерге қарама – қарсы сөздер тауып жазыңдар
Ауыр киім, ыстық жел, ұзақ жол, алыс жер, биік өкше, қысқа жіп, ерте ояну, қалың қар, жас жылқы .
№26
Мәтінді оқып, бірігу, қосарлану, тіркесу жолымен жасалған сөздерді тап
Кит- дүние жүзіндегі ең үлкен хайуан. Кит- суда тіршілік еткенімен , ешқандай балық емес, ол- аң, яғни сүт қоректі хайуан.
Кашалот- тісті кит. Ол өте сүңгігіш: теңіз түбіне қарай бір километр тереңге кетеді де, бір сағаттан кейін ауамен дем алу үшін судың бетіне шығады.
Қайыс балық әрі ұзын, әрі жалпақ. Кейбіреуінің ұзындығы 9 метрге жетеді. Ауырлығы соншалық – бес адам көтере алмайды.
№ 27
Төмендегі жұмбақтарды шеш, олардың шешуіндегі біріккен сөздерді сөз құрамына талда.
1.Бір ақынның атында, Екі түбір , төрт буын. Төртеуі де бітеу буын,
Мұны тауып , қанекей, Айтар екен кім бұрын?
2. Құла құлын жылп етті. Құйрығы бір қылп етті,
3. Әкесі – тышқан, шешесі – құстан.
4. Тарбаң, тарбаң, тарбиған, Түрі жаман жарбиған.
№ 28
Мәтінді көшіріп жазып, біріккен сөздерді сөз құрамына талда.
Ойдағы мол шалғынды қыстаулық жер: Жидебай, Мұсақұл, Шүйгінсу сияқты қорықтардан да ағылыпкөшіп жатыр. Әр ел тұс- тұсындағы Ақбайтал, Көлдөнең, Жігітек, Шатқалаң, Бөкенші сияқты асу- асуларға қарай беттеді.
Биыл да көшу солай. Жолдағы белгілі қоныстар: Талдыбұлақ, Барлыбай, Қызылқайнар.Кей қонысқа таңертең кеп қона сала, кешке тағы көшеді.
№ 29
Мақал- мәтелдерден, қос сөздерді тап.
1. Ұрыс- керіс – ойсыздың қаруы.
2. Қауіпті сәл- пәл елеген Құтылар таудай пәледен.
3. Бала – ата- ананың алтын бағанасы. 4. Темір өз- өзінен шыңдалмас.
4. Сұрай-сұрай сұңғыла болар. 5. Өсек-аяң өттей ащы.
№ 30
Мәтінді көшіріп жаз . Бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалған сөздерді тап.
Кешкі күн жалқау сырғып, теңіз толқынын алау- жалау өрттей жалтылдатып , ұясына құлап барады. Қаракөк Каспийдің бір сарынмен ғана дем алған ауыр ыңыранысы естіле бастады. Күн де бетте , теңіз үстіне қорғасындай басқан ауыр бір қара тұман да көтерілді. Қара тұманның әр жерінен жалғыз- жалғыз жарқыраған жұлдыздар көрінеді.
№ 31
Төмендегі мәтінде үстеулер бар ма?, анықта.
Ет алушылар неше адам?
Біреу қасапқа жылқы соятынын көрші- қолаңына хабарлайды.Белгіленген күні ол бордақысын сояды. Әр жерден ет алушылар келеді. Сойылған малды төңіректеп тұрғандарды көзімен санап шығып, ол сәл ойланып қалады: « Бұлардың әрқайсысына бір жіліктен берсем , онда үш жілік ет артылып қалады. Екі жіліктен сатсам, үш адамға ет жетпейді. Енді қандай амалын табайын?»
№ 32
Мәтінді оқып шығып ,үстеулерді тап.. Олар сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?
Кілең шолақ құйрық аттар. Ол байырғы
кетпеншілерге қимылдады. Тұрысы да мығым. Кетпенді де бір қалыпты сілтейді. Көздеген жеріне түсіп жатқан топыраққа да көңілі тойып тұр. «Көкемнің кетпенін шыңдап алмасам болмас, мынау не деген өнімсіз еді»-деп, бала қолындағы құралына көңілі толмай қарап қойды. Өз ісінің сәтті бітіп келе жатқанын іштей сезген сайын бала тіпті шабыттана қимылдады.
№ 33
Мәтінді көшіріп, жалаң үстеулердің астын бір, күрделі үстеулердің астын екі сыз.
Сөзін біреу сөйлеп жатса, бәрі күні бұрын келісілсе, Сасанның арқасы қозатын не жыны бар, ол үн- түнсіз мүлгіп отыра берді. Тобылғы торы жүзі науқастың салдарынан бұл күнде солып, сары тап болып қалған. Алайда Ұлғазардың алдында кішірейіп , бас игенін ұғып, намыстанып отырғаны байқалады, анда-санда жарқ ете қалған көзінен. Бірақ амал не? Қанаты қайырылған бүркітше көзін қйта жұмып, басын төмен салып мүлгігендей күйге ауысады ол.
№ 34
Төмендегі сөздерден жұрнақтар, жалғаулар арқылы жасалған үстеулерді бөлек- бөлек жаз.
Бұлбылша, бірге, сәбише, босқа, осылай, баяғыда, шикілей, аңдаусызда, тотыдайын, қапыда, осыншама, шалқасынан, соншалық , шетінен, осыншалық, тосыннан, айтпайынша, кезекпен, жазбайынша, ретімен, шынымен.
№ 35
Төмендегі мәтіндерден бастауыш, баяндауыш қызметін атқарып тұрған үстеулерді тап.
Еріншектің ертеңі бітпес. Бүгін – Ұлыстың ұлы күні. Мен сенімен біргемін. Талапты бала талпынған құстай. Биыл қыс ерте түсті.
№ 36
Төмендегі мәтіндерден пысықтауыш, толықтауыш, анықтауыш қызметін атқарып тұрған үстеулерді тап.
Кешке қар жауды. Ол лезде келді. Мен амалсыздан үйге кеттім. Естілер ертеңгіні ескерсе, көре сөйлейді. Бүгінгісін ғана қамданған алысқа бармайды. Сонша алтынды қайдан алады? Ең берекелі , ең парасатты тәжірибе- халық түйген тұжырымдар.
№ 37
Төмендегі сөздерден дара, күрделі , негізгі , туынды үстеулерді ажырат.
Кеше, бүгін, ең, бірге, былтыр, қыс бойы, ертең, зорға, кейде, бірте – бірте, бұрын, балаша, кейде, әрең
№ 38
Көшіріп жазып, жалпылау есімдігін тауып , сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын айт.
1. Ел-елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен жақсы.
2. Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы- Майқы би.
3. Атадан ұл туса игі еді, Ата жолын қуса игі еді,
Балаңды жұрт мақтаса , Бәрінен де сол игі еді.
№ 39
Мәтіннің мағыналарын анықтап, сілтеу есімдігін тап.
Мұнан басқа сөз айтып та үлгірген жоқ. Не ексең, соны орарсың. О шеті мен бұ шеті көз жетпейтін , бауырдай тілінген қоңыр топырақ біраз әңгіме болды. Күлтайдың баяғы оқыған ағасы осы ауылға қызметке келді. Омардың оқыған інісі бар деуші еді, сен солмысың? Анау Абай ағаға жүгінгенмін.
Достарыңызбен бөлісу: |