Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Глоссарий Адамгершілік тәрбиесі-



бет13/16
Дата25.12.2016
өлшемі2,92 Mb.
#4841
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Глоссарий

Адамгершілік тәрбиесі- тәрбиеленушілердің қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерін мақсат көздеп қалыптастыру үшін олардың санасына, сезіміне, тәртібіне ықпал ету. Тұлғаның адамгершілік-психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Азаматтылық- жеке тұлғаның интегративтік қасиеті. Оның саналы, белсенді азаматтық міндеттері мен борышын мемлекет, қоғам, халық алдында орындауы; өзінің азаматтық құқығын саналы пайдаланып, елдің заңдарына құрметпен қарап, орындауы.

Аксиалогия- адамға қажетті жалпыланған бағалы заттар , қүндылықтар туралы философиялық ілім.

Агрессия - адамның немесе топтың қоғамдағы қаллыптасқан нормаларға қарсы зиян келтіретін әрекеті.

Аттестация - педагогтың квалификациялық санатына сәйкестілігін анықтау ушін жүргізілетін зерттеу.

Әдеп- әртүрлі жағдайда өзін ұстай білуі, шамадан тыс кетпеуі.

Әлеуметтендіру- іс-әрекет және қарым-қатынас арқылы жеке адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі мен нәтижесі.

Әрекет-іс-қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады.

Басқару–әрекеттердің тобы: педагогиқалық процесті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ол процеске ынталандыру және оның нәтижесін талдау.

Бедел-дегеніміз латын тілінен алғанда «билік» деген мағынаны білдіреді. Бір адамның білімі, тәжірибесі, адамгершілік қасиеттері арқылы басқа адамдармен қабылдануы, басқа адамдарға ықпал жасауға мүмкіндігі

Білім беру- табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру қоғамның даму дәрежесіне байланысты.

Дамыған педагогикалық зейін- бір уақытта көп объектілерді, тұрақты және жедел көңіл қойып ұстай білу.

Дау -дамайлар - адамдардың көзқарастарының, қызығушылықтарының, қажеттіліктерінің қарама -қарсы келуіне байланысты туындайтын әрекет түрі.

Идентификация (сәйкестендіру)-адамның өзін басқа адаммен, топпен, үлгімен санасыз сәйкестендіру процесі.

Импринтинг- адамның өмірде мәнді объектілердің ерекшеліктерін рецепторлық санааралық деңгейде бекітуі.

Инновация - жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз.

Қарым-қатынас адамдар арасында туып, оның мазмұнына информация беру,алмасу, бірін- бірі түсіну, бірлескен іске жағымды жағдай тудыру жатады. В.Н.Панферов

Кәсіби парыз- мұғалімге қоғамның, педагогикалық ұжымның, оқушылар -дың қоятын талаптардың жынтығы. Оларды сақтау мұғалімнің ішкі моралдік қажеттілігіне айналуы. Мұғалімнің ең жоғары адамгершілік парызы -бұл мұғалімдік мәртебені жоғалтпау.

Кәсіби жауапкершілік-әлеуметтік жауапкершілік, оқушының, кәсіби қызме-тінің алдындағы жауапкершілік,өзін-өзі қызметтінің талаптарына сай ұстауы.

Кәсіби әділдік-әрбір оқушының құқығын сыйлау, қабылдау,оларды бөлмеу, бәріне әділ баға беру,әділ шешім қабылдау.

Кәсіби оптимизм- ісіне, оқушыға сеннімен қарау.

Кәсіби ар-ождан,ұят- оқушылар алдында өзінің парызын, жауапкершілігін сезіну, ішкі қажеттілікке айналуы, іс әрекетте көрніс алуы. Ұяттан арылған мұғалім өзінің кәсіби қызметін сапалы орындай алмайды.

Кәсібіне берілгендік- өз ісін сую, қызметіне шексіз берілу.

Квалиметрия -ол педагогикалық зертттеудің бір саласы, педагогтың арнайы, кәсіби қасиеттерін диагностикалау мәселелерімен айналысатын ғылым.

Көзқарас-адамның санасына әлемнің жалпы бейнесін айқындайтын ,іс әрекетін бағыттайтын философиялық , саяси әлеуметік көзқарастарының , сенімдерінің біртүтас жүйесі.

Құзырлеттілік – пайда болған мәселелер мен міндеттерді жедел түрде шешуге мүмкіндік беретін, түсінікшілік жүйесінің және соған сәйкес түсінудің, сыни ойлаудың болуын талап ететін, тәжірибелік әрекеттерді жүзеге асыруға қабілеттілік.

Құзырлық – тұлғаның меңгерген білімін, оқу біліктері мен дағдыларын, әрекет тәсілдері өмірде тәжірибелік және теориялық міндеттерді шешу үшін пайдалана алуы. Бұл ұғым іс -әрекетті нәтижелі орындау немесе жан- жақты терең білім деген мағынаны білдіреді.

Құндылық- қоршаған өмірдегі обьектінің адам, топ, қоғам үшін , олардың қажеттілігіне, қызығушылығына байланысты бағалануы.

Мұғалім- жалпы білім беретін оқу орындарыда оқушыларды оқытып, тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.

Мимика- бет қимылы арқылы өзінің ойын, сезімін, көңіл күйін көрсете білу. Мимиканың шешуші деталі көз және қабақ.

Мұғалімнің имиджі- киінуі, гримі, прическасы.

Мұғалімнің сөзі – сөз арқылы мұғалімнің өзінің тұлғалық сапалары көрніс беріп, объектілердің, құбылыстардың, қатынастың мәні ашылып, оқушының тұлғалық қасиеттерінің дамуына мүмкіндік туады.

Назары – белгілі затқа, бейнеге, пікірге бір уақыт мөлшерінде ықылас қою, оның екі түрі бар: ерікті, еріксіз. Назары, зейіні дамыған мұғалім бір уақытта сыныптағы оқушылар немен айналысып отырғандарын аңғара алады.

Пантомимика - дененің, қолдың қимылы, жүріс-тұрыстың, жесттердің сырттай көрніс алуы.

Педагогикалық адамгершілік. Оған оқытушының гуманистік бағыттылығы жатады және оның құндылықтық бағдарларын, идеялары мен қызығуларын іске қосады. Адамгершілік педагогикалық позицияда көрінеді,

Педагогикалық деонтология-(грек.) – педагогтың кәсіптік тәртібі туралы ғылым. 19 ғасырда ағылшын философы И.Бентам енгізген.

Педагогикалық шығармашылық- педагогикалық процесінің үнемі өзгеріп тұратын жағдайында балалармен қарым-қатынаста мұғалімнің оңтайлы және ұтымды педагоггикалық шешімдер тауып, жүзеге асыруы.

Педагогикалық қабілеттер- мұғалімнің педагогтық қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даярлық-психологиялық ерекшеліктері мен қәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы.

Педагогикалық этика - этика ғылымының бір бөлігі. Педагогикалық процесте көрніс алатын моральдің спецификалық түрі. Мұғалімнің қызметінде көрніс алатын адамгершілік әрекетінің аспектілері.

Педагогикалық құндылық - педагогикалық қызметтің танымдық педагогикалық әрекет жүйесін бағыттайтын нормалар,білім беру жүйесінде қоғамдық саясаттың ,көзқарастың, қызметтің бірлігін қамтиды.

Педагогикалық техника - мұғалімнің қызметінде түрлі жағдайларда тәрбиеленушілермен нәтижелі әрекеттесуге, өзінің тәртібін, көңіл күйін қадағалауға мүмкіндік беретін жалпы педагогикалық, психологиялық іскерлік және дағдылар жиынтығы. (Г.М.Коджаспирова).

Педагогикалық әрекеттестік- педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынас жасау барысында белсенділік, ынтымақтастық таныту нәтижесінде тәртіптерінің, әрекеттерінің, қатынастарының өзгеруі.

Просодика және экстралингвистика- интонация, дауыстың естілуі, тембр, пауза, дем алу, күлкі,жөтел (дауыстың сипаты);

Проксемика- оқыту кезіндегі мұғаліммен оқушының арасындағы арақашықтық.

Такесика- қол ұстау, арқадан қағу, сипау.

Тіл мәдениеті - бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы – бұл қоғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ, орынды сөйлеу. Л.И.Ожегов.

Шығармашылық - қоғамның түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын адамның түрлі сапалы материалдық, рухани құндылықтарын жасайтын әрекет жасау түрі. Ойлаудың жоғары түрі , бұрын белгілі болмаған тәсілдер арқылы шешілуі.

Шеберлік- дегеніміз оқытушының жоғары деңгейде кәсіби қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы. Э. А. Урунбасарова.

Этика - мораль туралы ілім, оның мәнін, формаларын, пайда болуын зерттейді.

СОӨЖ және СӨЖ тапсырмалары
1. тақырып.

С.Сарғасқаев. Ұстаз. Жазушының бұл кітабында жас ұстаздың алғашқы қадамы, еңбек жолы әңгімеленеді. Келесі үзіндіні оқып өзіңіздің пікіріңізді айтыңыз.

... Оқып жүргенімізде көптеген аудандардың мектептеріне практикаға барғанымыз бар. Сонда жаңадан жұмыс істеп жүрген жас мұғалімдер өздерінің алғаш қалай келгенін әңгімелейтін: “ой, несін сұрайсың, біз алғаш келгенде, оқу бөлімі қошаметпен жылы қарсы алды. Күтпеген едік ондайды”.

“Оған неге таң қаласыңдар? Дүниедегі ең құдіретті, құрметті мамандық иесі бұлай қарсы алуға тұрмай ма? Туған ана мен сүйікті ұстазын тани білген адамдар әсте осылай болар”, - деп тақылдап, біздің өзімізді ұялтқандар да кездескен.

Басқасын қайдам, аудандық оқу бөлімі кеңсесінің табалдырығынан көтеріле бергенде: “Қызылтауға жіберсе екен” – деген бір тілек көңіліме сап ете түсті.

Күні кеше имене басып табалдырығын аттаған, он жыл оқып білім алып, өнерге үйренген, алғаш еңбек жолына тәй-тәй қадам басқан, Жамал Төлендіқызы апайдай ұстаздан тәрбиеленген өзім де Қызылтауға енді ұстаз болып баруым кезінде арман еді-ау... Адам кейде мақтануды да сүйеді. Оның өзі бір сәт көңілді марқайтады да. Кеше шәкірт болған мектебіңе, бүгін ұстаз болып есігін ашсаң, ондай мақтаныштың несі айып. Адам сұлулығы бет-ажар көркінде емес. Адам өз бақытын түсіне білсе, соған қанағаттана білсе, жүрегінің қалауымен өмір сүре білсе, нағыз сұлулық сонда екенін де түсініп, жүрегіме түйдім ғой. Сол жүрек әмірімен, енді мұғалім атанып келіп отырмын ғой... Бұл жас мұғалімнің ішкі жан-дүние сезімі.

2. тапсырма: Ұстаз туралы қанатты сөздерді жазып келу, талдау жасап пікір айту.

2. тақырып. Ұстаздың іс-әрекет түрлері.

Боранбаевтың С. «Ұстаз» әңгімесіндегі балалардың, ұстаздың іс-әрекетіне баға беріңіз.

.....Несін жасырайын біздің бесінші сыныпқа тарих пәнінен сабақ беретін мұғаліміміз Айткен ағаймен көпке дейін үйренісе алмай-ақ қойдым.

Өзі ұстамды да, салмақты еді. Оқыс қылықтарыңды қиядан байқай қоятын. Тіпті, не мектепте, не далада оқыстау ойнап, ожарлау сөйлесең де бәрін көріп, бәрін еститін. Көрерін көріп, естерін естіп кете берсе бір сірә ғой. Жоқ олай етпейді. Айқайлап ақырып-жекірмейтін, салмақтап сөйлеп-ақ сазаңды беретін. Сондықтан оның алдына екінші рет кінәлі болып барудан өзің де қашып жүретінсің. Ол, әсіресе үйге берілген тапсырманы сұрағанда аяғыңды қия бастырмайтын. Дайындықсыз келіп көр сабаққа. Онан жалтару да, бірдеңе етіп сылтау айтып құтылу да мүмкін емес. Ойлағаныңның бәрін біліп қояды. Бірақ жақсы жағын да айта кету керек қой, сабақты жақсы дайындалып келсең, сені рахаттана тыңдап, жайнап отырар еді... Бұл шәкірт ойы.

Оқиғаның әрі өрбуі қызықты, тартымды жазылған. Мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-қатынас сыйластық сезім, әдемі суреттелген.

3. тақырып. Мұғалімге қойылатын талаптар. «Педагогикалық деонтология» -педагогтың тәртібі туралы ғылым.


Педагогикалық жағдаятты шығарыңыз.

Қай сынып жетекшінің іс әрекеттері дұрыс, сіз олардың орнында болсаңыз не істер едіңіз?

7 сыныпта басқа мектептен үш қиын оқушы қабылданды. Сыныпта оқушылар арасында іріткі туып, оқушылар топ-топқа бөліне бастады. Тәртіпте төмендеді. Сынып жетекшісі сыныптағы беделді балаларға сүйеніп, қиын балаларды тәртіпке шақырып, сынып дәстүрін мойындауды талап етті.

Бұл жағдайда басқа сынып жетекшісі тек өз тарапынан ықпал жасап, балалар коллективі бұл істен сырт қалды. Сынып жетекшілердің іс әрекеттерін салыстырыңыз, сіз не істер едіңіз?



Қазірге кезде мұғаліме қойылатын талаптар бойынша сызба жасап талдау.

4. тақырып. Педагогикалық шеберліктің құрылымы, шеберлікке жету жолдары.

Педагогикалық жағдаятты шығарыңыз.

Студенттер арасында пікірталас болды: біреулері шебер ұстаз болу үшін, тәжірибесі мол мұғалімнен үйреніп, оған еліктеу керек деді , ал тағы біреулері өзі көп оқып, ізденіп жетілгені дұрыс деді. Бұл мәселе бойынша сіздің пікіріңіз қандай?

Жаттығу №1. «Мұғалім идеалы» туралы студенттер дөңгеленіп тұрып тез өз пікірлерін айтып әңгіме құрады.

Тапсырма 2. Шебер ұстаз болу не үшін қажет? Шығарма жазу.

Тапсырма 3. Озат тәжірибелі ұстаздардың ғылымға қосқан негізгі идеяларын жазып келу.
Педагогикалық техника.
Жаттығу №1. Сөйлеу техникасын меңгеру үшін келесі жаттығуларды орындаңыз:

Жаттығу №2. Диапазонды кеңейту үшін бір дем алып, деміңіз жеткенше 70-80 дейін санау;

Жаттығу №3. Дикцияны жақсарту үшін дайындап келген жаңылтпаштарды жаңылмай айту;

Жаттығу №4. назарын, байқағыштығын дамыту үшін үшке, бөлінетін сандарды айтпай тастап отырып, елуге дейін санау;

Жаттығу №5. Мимика, пантомимика арқылы жаттыгулар орындау. Өз ойын екінші бір адамға мимика, пантомимика арқылы жеткізу т.б.

Жаттығу №6. Үзіндіні мәнерлеп оқу;

Жаттығу №7. «Сыйлықтар» Топтың қатысушысы сөзсіз, тек қана мимика арқылы, жестің көмегімен, сыйлықты суреттейді, оған бұл сыйлықты сыйлайды. Бірақ осы сыйлықты қалай қолдану керектігін көрсетеді, келесі қатысушыға сыйлықты сыйлайды.

Рефлексия.

Жаттығу №8. «Сөзсіз қарым-қатынас» жаттығуы. Мақсаты: Пікір алмасу процесінде туындаған қысымды төмендету, оқушыларға қарым-қатынастың жаңа тәжірибесін алуға мүмкіндік береді, серіктесімен физикалық контакт кезінде жанасу нәтижесінде туындаған сезімдерге назар аудару, тренингке қатысатын адамдарға үлкен сенімділікпен сезінуге мүмкіндік береді.

Жаттығу үнсіз орындалады. Жүргізуші бір-біріне қарама-қарсы екі назарлы шеңберге тұруға өтінеді. Ішкі және сыртқы шеңберлер қарама-қарсы жақтарға қарай қозғалады және жүргізушінің белгісі бойынша тоқтайды. Бір-біріне қарама-қарсы тұрған адамдар жұпты құрайды. Жүргізуші оларға көздерін жабуға өтінеді және қол арқылы амандасуын сұрайды, кейін көзді ашып әрі қарай қозғалуға әрекет жасайды.

Белгі бойынша жұптар түзіледі де, тапсырмалар беріледі: «Қолдарыңды біріңнің иықтарына қойып, бір минут бойы қарсы тұрған адамға қарап, жымиыңыз, қолыңызды түсіріп ары қарай жылжыңыз».

Түзілген жұпқа келесі тапсырмалар мынадай: «Қолдарыңмен күресіңіздер, қолдарыңды достастырыңыз, қолдауды қолдарыңыз арқылы көрстіңіз. Қоштасыңыздар, бір-біріне арқалармен тіресіп отырыңыздар, құлап қалмауға тырысыңыз».


Жағдаят

Сабақ барысында дикциясында проблемасы бар студент бір сөзді дұрыс айтпайды, оған барлық аудиториядағы студенттер ду етіп күліп жібереді, ол аудиториядан жүгіріп шығып кетеді және сабаққа мүлдем қатыспай қояды. Сіз қандай шара қолданасыз?



Тест. Есте сақтауды бағалау

1. Сізге бес түрлі телефон нөмірін есте сақтау оңай ма?

2. Іскер кездесулер туралы ұмытып кеткен жағдайлар болды ма?

3. Сіз үш күн бұрын таңертеңгілік асқа не жегеніңізді еске түсіре аласыз ба?

4. Өзіңіздің алғашқы рет сүйіскеніңіз есіңізде ме?

5. Алғашқы махаббатыңызды ұмыта аласыз ба?

6. Мектепте болған алғашқы күнді еске түсіре аласыз ба?

7. Балалық шағыңызда жаттаған тақпақты жатқа айта аласыз ба?

8. 10 жаста киген киімдеріңізді еске түсіре аласыз ба?

9. Қоңырау шалмас бұрын Сіз әдетте нөмерді телефон кітапшасынан іздейсіз бе?

10. Алғашқы рет сүйіскеніңізде үстіңізде қандай киім болғаны есіңізде ме?

11. Бірінші досыңыздың есімін еске түсіре аласыз ба?

12. Кейбір иістер Сізге таныс жерлерді еске түсіре ме?

13. Мектепке барып жүрген жолды еске түсіре аласыз ба?

14. Достарыңыздың туған күндері мен мерейтойлары туралы ұмытпайсыз ба?
Ұпайды есептеу: әрбір оң жауапқа 1 ұпай, әрбір теріс жауапқа 0 ұпай.

Тек №9 сұрақта керісінше: «жоқ» жауабына 1 ұпай есептеледі.

Нәтижелер:

11 немесе одан артық ұпай: Сіздің есте сақтау қабілетіңіз тамаша, Сіз көп нәрсені есте сақтай аласыз.

6-дан 10 ұпайға дейін: Сіздің есте сақтау қабілетіңіз әжептәуір жақсы дәрежеде, көп нәрселерді есте жақсы ұстайсыз, дегенмен кейде қателесіп, қысылатын кездер де болады.

5 немесе одан кем ұпай: Сіздің есте сақтауыңыз орташа, Сіз маңызды іскер кездеулер мен қоңырау шалулар туралы жиі ұмытуыңыз мүмкін, бірақ бұның да артықшылығы бар: Сіз өзіңіздің жаңсақтықтарыңызды тез ұмытасыз.

6. тақырып. Педагогикалық кабілеттер және педагогтың тұлғалық сапалары.

Келесі педагогикалық жағдаятты оқып, пікір айтыңыз.

Алтыншы сынып оқушысы Әділ, өркөкірек, дөрекі, білектің күшіне сенетін оқушы болатын. Кейінгі кезде бос уақытын мектептің зоологиялық бұршында өткізіп, асыранды қояндарды күтіп, санын көбейте бастады. Артықтарын мектеп асханасында өткізіп тұрды. Бір күні сынып жиналысында әрбір оқушыға мінездеме беріліп, Әділге келгенде пікірлері екіге бөлінді. Пән мұғалімдері мен вожатый оның әлі түзеле қоймағанын дәлелдесе, кластас құрбылары оны жақтап, түзелгенін, қоғамдық жұмыстарға қатысып , сабақ үлгірімі де жақсарғанын айтып, үлгілі мінездемесіне «қанағаттанарлық » бағасын қоюды талап еткен. Бұл жағдайда сынып жетекшісі не істеген болар еді ?
«Алты түрлі – түсті қалпақтар» жаттығуы. Мақсаты: топ қатысушыларына кез – келген жағдайды талқылаусыз ондағы күшті жақтары мен сол жақтарының позициясын саралауға болатынын түсіндіру.

Жүргізуші жоғарыдағы жағдайды алты ғажайып қалпақтармен шешуге ұсыныс жасайды, бірақ сол үшін оның тарихын естіп алу қажет. Бір кезде қалпақшы – іскер адам тұратын. Ол адамдарды тартымды әрі сенімді ететін қалпақ жасайтын. Бірақ бір күні қалпақшы бұл өмірден өтті де алты баласына шеберхананы мұра етіп қалдырды. Онда олар түрлі құрал – жабдықтар тапты, түрлі – түсті фетрдің сынығы мен түрлі – түсті қалпақтар табылды.

Әкеміздің бүгінгі күнге дейін еңбектеніп істеген тапсырмасы ғой. Қалпақтарды алып кетуге бір адам келіп, бізге көп ақша берер, - деп ойлады балалар.

Бірақ уақыт өтіп жатты, ешкім келмеді. Балалар қайтадан қалпақтарды қарап, оларды өздеріне алуға келісті. Біреуіне ақ, екіншісіне – қара, үшіншісіне – қызыл, төртіншісіне – сары, бесіншісіне – жасылды, ал алтыншысы – көкті алды.

Ары қарай қызықты жағдай болды. Ақ қалпақты кигені деректер мен сандарда жақсы түсінігі болды, оқиғалар барысын жеңіл қадағалады, бірақ өзінің эмоцияларын мүлдем жоғалтып алды.

Қара қалпақты кигені барлығына сын мен күдікпен қарай бастады, барлығында кемшілік пен теріс салдарды іздеді.

Қызыл қалпақты иемденуші эмоция ықпалында болды, ол болғанды сезімталдықпен қабылтайтын болды, бірақ өзінің эмоциясын ұстай алмады.

Сары түсті қалпақты иемденуші қоршаған ортада жақсылықты ғана көрді. Ештеңе де шындықты жабырқау етіп көрсетпейді деп сенді.

Жасыл түсті қалпақтың иесі өзінде шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, өнер ықпалында өмір сүрді.

Көк түсті қалпақтың иесі зерттеушінің қасиетін игерді, өмірде болған түрлі жағдайларды анықтауға үйренді.

Бірнеше жылдардан кейін қалпақшының балалары бірге жиналып бір шешімге келді. Бір қалпақ тек бір адамға ғана арналмаған, егер бір адам бірнеше қалпақты кезекпен кисе, онда ол бақытты да бай болады.

Рефлексия жасау. Бұл аңыздың педагогикалық қабілеттерге қатысы бар ма?

7. тақырып. Педагогикалық шеберлікте актерлік шеберліктің элементтері.

Ертегіні рөлдік ойын арқылы көрсету.



«Мектеп ертегісі» Т.Зинкевич-Евстигнееваның.

Бір ертегі елінде, әдемі және жылдам өзеннің жағасында Шаһар тұрды. Тағы ерте заманғы уақытта баяғы басқарушылар бұл Шаһарға барлық дана кітаптарді әкелді, залдарды ыңғайлы етіп, орналастырып, ертегі мектебін ашты. Бұл елдің кішкентай тұрғындары өмірдің заңдарын біле бастады, баяғы білімдерді меңгеріп, өзіңің қабілеттерін тани бастады. Көптеген мұғалімдер мектептен ауыстырылды. Міне, енді бұл мектепке жаңа мұғалімдер келді. Олар Маугли, Көртышқан және Инелік. Сізге олардың бірге болмауы әр түрлі ертегі кейіпкері болғандықтан оқыту да қиын болады деп көрінер.

Иә, дұрыс, Маугли өз оқушыларымен көп ойнайтын. Ол өзі оқытты және өзін оқытуға да берді. Оған барлығы қызық болды, ол ешқашан сабағын бірыңғай жүргізбейтін. Ол шығармашыл және фантазёр (қиялыгер) болды.

Көртышқанға Мауглидің сабақ өткізуі ұнамайтын. Өйткені, Көртышқан өте ақылды болды және барлығын әрқашан «дұрыс» істейтін. Көртышқан жаңа ой жарыққа шығуын ұнатпады. Оқушылар оның сабағында көптеген жаңалықты біліп отыратын. Бірақ, олар соншалықта көп болғандықтан олардың бастары сол білімдерді қабылдай алмайтын.

Инелікке келсек, ол ерекше мұғалім болды. Оның оқу залында үлкен алтын шектеуі бар айна тұратын. Сабақты өткізгенде ол, сол айнаға қарай беретін. Оған өзіңің омыртқасы мен қанаттарының түстерінің алмасуы ұнайтын. Ал, үлкен көздері! Иә, әрине олар ғажап. Инелік өзіне қатты ұнайтын, оған өзінің сабақ беруі ұнайтын. Бірақ оның сабақтары басқаларға ұнай қоймайтынын сезетін. Шыңында, оған мектеп шаһарында өзін-өзі толық көрсете ала алмайтындай көрінді. Мұндай ғажап үшін оқушылардың пікірі ештеңе де тұрмайды. Инелік өзін қажетсіз сезінуі туралы айту керек пе?

Мектеп шаһары босаған кезде сабақтан кейін Инелік Көртышқан мен Мауглиге ұшып кететіні туралы айтатын. Ол мында уақытша екенін білу маңызды болып келді. Көртышқан оған мысқалдасса, Маугли таң қалатын.

Міне, бір күні Инелік былай дейді: «Бітті, менен жетер! Маған мына топас оқушылар мен олардың ата-аналары жетіп бітті! Бұл шаһардың өзі де сондай жағымсыз! Мен мұнда келгім келгенде ғана ұшып келемін!»

Мұны айта сала, ол өзінің әдемі қанаттарын қаға ұшып кетті. Бұл күннен бастап мектептің күнделікті ритмі (ырғағы) бұзылды. Көртышқан сөйлегіш болып кетті. Маугли тынышсызданды. Көртышқан Мауглидің жақсы оқытпайсыз деп тиісті. Ал, Маугли оны қызықсызсың деп ашуландырды. Инелік өз еркімен келіп, бірде біреуін, екіншіде басқасын жақтады. Иә, мектеп шаһарында жағымсыз жағдай болып қалды. Ең жаманы барлығы бұл жағдайдың ұзақтығынан ба, әйтеуір олар оған үйреніп кеткендей болды. Бір күні мектеп шаһарына Аю Балу келді. Ол ақкөңіл әрі көңілді болды, түрлі оқиғаларды білетін және ол даналық пен өмірлік тәжірибеге ие болатын Шаһарға ол әдейі келген. Ол өзінің білімімен оқушымен, мұғалімдермен бөліскісі келді, олардың өмірлерін қызықты әрі түрлендіргісі келді, олардың ертегі әлемінде неше түрлі қызықты болатыны туралы айтқысы келді, бір-біріне шыдамды, әрі ақкөңілдікпен қарауға үйреткісі келді.

Балудың келуін әркім өзінше қабылдады. Оқушыларды ол қызықтырды, Көртышқан мысқылдайтын, Инелік қанаттарын түзесе, Маугли онымен тез тіл табысып келді. Иә, дейсіздер сіздер, олар бір ертегіні ғой! Иә, олар жай ғана бір ертегіде ғана емес, олар бір мақсатты көздеді деп айтуға болады. Маугли Балудың ақылын өмір бойы күткендей сезінді. Енді Мауглидің шығарған өнері Балудың әкелген кітаптарымен дәлелденді. Өмір қызық кетті, өйткені оқушылар да оны сүйіп тыңдайтын болды. Инеліктің Балудан көңілі қала бастады. Өйткені, ол Инеліктің қанаттарына таң қала бермейтін, Көртышқын өзін шеттеулі болып сезінді. Міне, сонда Балу үлкен жиын ұйымдастырды. «Достарым, менің», - деп бастады ол, - мен мұнда келе жатқанда осыншама түрлі ғажап мұғалімдерді көрем деп ойламап едім. Әрқайсысын жақсы оқытудан басқа сіздердің әрқайсыңыз ерекше даналыққа иесіздер. Инелік ұша алады, Көртышқан – жер астында жүре алады, ал Маугли онымен жеңіл жүре алады. Барлығың біріге, қабілеттерінмен мықты күшті құрай аласыздар. Сіздер ойлаңыздаршы: сіздер көкке, жер астында, жер үстінде не болып жатқанын айта аласыздар».

«Сонымен не?» - деп Көртышқан мен Инелік бұрқ ете түсті. Ал, маугли қызығушылықпен тыңдап отырды.

«Жер ағаштардың тамырларын қалай сақтайды, солай Көртышқан да бізге аманат етілген ата-бабаларымыздың қалдырған білімдерін сақтамай ма? Көртышқан оларды тек қана сақтамайды, сонымен бірге өзінің оқушыларына оны дәл насихаттайды. Ауа жаңалықты қалай тасымалдаса, Инелік те барлық жерде ұшып көптеген жаңалықты бізге әкеліп қана қоймай, біздің жұмысымыз бен оған қызығушылығымызды тудыра біледі. Ал, жаңалықты жүзеге асыру мен толық меңгеруді Мауглиден ешкім жақсы ете алмайды». Көртышқан, Инелік және Маугли бір-біріне қарап жымиды. Олардың күлкісі Шаһардың қабырғаларына сәулеленіп, жарқыратып әкетті. Осы кезде Көртышқан жарықтан тайсалмады.

«Балу, сен бізді түсінбейсің деп ойладық! Ал, сен біздің ұмытқанымызды қайта жаңғырттың!» Содан бастап Көртышқан, Инелік, Маугли және Балу үлкен жиналысқа жиі жиналуда. Олар бір-бірімен өздеріңнің бақылауларымен, ойлармен, білімдерімен бөлісті. Олардың әрқайсысы өзін қоректі әрі қажет боп сезінді.

Ал, мектеп Шаһары жарқырап ғажап тартымды күшке ие болды: ол өзіне барлық жақсылық пен ашықтақты тартты, сол арқылы онда «Бірлік» болды.
8. тақырып. Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзыреттілік.

Тапсырма №1. Сабақтан үзінді көрсету.

Тапсырма №2. Бір сабақ үлгісін журналдардан таңдап, мұғалімнің шеберлігіне баға беру.

Педагогикалық жағдаяттарды саралау.

Алтыншы сынып оқушысы Әділ, өркөкірек, дөрекі, білектің күшіне сенетін оқушы болатын. Кейінгі кезде бос уақытын мектептің зоологиялық бұршында өткізіп, асыранды қояндарды күтіп, санын көбейте бастады. Артықтарын мектеп асханасында өткізіп тұрды. Бір күні сынып жиналысында әрбір оқушыға мінездеме беріліп, Әділге келгенде пікірлері екіге бөлінді. Пән мұғалімдері мен вожатый оның әлі түзеле қоймағанын дәлелдесе, кластас құрбылары оны жақтап, түзелгенін, қоғамдық жұмыстарға қатысып , сабақ үлгірімі де жақсарғанын айтып, үлгілі мінездемесіне «қанағаттанарлық » бағасын қоюды талап еткен. Бұл жағдайда сынып жетекшісі не істеген болар еді ?
9. тақырып. Педагогтың өзін-өзі үздіксіз жетілдіру қажеттілігі.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет