Қазақ тілінің қысқаша этимологиясы


Екі түбір бірігіп , бастапқы тұлғалары танымас тай болып өзгеріп кеткен біріккен сөздер



бет6/11
Дата25.12.2021
өлшемі30,74 Kb.
#128691
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Муминова Жәмила СӨЖ 1 этимология

3. Екі түбір бірігіп , бастапқы тұлғалары танымас тай болып өзгеріп кеткен біріккен сөздер. Мысалы : ышқыр ( ыш + құр ) , көкпар ( көк + бөрі ) , апырай ( а + пі рім + ай ) , жайбарақат ( жай + фäрағäт ) , әлпет ( ал + + бет ) , білезік ( білек + жүзік ) , жәрдем ( жар + дем дем беруші ) , эттегенай ( айт // әйт + деген + ай ) , түнеу моншақ ( мойын + шақ ( ту + әнеу , ағайын ( аға + іні) қашан ( қай + шағын ) , қадағаш ( қада + ағаш ) . мойын + шақа // жаға ).
Алагеуім. Алагеуім қазақ тілінде алагөбе ( қара ), тан қараңғысы, таңсәрі, елең - алаң уақыт дегендермен мағыналас. Ол қарақалпак тiлiнде алагеўгим түрiнде айтылады. Алагеуім екі сөзден бiрiккен: ала + геуім. Мұндағы ала сөзін жеке айтуга болса да, геуім сөзі дара қолданылмайды. Ала сөзi отыздан астам түркі тілдерінің бәрінде жеке де, туынды түбірде де, қос сөз, біріккен сөз құрамында да өте жиі кездесіп, өзінен кейінгі тұрған сөздiң түрін, түсін, белгісін, реңін білдіретін аныктауышы, не қос сөздің алдынғы компоненті ретінде қолданылады. Ала сөзінің сыңары геуім қазіргі түркі тілдерінің біразында жеке - дара қолданылып жүрген гугум ( ұйғ.) геугим ( қарақал.) сөзімен төркіндес. Ол бұл тілдерде «ымырт жабылғанда, қас қарайғанда, іңірде» деген мағынада айтылады. Мысалы, қарақалпақша : күн батып, геугим жабылды, геўгим түсти ( кеш батып, қараңғы түсті), геўғимле - қараңғы түсу , түн басу ; Ұйгыр тiлiнде : гугум - кеш каранғысы, гугум чушкәнде караңғы тускенде , апак - сапакта , ымырт жабылганда , iңiрде т . б . Сонда алагеуім деген сөз таң атудың алдындағы елең - алаң уақыт ты бiлдiру үшiн өзара мағынасы жағынан байла нысып , бір - бірімен жымдасып кеткен сөздердің қосындысы . Ұйғыр тіліндегі аугум , қарақалпақ тiлiндегi геўгим сөзінің қазақ тілінде геуім түріне ауысуын дәлелдеу қиын емес. Мұнда да еріндік у дыбысының артикуляция жағынан бір - бiрiне өте жақын г - ғ - қ дыбыстарын ауыстыру қабілетіне байланысты угу // уга дыбыс тіркестері қысқара келе, -уі (ге - уі - м) қалпына келген. (Ә . Қайд.)
Білезік . Тоғжанның құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы қамшат бөркі, білек толған неше түрлі білезіктері — баршасы да бұл өңірден. Абайдың көрмеген бір нәрсесі сияқты (М.Әуезов). Бұл сөз білек пен жүзік деген сөздерден құралған. Мұндағы білек сөзі, кейбір зерттеушілердің түсіндіруінше, бел сөзінен шыққан ( Vámbéry , Etym . Wört , 202 , 214 ; Lokotsch . Etym . Wört, 126 ), ал басқа бір зерттеушілер бұл сөзді көне түркі тілдерінде кездесетін «орау, орап байлау» мағынасын беретін біле етістігімен байланыстырады (Menges . Glos sar , 701 ; Ф. Корш. Слово «балдак» и долгота гласных в турецких языках.— « Живая старина», 1909, вып . 2—3 , 156). Сөздің екінші бөлшегі жүзік кейбір түркі тілдерінде йүзік, дүзік болып айтылады. Оның түбірі — йүз болу керек , ол қазірде де қазақ тілінде жүз түрінде қолданылады да, «бет, ажар» дегенді білдіреді. Бұл сөздің төркіні туралы басқа да болжаулар бар., Сөйтіп , білек пен йүзік сөздері қосылып, білек + йүзік > біле ( к ) ( йү ) зік > білезік болып өзгерген тәрізді. (Н. Қ.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет