Немере — Бұл өнер сенің өмірлік наның. Сенің емес, сенің ұлыңның, немереӊ мен шөбере - шөпшегіңнің азығы, — деді (Ө . Қанахин) Немере - ұлдың баласы (ұлы, қызы); Бұл сөз қазақ тіліне және де басқа да түркі тілдеріне парсы тілінен ауысқан. Парсы тілінде (набире) — баланың баласы деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз қазақ тілінен басқа, өзбек тіліне набира, невара, ұйғыр тіліне нәвра, қырғыз, қарақалпақ тiлдерiне немире // немере түрінде ауысқан (Б. С.)
6. Адам есімдерінің этимологиясы.
Алдияр. Алдияр тақсыр. Алдияр тақсыр, ағат айтсам айып етпеңіз, ызалы сөз қашан да қаттырақ шығады (Ә. Әбішев). Бұл сөздің түп - төркіні араб - парсы тілдеріндегі, (алла яр) ол «алла жар болсын» деген мағынадағы тілек. Қырғыз тілінде алдайар хан - сұлтандардың құрметті титулы. Бұл фраза бұрынғы ескі дәуірде қолданылған. (І. К.)
Дәурен. Қалайша күн көреміз, дәурен кешіп (Ақан сеpi). Дәурен — діни ұғымды сөз; күнәдан пәк болу үшін, өлген кісіні көмбестен бұрын берілетін «тәбарік» сыйлықты, мұнымен байланысты дәстүрді араб тілінде дәурен дейді. Дәурен сөзінің мағынасы дәурен кешті, дәурен сүрді дегеннен (о баста түбірі бір болғанмен) мүлде бөлектеніп кеткен. (І. К.)