Есептің ішінде келтірілген барлық мәліметтерді осы мазмұнға сәйкес рет-ретімен қойыңыз!
Кіріспе
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында асқақ Алатаудың баурайы алманың «тарихи отаны» екенін атап өткен болатын. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының бағзы тұқымы – Сиверс алмасының отаны саналады. Елбасы мәуелі жемістің Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралғаны туралы айтқан болатын.
Өсiмдiк шаруашылығының маңызды салаларының бiрi –жеміс-жидек шаруашылығы, ол дүние жүзi елдерінiң барлығына дерлiк тән. Жеміс-жидек шаруашылығы жылдық өнiмдiлiгі 600 млн. т, оның 70% астамын Азиядағы шаруа дихандар өсiредi. Жыл санап көкөніс және жеміс шаруашылығынада алмаға деген сұраныс артып келеді.Алма экспорттық әлеуеттілігі өте жоғары. Осыған байланысты алманың өнімін, сапасын, сақтауға және тасымалдауға жарамдылық көрсеткіштерін арттыру керек.Алма өнімдері ауыл шаруашылығында өте маңызды өнім түрі ретінде бағаланады.Себебі олардың химиялық құрамында қанттың, көмірсутектердің, дәрумендердің, минералды заттардың, органикалық қышқылдардың қоры мол, қоректік пайдасы жоғары. Жеміс-жидек шаруашылығы өндірісінің алдына қойылып отырған негізгі маңызды мақсат - алма өнімдерімен Қазақстан халқын түгелдей қамтамасыз ету. Бұл үшін алма өнімдерін еліміздің әрбір топырақ- климаттық жағдайына сай, өндірістік қарқынды технологияны қолдана отырып өсіріп өндіру қажет.
Қазіргі кезде алманың өнімділік деңгейі жоғары болып отыр.Республика бойынша ол орта есеппен 60-70 т/га құрайды.Сонымен бірге алманың сапасы мен сақтау мерзімін де жақсартуды талап етеді. Алма өнімін арттырудың алғы шарттарының бірі егістікті зиянкестерден, аурулардан тазарту болып саналады.
Соңғы жылдары Қазақстанның оңтүстігінде жеміс-жидек шаруашылығының егіс көлемі өсіп, 2017 жылы 818 062 га жетті, ал оның 7
%-ын – 57541 га жеміс дақылдары құрайды. Үлкен көлемде алма өндірісі Қызылорда,Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау облысы және Жамбыл облыстарында дамыған. Бұл аймақтардың топырақ- климат жағдайлары алма өсіруге өте қолайлы болып табылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр
металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.Алманы халықтық медицинада түрлі ауруларға ем ретінде қолданады. Сондықтан қазіргі кезде алма өсіруде инновациялық технологияны қолдана отырып, егу, күтіп-баптау механизмін арттыруды қажет етеді және алма шаруашылығын әртараптандыру мемлекетіміздегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Өндірістік іс-сананың мақсаты - Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы «Green town South» ЖШС-де қолданылатын өсіру технологиясының ерекшеліктеріне байланысты алма сұрыптарының қалыптастыратын өніміне салыстырмалы баға беру.
Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер алға қойылды:
- аймақтың топырақ-климат жағдайларын бағалау;
- «Green Town South» ЖШС-де қолданылатын алманы өсіру технологиясының ерекшеліктерін зерттеу;
- Алма сұрыптарының қалыптастырған өніміне салыстырмалы баға беру.