Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы


Ресейдегі ақпан, қазан революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі.Жалпы қазақ съезі және Алаш партиясы



бет5/5
Дата24.12.2021
өлшемі28,54 Kb.
#104771
1   2   3   4   5
Байланысты:
тарих 2

5.Ресейдегі ақпан, қазан революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі.Жалпы қазақ съезі және Алаш партиясы.

1917 жылы Ақпан революциясының жеңісі мұсылмандық қозғалысқа жаңа серпіліс берді. Ұлт аймақтарында қоғамдық негіздегі ұлттық ұйымдардың құрылуы, түрлі деңгейдегі съездердің өткізілуі, Ресей мұсылмандарының уақытша орталық бюросының құрылуы секілді құбылыстар мұсылман жұртшылығының қоғамдық-саяси өмірінің жандануының көрінісі еді. Осы тұстағы мұсылмандық қозғалыс отарлық езгінің түбірімен жойылуына, Ресей демократиялық республика болып қалыптасуына мұсылман халықтарын жұмылдыру бағытында жүрді. Соның нәтижесінде азаттыққа қол жеткізу көзделді.

1917ж. мамырда жалпыресейлік мұсылман съезі өткізіліп, жаңа саяси жағдайда мұсылман халықтарының қоғамдық-саяси істерін үйлестіріп, бір оталықтан басқару ниетінде Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі құрылды. Бұл ұйымның қызметінде Ж.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев, У.Танашев секілді қазақ зиялылары атсалысты. Олар бұл ұйымның жұмысына қатыса отырып, қазақ халқының талап-тілегін білдіріп, мүддесін қорғау жолында қызмет етті.

Ақпан революциясынан кейін Ресей мұсылман халықтары өзінің ұзақ уақыт бойы шешілмей келе жатқан мемлкеттік, жер мәселелерін Құрылтай жиналысында бір жола шешуден үміттенді. Сондықтан да Қазақ қаласында өткен екінші жалпыресейлік мұсылман съезінде барлық мұсылман депутаттарының басын қосып, біріктіру үшін Құрылтай жиналысында мұсылман фракциясын құру керектігін баса көрсетіліп, оның платформасы әзірленді. Бірақ мұсылман жұртшылығының Құрылтайдан күткен үміті ақталмай қалды. Себебі, Кеңес үкіметі Құрылтай жиналысын күшпен таратып жіберген еді.

Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:

1.Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.



Алаш партиясы, Алашорда үкіметі – Алаш автономиясы

Алаш партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық – демократиялық партиясы (1917-20). Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай партия құру әрекетін 1-орыс революция жылдарында (1905-07) қолға алды. 1905 жылы соңына қарай Орал қаласында өткен қазақ облыстары өкілдерінің сиезі «Қазақ конституциялық демократиялық партиясын құру туралы» шешім қабылдады. 9 адамнан тұрған оның ОК мен бағдарламасы жөніндегі хабар «Фикер» (Пікір) газетінде жарияланды (1905, 25-желтоқсан). Орталық езгіге қарсы жалпыұлттық бас көтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ, өйткені оған қажетті алғышарттар қалыптаса қоймаған болатын. Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 жылы тағы да бой көрсетті. М. Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегінде топтасқан зиялылар ең өзекті мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдамаларға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған қатаң әскери-орталық тәртіппен есептесуге мәжбүр болған Ә. Бөкейханов мұндай әрекеттерге көшуге үзілді-кесілді қарсы шықты. Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ сиезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібінде «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынды. 1917 жылғы 21-26-шілде аралығында Орынбор қаласында өткен жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын кұру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдында саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шураи исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократиялық, федеративтік парламенттік республикаға кұрылмақ …», Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұстас келді. «Қазақ» газеті (1017, N244) бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидиттар тізімін осы партияның атынан жасауды ұсынды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ басқармасынан барлық облыстардағы қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою туралы жеделхаттар жіберілді. Алаш партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылы қазан айынан қалыптаса бастады. Алаш жарияланған бағдарламасында Ресейдің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыранды қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялы негізде тұтас Ресей Федерациясының құрамына енбек. Әлеуметтік катынаста феодалдық аристократияны шектеу, таптық жіктелу мәселесі қойылған жоқ, керісінше жалпыұлттық мүдде ұлттық тұтастық бағытында тұрды. Бағдарламадағы ең негізгі мәселе – жер мәселесі болды. Алаш партиясының 1917 ж. күрделі үш мәселені халық арасында, казақ зиялылары ішінде ең алдымен шешілуге тиіс жалпы ұлттык зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелар бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл атқарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында («Қазақ», 1917, № 251) берілді. Екіншіден, партияның ұйытқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен ІІ-жалпықазақ сиезін (1917, желтоқсан) даярлап өткізді. Осы сиезде Алашорда – Ұлттық Кеңес үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алашорданың мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алашорданың атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы кұрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш ең көп дауыс алған партия болды. Объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түре араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді. Қым-киғаш Азамат соғысы тұсында ондай міндетті тек Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді.

Пайдаланған әдебиеттер

1) Б-О 53 Бексештова А.Т., Осипова Ж.К,. Қазақстаннын, қазipгi заман тарихы.

Оқу құралы. Көкшетау, 2009. - 222 бет

2)Ресей мұсылмандары съезінің тарихы // Вакыт. 1906. №72. 12 қыркүйек; Заманның маңыздылығы мен мұсылмандардың әрекеті // Үлфәт. 1905. №2. 22 желтоқсан; Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы // Тәржіман. 1907.

3) aqiqat.kazgazeta.kz сайты

4) 103.Дулатов М. Шығармалары . Алматы, 1991. 294-б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет